Мазмұнға өту

Жаңа

Тоқаев Португалия президентін мемлекеттік мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады.

Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген байланыстың жетістікке толы боларына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас португал халқына құт-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi

0
0
133

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия төрағасымен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысына IV Еуразиялық экономикалық форумға және 26-27 маусым күндері Минскіде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы туралы баяндалды.

t.me/aqorda_resmi

0
0
154

Словакия Премьер-министрі Астанаға ресми сапармен келеді

10-11 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келеді

Келіссөздер барысында Қазақстан Президенті мен Словакия Үкіметінің басшысы қазақ-словак серіктестігін кеңейту перспективасын талқылайды.

t.me/aqorda_resmi

0
0
196

Құрылысшылардың құндылығын арттыру – маңызды!

Биыл мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшылар жылы» деп жариялады. Осыған орай, мұның маңыздылығы, мұндағы қызметкерлердің әл-ауқаты мен мүмкіндіктері туралы достарының арасында «Строитель на каблуках» аталып кеткен, «Gulvira Group» компаниясының басшысы Гульвира Бақытжанқызын сөзге тарттық.- Гульвира ханым, құрылыс саласына қалай келдіңіз? Бұл салаға деген қызығушылық қайдан басталды?Ауылдан 6-сыныпта кеттім. 2008-2010 жылдары өзім қабырғаға суреттер (росписьтар) салып жүрдім. Тапсырыс артқан соң, ары қарай команда жинадым. Сөйтіп жүріп толығымен ремонт под ключке өтіп кеттік. Басында көп шығын болды. Көп тәуекелге бардым. Білімнен ақша аяған емеспін. Осындай қиын әрі тәуекелі көп жолдар мені қазіргі жағдайға әкелді.- Қазір қарамағыңызда қанша адам жұмыс істейді? Қандай жоб…

0
0
455

Тоқаев Шахбаз Шарифпен Құрбан айт мерекесі қарсаңында телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті.

➤ Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі бір-бірін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

➤ Әңгімелесу барысында екі ел ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен алдағы перспективасы талқыланды.

t.me/aqorda_resmi

0
0
145

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрімен кездесіп, армияның дамуы бойынша нұсқаулар берді

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады

➤ Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады.

➤ Кездесуде Мемлекет басшысы армияның жауынгерлік дайындығын нығайту, басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, Арнайы операциялар күштерінің мүмкіндігін кеңейту, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғырту бойынша нақты міндеттер жүктеді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
145

Қасиетті Құрбан айт: Бірлік пен ізгіліктің мерекесі

Ардақты ағайын! Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Барша мұсылман қауым үшін қасиетті саналатын бұл мейрам – имандылық пен ізгіліктің символы. Айт күндері мұқтаж жандарға жақсылық жасап, көмек көрсету – ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Асыл дініміз азаматтарды бір-бірін құрметтеуге, жақындарына жанашыр болуға үндейді. Бауырластық пен сыйластықты дәріптейді. Халқымыздың берекелі бірлігі осындай ізгі құндылықтардың арқасында нығая түседі. Құрбан айт – ырысты ынтымақтың мерекесі. Біз еліміздегі тұрақтылықтың қадірін біліп, татулықты сақтау арқылы кез-келген сыннан сүрінбей өтіп, биік мақсаттарға жетеміз. Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз. Құрбан айт кезінде айтылар дұға-тілектер қабыл болсын! Әр шаңыраққа құт-береке қонсын! Айттан айтқа аман-есен…

0
0
398

Astana Ballet театры Benois de la Danse сыйлығында үздік номинанттар атанды

2025 жылдың 17 маусымында Ресейдегі Үлкен театрда Benois de la Danse 2025 беделді балет сыйлығын табыстау рәсімі өтеді. Номинанттар қатарында бірден екі «Астана Балет» театрының әртісі бар. Атап айтсақ, театрдың бас балетмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри және жетекші солист Сүндет Сұлтанов. Биыл Benois de la Danse сыйлығының номинанттарын халықаралық қазылар алқасы анықтады. Биыл оның құрамына Франция, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы, Ресей және Қазақстанның көрнекті балет шеберлері енді. Қазылар алқасының төрағасы әрі бағдарламаның көркемдік жетекшісі — Үлкен театрдың прима-балеринасы,Ресейдің халық әртісі Светлана Захарова. Қазақстандық әртістер Мукарам Авахри қойған «Киелі би» балетінің үзіндісі – «Qash» деп аталатын сахнасын орындайды. Заманауи пласти…

0
0
234

2025 жылғы Экологиялық марафон: Қазақстанды тазартамыз!

Биыл маусымда 2025 жылғы маусым айында Республикасы бойынша Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Экологтар күніне орай және «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында ауқымды республикалық экологиялық акциялар басталды. Іс-шаралардың мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, көпшілікті қоршаған ортаны қорғауға шақыру, табиғатты сақтау. 2025 жылы үш маңызды экологиялық бастама жүзеге асады. Соның бірі – «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы. Іс-шара еліміздің барлық өңірлерінде қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен үш кезең бойынша өтеді. 5-15 маусым күндері туристік және тарихи-мәдени нысандарды мониторингтеу, 16-25 маусымда көгалдандыру, суару және бейберекет қоқыс орындарына қоғамдық бақылау, 26 маусым-5 шілде аралығында жер қойнауын пайдалану саласын бақылау шаралары жо…

0
0
250

2025 жылдан бастап: Үкіметтік емес ұйымдарға арналған грант жүйесінің жаңа ережелері

2025 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) мемлекеттік гранттарды әзірлеу, беру, мониторинг жүргізу және тиімділігін бағалау бойынша жаңартылған Ережелер күшіне енеді. Бұл — азаматтық қоғам институттарын мемлекеттік қолдау жүйесін барынша ашық, нәтижелі әрі ыңғайлы етуге бағытталған гранттық жүйені реформалаудың соңғы кезеңі. Реформа аясында нормативтік-құқықтық база да, негізгі операциялық рәсімдер де жаңартылып, әлеуметтік әсерге бағдарланған және қаржыландыру үлгісіне көшу жүзеге асты. Жаңартылған Ережелер тұрақты әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізуге, рәсімдердің ашықтығына және мүдделі тараптардың белсенді қатысуына басымдық береді. Негізгі жаңалықтар: – Екі кезеңді іріктеу механизмі: Енді жобалар алдымен тәуелсіз сараптамалық бағалаудан ө…

0
0
276