Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ярослава Шведова жарыстың екінші раундына шықты

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Чарльстондағы WTA турнирін оңайлықпен келмеген жеңіспен бастады, деп хабарлады sports.kz.

Жарыстың бірінші айналымында әлемдік рейтингте 55-орындағы 26 жастағы Шведова әлемнің 147-ші ракеткасы 20 жастағы қытайлық Сайсай Чженмен кездесті.

Шведова қарсыласын үш партияда 6/2, 3/6, 7/5 есептерімен жеңген. Ойынға 2 сағат 6 минут кеткен.

Жарыстың екінші раундтағы матчын Ярослава енді жетінші нөмірлі австралиялық Саманта Стосурмен өткізеді.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
268

Осы тақырып бойынша

Ярослава Шведова жарыстың екінші раундына шықты - Yvision.kz