Жаңа
Қазақстан мен Қытай Қорғаныс министрлері екіжақты ынтымақтастықты талқылады
Тәжікстанда Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері Кеңесі шеңберінде Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Әділбек Жақсыбеков Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Чан Ваньцюанмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар қазақ-қытай әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.
Қытай Қорғаныс министрлігі ағымдағы жылы Қазақстанда өтетін екі үлкен іс-шара «Алтын үкі» мергендер жұбы жарысы мен «KADEX-2014» үшінші халықаралық көрмесіне қатысатынын растады.
Әділбек Жақсыбеков пен Чан Ваньцюань тату көршілік және достық қарым-қатынастық негізде құрылған Қазақстан-Қытай өзара тиімді ынтымақтастығының жемісті дамуына сенім білдірді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
ҚР Қорғаныс министрлігі 1 сәуірден бастап азаматтық қызметшілерінің еңбекақысын өсіреді
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін бүгіннен бастап ҚР Қорғаныс министрлігі барлық азаматтық қызметшілерінің еңбекақыларын көтерді.
2014 жылғы 14 ақпанда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында 2014 жылғы 1 сәуірден бастап азаматтық қызметшілер мен жұмысшылардың еңбекақысын 10 %-ға көтеру туралы тапсырма берді.
Аталған тапсырманы орындау үшін Үкімет «Азаматтық қызметшілерге, бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтырулар енгізу туралы 2014 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 269 қаулысы қабылданды және ол 1 сәуірден бастап күшіне енеді. Осы қаулыға сәйкес 19-қосымшаға мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық жалақыдан 10 % үстемақы белгілеу туралы толықтыру енгізілді.
Соған байланысты, ҚР ҚК азаматтық персоналдарына үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап еңбекақыны есептеу жоғарыда аталған үстемақымен қоса жүргізілетін болады.
Қазақстанның Қарулы Күштерінде 19 мыңға жуық азаматтық қызметшілер қызмет өткеруде.
- Мұндай елеулі өзгерістер бізді алға жетелері анық. Азаматтық қызметкерлердің еңбекақысының қосылуы сапалы кадрларды тартуға, сондай-ақ мемлекетіміздің қызметінің жоғары деңгейден көрінуіне мүмкіндік береді, - деп атап өтті ҚР ҚМ Бюджеттік жоспарлау және қаржы департаменті бастығының орынбасары Төлеген Құсыманов.
ҚР Қарулы Күштерде жалақының өсуі жүйелі түрде жүргізілетінін ескере кеткен жөн. 2009-2010 жылдар аралығында еңбекақы 2 есеге өсті.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
Қазақстанда тұңғыш рет парниктік газдар шығарындыларының квоталары саудаға шығарылды
2014 жылдың 28 наурызында Қазақстандатұңғыш рет парниктік газдар шығарындыларының квоталары саудаға шығарылды.«Каспий» тауар биржасында өткен саудаға 5 компания өкілдері қатысып, нәтижесінде 4 мәміле тіркелді. Жасалған мәмілелердің жалпы көлемі СО2 газының 32 044 тоннасынқұрады. СО2 газының 1 тоннасы үшін белгіленген квота бірлігінің бағасы 455 теңгені ( мәміле жасалған күнгі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағамы бойынша $2,05) құрады.
Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде
2014 жылдың 27 наурызында Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекторлары Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық ішкі істер басқармасы мен прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесіп, балық қорғау шараларын жүргізді.
Тарбағатай ауданы аумағымен өтетін Майқапшағай – Омбы тас жолында олар жергілікті тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Уаз-469» автокөлігін тоқтатып, тексерді.
Қазақстан Қорғаныс министрлігі көктемгі әскерге шақыру науқанын бастады
Бүгін, 2014 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасында көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын
2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке әскерге шақыру туралы» 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 Жарлығына сәйкес бүгін республиканың барлық қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінде әскерге шақыру комиссияларының жұмысы басталады.
2014 жылғы көктемде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 11 мыңнан астам адам әскерге шақырылатын болады. Қорғаныс министрлігі үш мыңға жуық жас буынды Қарулы Күштер қатарына шақырса, қалғандары Ішкі әскерлер мен Шекара қызметі, Республикалық ұлан, Төтенша жағдайлар министрлігі әскери бөлімдеріне жіберілетін болады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен мекемелерін жас буынмен жасақтау мақсатында ҚР Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақырылуы тиіс әскерге шақырылушыларды алдын ала зерделеу және іріктеу жөніндегі іс-шараларды өткізді. Ағымдағы жылдың 10 қаңтар мен 28 наурыз аралығындағы кезеңінде әскерге шақыру контингентін зерделеу жүргізді. Зерделеу әскерге шақырылушының өзімен, оның ата-анасымен немесе олар тәрбиелеуінде болған адамдармен, сондай-ақ әскерге шақырылушы жұмыс істейтін (оқитын) кәсіпорын (оқу орны) әкімшілігінің өкілдерімен жеке әңгімелесу жолымен жүргізілді.
Жеке әңгімелесулер барысында жас жігіттердің моральдық және іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, дене тұрғысынан дамуы, жалпы білім беру және арнайы даярлығы, отбасы жағдайы туралы мәліметтер нақтыланды.
Әскерге шақырылушылардың жеке істерін сапалы зерделеу үшін облыстардағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер органдары, АХАЖ, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау органдарының өкілдерімен жұмыс жүргізілуде.
Биыл әскери бөлімдерді жасақтау тек аумақтан тыс қағидат бойынша жүзеге асырылатын болады. Іріктеу және әскери бөлімдерге бөлу кезінде әскерге шақырылушылардың әскерге шақыруға дейін алынған қолда бар мамандығы ескерілетін болдаы.
Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны 2014 жылғы 27 маусымда аяқталады.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
Бүгін 2014 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы VIENNAFAIR компаниясының Көркемдік жетекшісі Кристина Штенбрехер-Пфандт ханыммен кездесті
Бүгін 2014 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы VIENNAFAIR компаниясының Көркемдік жетекшісі Кристина Штенбрехер-Пфандт ханыммен кездесті.
Кездесу барысында қонақтар VIENNAFAIR компаниясының қызметі туралы сөз етіп және қазақстандық тарапты 2014 жылғы қазан айында Вена қаласында (Аустрия) өтетін халықаралық көрмеге шақырды. Министр өз кезегінде шақыруды қабылдады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынастрады одан әрі дамытуға келісті.
Бүгін 2014 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников мырзамен кездесті
Бүгін 2014 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников мырзамен кездесті.
Кездесу барысында Министр екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуын жоғары бағалап, одан әрі қарым-қатынастардың, оның ішінде мұражай ісі және театр өнеріндегі қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Бочарников мырза кездесу үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті.
Наснимали тут #3: Кемпір (видеорецензия)
Думаю, многие из вас видели предыдущие фильмы Ермека Турсунова – «Келін» (также известный, как «Невестка») и «Шал» («Старик»). «Шал» даже некоторое время держался в списке топ-250 «КиноПоиска» - что показательно. В конце марта на экраны вышла его третья режиссерская работа – «Кемпір». О ней – в этом выпуске.
Приветствуются дельные комментарии к посту и непосредственно под видео: разумная критика и толковые предложения помогут нам сделать передачу интереснее (во всяком случае, хочется на то надеяться).
Подписывайтесь на канал, ставьте лайки, смотрите хорошее кино. И да пребудет с вами Сила.
Кездесу мен қоштасу
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Кездесу мен қоштасу,
Егіз сезім, болғандай.
Табу, әлде жоғалту,
Сағыммен, баурап алғандай.
Күн күркіреп, тұрғандай,
Жаңбырымен нөсерлеп.
Сездім, сезім салқынын,
Болды бұған, кім себеп?
Қайда кетті, көктемім?
Жарқыраған күнімен.
Жылап тұрған, жүрегім,
Бұл жаңбырмен, егіз бең?
Оранды – ау, ағаш сарыға,
Жоғалтып бүгін, жапырағын.
Кеттік пе әлде, асыға?
Жоғалтып алып, бақ тағын.