Мазмұнға өту

Жаңа

ФУТБОЛ: Франция — Қазақстан 7:0

Футболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының 7-ші іріктеу тобында Қазақстан құрамасы сырт алаңда француз қыздарына 0:7 есебімен ойсырай ұтылды, деп хабарлайды sports.kz. Алғашқы таймның өзінде Франция бес жауапсыз доп соқты, үзілістен кейін үшжолақтылар тағы екі мәрте біздің қақпаны дәл көздеді. Мари-Лор Дели, Камиль Абили мен Гаэтан Тиней қос-қостан доп тоғытса, Элоди Томис бір рет қақпашымызды қапы қалдырды. Қазақстандық қыздар қарсыластар қақпасына қарай бірде бір соққы бағыттай алмады. Алты ойыннан кейін бір ұпай еншілеген Қазақстан әйелдер құрамасы турнир кестесінің соңынан ойып тұрып орын алған. 7 мамыр күні Калоян Петков баптайтын команда Болгариямен өз алаңында ойнайды. Франция - Қазақстан 7:0 (5:0) Голдар: Дели 9 (1:0), Дели 12 (2:0), Томис 14 (3:0), Абили 21 (4:0), Абили 24 (…

0
0
297

«Astana Arlans-тың» 1/2 финалдағы қарсыласы белгілі болды

Бүкіләлемдік бокс сериясының 1/2 финалында қазақстандық «Astana Arlans-тың» қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды sports.kz «Dolce & Gabbana Italia Thunder» - «Azerbaijan Baku Fires» жұбының жеңімпазы біздің командаға қарсылас атанатын еді. Бакуде 0:5 есебімен ұтылған итальяндықтар өз шаршы алаңында 4:1 есебімен қарымта қайтарды. Алайда бұл жеңістің өзі жартылай финал жолдамасын қалтаға басуға жеткіліксіз болды. Келесі кезеңге Әзербайжандық команда өтті. «Astana Arlans» - «Azerbaijan Baku Fires» WSB жартылай финалының алғашқы матчы 26 сәуір күні Астанада өтеді. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен ширек финалдық қарымта матчта «Astana Arlans» германиялық клубты 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Ал Германияда «арландар» 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді. Басты сөздер: Спорт АСТАНА. ҚазАқ…

0
0
210

Қазақстан Дэвис Кубогының жартылай финалына өте алмады

Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис Кубогында Женевада 2:3 есебімен Швейцарияға жол берді, деп хабарлады sports.kz.

Шешуші кездесуде Роджер Федерер үш сетте Андрей Голубевтің қарсылығын тойтарды — 7:6, 6:2, 6:3.

Еске сала кетейік, әуелде Андрей Голубев Станислас Вавринканы, ал Роджер Федерер Михаил Кукушкинді жеңген болатын. Жұптық кездесуде Андрей Голубев пен Александр Недовесов Федерер мен Вавринкадан күштірек болып шықты. Бүгін Вагринка Кукушкинмен жекпе-жекте есепті теңестіріп кеткен болатын.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
221

Шведова Family Circle Cup турнирінің жұптық сайысында жеңімпаз атанды

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова испандық спортшы Анабель Медина Гарригеспен жұптасып, АҚШ-та Family Circle Cup халықаралық турнирінде жеңіске жетті.

Чарльстонда өткен доданың жалпы сыйақы қоры 710 мың АҚШ долларын құрайды.

Ақтық сында Шведова/Гарригес жұбы тайпейлік Хао-Чин Чан/Янг-Жан Чан дуэтін 7:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Бұның алдында олар тартысты өткен жартылай финалдық бәсекеде АҚШ теннисшілері Ракель Копс-Джонс пен Эбигейл Спирстен 7:5, 6:7, 10:8 есебімен басым түскен болатын.

Осы жеңістен кейін Шведова мен Гарригес 38 мың доллар ұтып, WTA рейтингісінде 470 ұпайдан иеленді.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
235

Алматы облысында полицейлер аты аңызға айналған генерал Әбдіқадыр Болсамбековпен қоштасу рәсімін өткізді.

Алматы облысында полицейлер аты аңызға айналған генерал Әбдіқадыр Болсамбековпен қоштасу рәсімін өткізді. «ҚазАқпарат», 07.04.2014ж. Белгілі генерал Әбдіқадыр Болсамбековпен қоштасу рәсіміне мыңға жуық полицейлер қатысты. Полиция қызметкерлерінен жасақталған дәліз 400 метр жерге созылды. Алматы облысы Ішкі істер департаменті ғимараты алдында өткен қоштасу рәсімінде аймақ басшылары, Қазақстанның барлық өңірлерінен келген генералдар мен ардагерлер сөз сөйледі. Осы шара барысында аты аңызға айналған генералдың мәйітін жас офицерлер жауынгерлік бронетранспортермен алып шықты. Генералды жерлеу рәсімінде полиция офицеріне лайық сый-құрмет көрсетіліп, ол қалалық зиратта жерленді. Бұдан бұрын хабарланғандай, 3 сәуірде 91 жасқа қараған шағында аты аңызға айналған запастағы генерал-майор, Ұлы Отан…

0
0
407

Орал тұрғыны сезімін телефонмен жеткізгені үшін 860 мың теңге қарыз болды

Аптаға созылған "махаббат дастаны" ғашық жігітті қарызға батырды. Өз сезімін телефон арқылы жеткізген Орал тұрғыны "Қазақтелекомға" 860...
Орал тұрғыны сезімін телефонмен жеткізгені үшін 860 мың теңге қарыз болды ЧИТАТЬ ДАЛЕЕ>>>Орал тұрғыны сезімін телефонмен жеткізгені үшін 860 мың теңге қарыз болды

0
0
222

Орал тұрғыны сезімін телефонмен жеткізгені үшін 860 мың теңге қарыз болды

Аптаға созылған "махаббат дастаны" ғашық жігітті қарызға батырды. Өз сезімін телефон арқылы жеткізген Орал тұрғыны "Қазақтелекомға" 860...

Орал тұрғыны сезімін телефонмен жеткізгені үшін 860 мың теңге қарыз болды ЧИТАТЬ ДАЛЕЕ>>>Орал тұрғыны сезімін телефонмен жеткізгені үшін 860 мың теңге қарыз болды

0
0
279

Несиені жарату үшін емес, баю үшін пайдалану қажет!

Банк қызметінің маңызы қазақ қоғамында артып отыр. Елімізде депозит салушылар да, несиені алушылар да т.б. банк қызметтерін пайдаланушылардың саны жыл сайын еселене түсуде. Батыстан келген бұл қызмет елімізге қаншалықты дендеп енді дегенімізбен, банк жүйесі туралы түсінік, жалпы қаржы сауаттылығы жағынан халқымыз ақсаңдауын қояр емес. Несиені белгілі бір жақсы мақсаттарға пайдалану үшін емес, жылтыр нәрсеге жарату үшін алатын тұтынушылардың басым бөлігі қарызын қайтара алмай қиналуда. Ең біріншіден, несие - өндірістік күштерді ынталандырып, ғылыми – техникалық прогресстің негізінде өндірісті кеңейту және капитал көздерін қалыптастыру үшін берілетінін көп адам біле бермейді. Нарықтың заңдылығы бойынша, несие арқылы капитал мен ресурстардың ағымы жүзеге асырылады және жаңа құн қалыптасуы ке…

1
0
605

Қазір адамгершіліктің қажеті бар ма?

Кейбір адамдардың айтуы бойынша, қазіргі заманда табысқа жету үшін адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік, ізгілік қасиеттерін көрсетпеу жөн. Сіздің көзқарасыңыз? Қазiргi заманда бақыт, табысқа жетудiң оңай жолы жоқ. Бәлкiм, осылай бұрын да болса керек. Әсiресе, бизнес саласында шынайы табысқа жету үшiн кейде адамгершiлiк, iзеттiлiк қасиеттерiн ұмытуға да тура келедi. Алайда, бақыт тек қана табыспен шектелмейтiнiн ұмыпайық. Сонымен қатар, мақсаттарына жетерде адам болып қалу керек. Берiлген сұраққа нақты жауап бере алмағандықтан екi жағын да талдап көрсетелiк. Екеуiмен де келiсетiн жауап көзқарас пайда болатын сияқты. Бiрiншiсi, адамгершiлiк, iзеттiлiк пен қайырымдылық принциптерiмен өмiр сүру. Онда адам рухани жағынан бай болып, қоршаған ортасына көмек беріп, сырттағыларды көп ойлау. К…

0
0
1174

Ақтөбеде жастарды әскерге шақырудың көктемгі науқаны басталды

Биыл аймақта Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге бір мыңға жуық бозбала аттануы тиіс. Дәл қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне іріктеу жүріп жатыр. Бұл тізімге жүзге жуық жас сарбаз енгізілетін болады. Ал мамыр-маусым айларында олар ішкі әскер қатарына және Төтенше жағдайлар министрлігі жасақтары құрамына алынады. Әскерге аттанатын әр жігіттің арманы саналатын Республикалық гвардия сапында қызмет ету құрметіне ең үздіктері ғана қол жеткізбек. Жалпы әскер қатарына алынатын жастарға қойылатын талаптар бұрынғыша шымыр денелі, бойы 165 сантиметрден кем емес, орта білімі бар жігіттер ғана Отан қорғау мүмкіндігіне ие бола алады. Сәуірдің бірінен бастап ауылдық жерлерде тұратын жастар медициналық комиссиядан өте бастады. Мейірбек Сансызбаев, Ақтөбе облыстық қорғаныс істері ж…

0
0
526