Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстанда 2014 жылғы өрттік қауіпті маусым мерзімдері белгіленді

Қазақстанда мемлекеттік орман қоры аумақтарында өрттік қауіпті  маусымның мерзімі белгіленді. Республиканың оңтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде өрттік қауіпті маусым 1 сәуірден 10 қарашаға дейін, ал солтүстік аумақтарда – 10 сәуірден 31 қазанға дейін созылады.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/03/102-58/

0
0
198

«KADEX–2014»: бүгінге дейін екі жүзден астам шетелдік компания қатысуға өтінім берді

2014 жылғы 22-25 мамыр аралығында Астанада Халықаралық «KADEX–2014» үшінші қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі өткізіледі. «KADEX» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі – қорғаныс өнеркәсібі саласындағы соңғы жетістіктерді көрсететін және мамандар үшін тәжірибе алмасуға баға жетпес алаң болып табылады. Осыған дейін өткізілген екі бірдей «KADEX» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінің тәжірибесі шетелдіктер тарапынан отандық өнім өндірушілерге қызығушылықтың артқанын аңғартады. Көрмені өткізу барысында отандық және шетелдік өндірушілер шығарған Құрлық әскерлерінің қару-жарағы мен әскери техникасын көрсету жоспалануда. Алда өткізілгелі отырған көрменің басты ерекшеліктерінің бірі ондағы секцияларға қойылатын экпонаттардың ауқымдылығында. Мұнда ғарыштық техно…

0
0
396

Қарағандылық самбошы Бейімбет Қанжанов Әлем кубогында алтын медаль иеленді

Қарағандылық самбошы Бейімбет Қанжанов «Харлампиев мемориалы» Әлем кубогында жеңімпаз атанды. Мәскеу қаласында 25-26 наурыз күндері өткен Әлем кубогына 29 елден 300-ге жуық спортшы қатысқан. Бұл дүбірлі додада Қазақстанның намысын Шымкент, Орал, Ақтөбе, Талдықорған, Алматы, Астана, Түркістан, Атырау және Қарағанды қалаларынан барлығы 35 спортшы қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық самбошылар тоғыз жүлделі орынды олжалады, оның ішінде алты қола, екі күміс және бір алтын медаль бар. Алтынды 52 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қарағандылық Бейімбет Қанжанов иеленсе, Райымқұлов Болатбек (52 кг) пен Жылқыбаева Әлия (80 кг) күміс жүлдегерлер атанды. Ал қола жүлдені Қайранбеков Серік (57 кг), Қуанов Есет (62 кг), Абдамит Арслан (100 кг), Тұрмаханова Гаухар (48 кг), Тайжанова Қалжан (72 к…

0
0
589

Голландиялық қазақ Мұрат Өнал шымкенттік команданың ойыншысы атанбақ

Бірінші лигада өнер көрсететін Шымкенттің «Қыран» командасына голландиялық қазақ футболшы Мұрат Өнал қосылатын болды. Наурыз айының басында Түркияның Алания қаласында өткен оқу-жаттығу жиынында бапкерлердің көңілінен шыққан Мұрат жаңа маусымды «Қыранда» бастайды. «Аякс» мектебінің түлегі, бұрын Бельгия, Голландия, Финляндия командаларының формасын киген қандасымыз алғаш рет атамекеніне аяқ баспақ. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлайды. Айта кетейік, бірінші лига ойындары 6 сәуірде басталады. «Қыран» командасы бірінші турда «Астана-64» командасын қабылдайды. Мұрат Өнал 1987 жылы 20 шілдеде Түркияның Салихли қаласында дүниеге келген. Қазіргі тұрғылықты жері — Амстердам (Голландия). Бойы — 179 см, салмағы — 76 кг. Ойнаған командалары: 2006-2007 жж. — Брюг…

0
0
350

Астаналық «Барыс» Гагарин кубогы үшін жарысты аяқтады

Астананың «Барыс» командасы ҚХЛ плей-офф кезеңінің екінші айналымының алтыншы матчында «Салават Юлаев» командасына есе жіберіп алып, Гагарин кубогы үшін жарысты аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Кездесу Уфа қаласында өтіп, 3:2 есебімен жергілікті команданың жеңісімен аяқталды. Ойындағы алғашқы есепті алаң иелері ашты. Атап айтқанда, Иван Вишневский 4-ші минута ашса, 13-ші минутта барыстық Евгений Блохин есепті теңестірді. Матчтың екінші кезеңінде бірде-бір шайба соғылмады. Ал үшінші айналымда қақпаға үш бірдей гол соғылды. Ойынның 43-ші минутында Игорь Мирнов ерекше көзге түсті. Ал 52-ші минутта Антон Слепышев есепті 3:1 көрсеткішіне жеткізді. Матчтың аяқталуына 3 минут уақыт қалғанда Найджел Доус қарсыластарға бір шайба салғанымен, алаң иелері соққыны одан әрі еселеуге мүмкіндік…

0
0
256

«Астана арландары» неміс боксшыларынан басым түсті

«Астана арландары» неміс боксшыларынан 3:2 есебімен басым түсті, деп жазады kazsporttv.kz. Дүниежүзілік бокс сериясының ширек финалындағы «Team Germany» мен «Астана арландары» кездесуінің соңғы жекпе-жегінде 91 келі салмақтағы боксшылары шаршы алаңға шықты. Бұл жекпе-жекте Василий Левитке германиялық Артур Манн қарсылас атанды. Манн топтық кезеңде екі рет жекпе-жек өткізіп, біреуінде ғана жеңіске жеткен. Ал әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Василий Левит топтық бәсекеде өткізген төрт жекпе-жектің барлығын жеңіспен аяқтаған. Бұл жолы да қазақстандық боксшы жекпе-жекті өз пайдасына шешілді. Василий Левит кезекті жеңісіне қол жеткізіп қоймай, ширек финалдың алғашқы кездесуінде «Астана арландарына» жеңіс әкелді. Қорытынды есеп: «Астана арландары» мен «Team Germany» - 3:2. Бұған дейін Мей…

0
0
389

«Барыс»-«Салават Юлаев» арасындағы серия ҚХЛ -дың ең қызықты тартысы деп танылды

Ресейдің Чемпионат.com порталы жүргізген сауалнамасы бойынша Гагарин кубогындағы астаналық «Барыс» пен уфалық «Салават Юлаев» арасындағы ширек финалдық серия бүкіл Құрлықаралық хоккей лигасындағы ең қызықты тартыс болып танылды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Шығыс конференциясының финалына осы екі командадан 4-2 есебімен жеңіске жеткен «Салават Юлаев» шықты. Ал «Барыс» өз тарихында тұңғыш рет Гагарин кубогының екінші айналымына өтті.

Айта кетейік, Шығыс конференциясының финалында «Салават Юлаев» енді магнитогорскілік «Металлургпен» ойнайды. Ал Гагарин кубогының басқа жартылай финалында прагалық «Лев» пен ярославтық «Локомотив» күш сынасады.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
310

50 жылдық үзілістен кейін «Айсұлу» операсы көрермендермен қайта қауышты

ҚазАқпарат, 29.03.2014 «Бүгінгі «Айсұлу», қазіргі заманғы қыздардың жиынтық бейнесі, сонымен қатар, өмірде махаббат пен арман, мақсат тоғысқан жерде дұрыс шешім қабылдаудың жарқын үлгісі». Бүгін Алматыда Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өткен «Айсұлу» операсынан алған әсерін, осы туындыны жазған композитор Сыдық Мұхамеджановтың қызы Ләйла Мұхамеджанова осылай жеткізді. Оның айтуынша, бұл операның тәрбиелік мәні өте зор. Бүгінгі бойжеткендер де сахнадағы Айсұлу секілді алдарына нақты мақсат қоя біледі. Соған жетуге барынша күш салады. Мінезді, қайсар келеді. Бірақ қалай болғанда да, Айсұлу секілді махаббатқа адал болулары тиіс. «Опера түсінуге өте жеңіл, XXI ғасырдың жастарына өте лайықты бейімделген. Бұл комедиялық опера енді сахнадан түспей, ұзақ уақ…

0
0
976

Kaznet Digest немесе қазіргі жастарға ұсынар i-тағам

Демалыс күндердің бір кешкісінде отырып, күнделікті интернет шолуымның кезі былай өтеді. Әдетте әлем және ел жаңалықтарымен танысып, кейін өзіме қызық және дамытатын әсерлі блогтарды оқып пікір алмасамын, кейде жеке басым жазып та қоятыным болады. Кезекті шолуым youtubeтан жаңа бір нәрсені үйреніп, арасында КВН видеороликтерін қарап көңілімді көтерісімен аяқталады. Бұл рутиналық тәртіп, байқағанымдай, достарым арасында жиі кездеседі. Қазіргі жастар бұрыннан көп оқиды, таниды. Бірақ ол қағаз кітап формасында емес, жаңаша заманға байланысты интернеттегі мақалалар мен посттар, электронды журналдар мен кітаптар, видеосабақтар. Сондай-ақ, жаңа адамдармен сұхбаттасып, пікір алмасады. Осылай көп уақыт өткізетіні рас. Олар әлемде не болып жатқаны, қандай мәселе де болсын оның өзектілігін аңғарып,…

0
0
1817

КРАСОТА изнутри или «Қазақ Аруы 2014»

16 марта впервые в Астане прошел конкурс "Қазақ Аруы - 2014", организованный всеми известным продюсером Баян Есентаевой. Конкурсу уже 4 года, но именно здесь он проводился впервые. Уже в других новостных источниках Вы видели четко отработанные кадры со сцены и результаты конкурса. А я Вас проведу в закулисье одного из самых красивых конкурсов страны. Там не менее весело) Все мы понимаем насколько жестким проходит отбор, если это проект Баян Есентаевой. Девушки в возрасте от 16-22 лет должны иметь не только бесспорно природную восточную красоту с ростом 170 см и длинные волосы, но и отлично владеть государственным языком, знать традиции и обычаи казахского народа. Кастинг проходил только в двух городах - Астаны и Алматы. Количество желающих претенденток не уточняла. Зато знаю сумму участия…

2
5
6495