Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан мен Иран Президенттері Құрбан айт қарсаңында телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті

📞 Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа, тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

✔️ Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы қарастырылды.

✔️ Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

t.me/aqorda_resmi

0
0
158

Конституциялық реформа: Қазақстанда жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуы

Осыдан тура үш жыл бұрын елімізде жалпыұлттық референдум өтіп, азаматтарымыздың көпшілігі Конституцияны жаңарту туралы бастаманы қолдады. Соның нәтижесінде Ата Заңымыздың үштен бірі өзгерді. Конституциялық реформа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді жан-жақты жаңғыртуға арналған стратегиялық бағдарын жүзеге асыруға берік институционалдық негіз қалады. Атап айтқанда, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаудың аралас жүйесі енгізілді, әйелдер мен жастарға 30% квота белгіленді, партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Президент өкілеттігінің жеті жылдық бір ғана мерзіммен шектелуі маңызды жаңалықтың бірі болды. Конституциялық Сот құрылып, адам құқықтарын қорғау тәсілдері күшейтілді. Ата заңға жер және оның қойнауы халыққа тиесілі деген норма енгізілді. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы осы е…

0
0
213

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінде киберқорғаныс жобаларын қарады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысына киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері, үкіметтік және қызметтік байланысты дамыту жобалары көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамаларды тыңдап, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтару және еліміздің маңызды инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасаудың маңызын атап өтті.

Жиын соңында Президент аталған бағыттағы іс-қимылды жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
169

Болгария Президенті Румен Радев Қазақстанға ресми сапармен келеді

8-9 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария Президенті Румен Радев елімізге ресми сапармен келеді

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында қазақ-болгар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының перспективасы талқыланады.

t.me/aqorda_resmi

0
0
153

Мемлекеттік рәміздер күні: Бірлік пен мақтаныш символдары

Бүгін – Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күні! Бұл ерекше мереке — Ту, Елтаңба және Әнұран сияқты мемлекеттігіміздің басты нышандарының маңызын еске салатын күн. Біздің тарихымыз бен мол мәдени мұрамызды, халықтың жүрегіндегі ортақ сенім мен бірліктің көрінісі. Мемлекеттік рәміздер бүкіл халықты біріктіріп, Отанға деген сүйіспеншілікті оятып, жүрекке мақтаныш сезімін ұялатады. Осы мерекеге орай Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы арнайы бейнеролик дайындады. Т. Әбдірашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр, Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы, Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі, Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, ағаш үрмелі аспаптар квинтетi мен классикалық гитарашылар квинтетi, сондай-ақ филармо…

0
0
217

Мемлекеттік рәміздер: Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары

Государственные символы Казахстана

Мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба және Әнұран еліміздің тәуелсіздігін, тарихы мен мәдениетін айқындайды.

Бұл мереке – рәміздерімізді құрметтеп, мақтан тұтып, олардың мәні мен маңызын жете түсінуге үндейді.

Атаулы күні елімізге бейбітшілік, ынтымақ және жарқын болашақ тілейміз!

Государственные символы – Флаг, Герб и Гимн – являются олицетворением независимости, истории и культуры нашей страны.

Этот праздник призван укрепить дух единства, любви к Родине и патриотизма. Ведь каждый гражданин страны с уважением относится к государственным символам, гордится ими и хранит их значение в своем сердце.

В этот знаменательный день желаем всем мира, согласия и светлого будущего!

0
0
172

Еңбек және әлеуметтік даму: Мемлекет басшысы алдағы жоспарларды таныстырды

Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды. Негізгі көрсеткіштер: биылғы 1 мамырға дейін 157,8 мың адамды еңбекпен қамту шаралары жүргізілген; 143,2 мың азамат жұмысқа орналастырылған; жыл басынан бері 232 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген. ➤ Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету: жүйелі жұмыстың нәтижесінде өндірістік жарақат алу көрсеткіші биылғы І тоқсанда 17 пайызға төмендеді; өлімге әкеп соғатын қайғылы оқиғалар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға азайды; кәсіптік тәуекелдерді анықтау, бағалау және алдын алу, сондай-ақ еңбек қатынастарын декларациялау тетіктерінің автоматтандырылған жүйесі енгізіліп жатыр. ➤ Цифрландыру: министр әлеуметтік-экономикалық орнықтылық пен осал от…

0
0
164

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы инвестициялық ынтымақтастық: жаңа келісім ратификацияланды

Официальный документ о ратификации соглашения между Казахстаном и Кыргызстаном

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Кабинетом Министров Кыргызской Республики о поощрении и взаимной защите инвестиций»

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi

0
0
154

Қазақстандықтар арасындағы достық байланыстар қаншалықты берік? ҚСЗИ әлеуметтік сауалнама деректерін жариялады

Қазіргі таңда ұлттың заманауилығы тек экономикалық көрсеткіштермен немесе технологиялық дамудың деңгейімен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қатынастардың сапасымен, үстемдік ететін құндылық бағдарларымен және тұлғааралық өзара әрекеттестік түрлерімен айқындалып келеді. Осы тұрғыда достық ұғымы әлеуметтік құрылымды және мәдени жаңғыруды талдауда барған сайын маңызды мәнге ие.Әлеуметтануда достық — бұл тұрақты әрі өзара әлеуметтік байланыстардың бір түрі ретінде қарастырылады, қазіргі заманда ол отбасылық және корпоративтік қатынастардың шеңберінен шығып отыр. Шынымен де, бүгінде сенім мен достық қарым-қатынастар демократиялық қоғамдардың тұрақты дамуы жолында шешуші рөл атқарады (Putnam, 2000). Сенім деңгейі мен әлеуметтік белсенділігі жоғары елдерде азаматтық белсенділік артып, институ…

0
0
284

Байқоңыр ғарыш айлағы: 70 жылдық тарих пен инновациялар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдады Құрметті достар!Қадірлі ғарыш саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Баршаңызды «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуымен құттықтаймын! 1957 жылы дәл осы арадан жасанды Жер серігі ұшырылып, ғарышты игеру дәуірі басталды. Көп ұзамай, 1961 жылы айлақтан тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин көк жүзіне аттанды. Бұл тарихи оқиға жаһан жұртшылығын біріктіріп, адамзаттың ғылым мен өркениет прогресіне деген сенімін нығайтты. Содан бері Байқоңырдан мыңдаған Жер серігі ұшырылып, ондаған миссия орындалды. Мұнда көрнекті ғалымдар, конструкторлар мен инженерлер жұмыс істеді. Ұлы жетістіктердің бастауында тұрған барлық маманға шексіз ризашылығымды білдіремін! Біз әлемдегі ең ірі ға…

0
0
199