Мазмұнға өту

Жаңа

В нацпарке «Көлсай көлдері» фотоловушки запечатлели группу снежных барсов

а территории Государственного национального природного парка «Көлсай көлдері» объективы автоматических камер слежения за животными (фотоловушек) впервые запечатлели группу из трех снежных барсов. Семейство барсов было заснято на высоте 2600 м над уровнем моря в ущелье Малые Урюкты, в зоне заповедного режима национального парка. Камеры запечатлели самку барса с двумя прошлогодними, уже подросшими детенышами. Кроме того, в объектив камер попало множество других зверей, обитающих в горах – тяньшанский бурый медведь, туркестанская рысь и основные объекты питания барса – горный козел, марал, косуля, кабан, заяц-толай. Следы снежного барса встречаются и в других ущельях национального парка, поэтому исследования с применением фотоловушек для выяснения их территориального распределения и численно…

1
0
589

Алматы аймағының индустриялды-инновациялық дамуы

Қазақстанның бүгінгі даму кезеңінде индустриаландыру экономиканың дамуындағы негізгі факторлардың бірі. Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын Елбасы Н.Назарбаев ұсынып, оны «жаңарудың орасан зор мүмкіндігі» деп атады. Биыл бұл бағдарламаны іске асырудың бірнші бесжылдығы аяқталды. Сондықтан, ең алғаш қорытындына жасауға болады деген ойдамын. Мәселен, индустриаландырудың республикалық картасы бойынша 872 жоба қабылданып, оның 330 жобасы пайдалануға берілді. Жалпы, Карта бойынша енгізілген жобалар есебінен 1,7 трилионн теңге өнім өндірілді. Жыл соңына дейін тағы 129 өндіріс ошақтары ашылады деп жоспарлануда. Оның мақсаты қандай? Ол - инновация мен өндіріске жоғары технологияларды енгізуге негізделетін экономикалық өсудің жаңа моделіне өту арқылы Қазақстан экономикасының техно…

0
0
1002

Қаржы полициясы «Қазатомпром» ұлттық компаниясының топ менеджерлерін сотқа тапсырды

Қаржы полициясы агенттігі «Қазатомпром» ұлттық компаниясының 1,3 млрд.теңге ақшалай қаражатын ұрлады деген айыппен «Қазатомпром» ұлттық компаниясының басқарушы директоры В.Шевелевті, «Қазатомпром-Демеу» ЖШС директоры С.Әбдрәзақовты және «Әлібеков» ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысы болып табылатын «Сырдария-жоба Курылыс» ЖШС директоры Р.Әлібековты ұстағандығын бұрын хабарлаған болатынбыз.

Бұл қылмыстық істің тергеуі аяқталды.

2014 жылғы 19 маусымнан бастап аталған қылмыстық іс Өскемен қаласының №2 сотында қаралуда.

0
0
464

Бразилия құрамасының бас бапкері болған Сколари басқа қызметке тағайындалды

Бразилия ұлттық құрамасының бұрынғы жетекшісі Луис Фелипе Сколари «Гремио» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы бразилиялық »Гремио» баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады ИТАР-ТАСС. Айта кетейік, Сколаридің Бразилия жаттықтырушысы қызметінен кететіні футболдан биылғы әлем чемпионатының жартылай финалында ұлттық құрама Германия командасынан 1:7 есебімен ойсырай жеңілгеннен кейін белгілі болды. Аталмыш команда үшінші орын үшін болған ойында да нидерландықтардан 0:3 есебімен ұтылып қалды. Бұдан бұрын Сколари Бразилия құрамасын 2001-2002 жылдары басқарған. Ол жетекшілік еткен команда 2002 жылы Жапония мен Оңтүстік Кореяда өткен ӘЧ жеңіске жеткен еді. Сондай-ақ ол бразилиялық ССА, «Жувентуде», «Бразил де Пелотас», «Гремио Бразил», «Гремио», «Гояс», «Крисиума», «Палмей…

0
0
188

Көгалдағы хоккейден ел біріншілігінде оралдық қыздар екінші орынды еншіледі

Талдықорған қаласында 1998 жылғы қыздар арасында көгалдағы хоккейден өткен ел біріншілігінен Орал қаласының командасы табысты оралды. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа Алматы облысы, Орал және Астана қалалары, Қарабұлақ (Алматы облысы) командалары қатысып, екі айналымда бақ сынады. Оралдық команда құрамында Неля Башарова, Дарья Ильичева, Жұлдыз Қайырлиева, Ділнәз Хайрушева, Айкүміс Өтепберген, Жанель Сансызбай сынды хоккейшілер ойнады. Бірінші айналым барысында оралдықтар Астана мен Қарабұлақ командаларын 2:0, 2:1 есебімен ұтып, Алматы облысына 1:3 есебімен есе жіберді. Екінші айналымда да Астана мен Қарабұлақ ойыншыларын жеңген батысқазақстандықтар алматылықтардан ұтылды. Сөйтіп қорытынды есепте 12 ұпай жинаған оралдықтар екінші орынғ…

0
0
450

Қазақстандық төреші тұңғыш рет футболдан Еуропа чемпионатының финалына қызмет етеді

Отандық футбол тарихында алғаш рет қазақстандық төреші Еуропа чемпионатының финалдық ойынына төрелік жасайды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Тарқата айтсақ, Тараздың лайнсмені Евгений Бельский Германия мен Португалия жастар құрамасы арасындағы ойынға қызмет ететін төрешілер бригадасының құрамына енгізілді. Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының финалы 2014 жылғы 31 шілдеде Будапешт қаласында Астана уақыты бойынша сағат 22:45-те өтеді. Ойынды Eurosport арнасы тікелей эфирде көрсететін болады. Матчтың бас судьясы — Хавьер Эстрада Фернандес (Испания). Қапталдағы төрешілер: Даррен Ингланд (Англия), Евгений Бельский (Қазақстан). Резервтік судья болып Инеа Джорджи (Албания) тағайындалды. Матч инспекторы словяндық Йосеф Марко. УЕФА турнирінің финалдық ойын…

0
0
565

Елордада «Барыс-Арена» құрылысы қарқынды жүргізілуде

Елордада «Барыс-Арена» құрылысы қарқынды жүргізілуде

Астанада, Тұран даңғылы бойында көпбейінді мұз айдынының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Ол «Барыс» командасының жаңа үй аренасына айналады, деп хабарлады елордалық хоккей клубының баспасөз қызметінен.

«Қазіргі уақытта негізінен ғимараттың шатырын жабу жұмыстары аса қарқынды, ал ішінде қажетті барлық коммуникациялар төселуде. Спорт кешенінде шамамен 12 мың көрерменді жинай алатын негізгі мұз айдынынан бөлек сырғанау алаңы бар», — делінген таратылған ақпаратта.

Сондай-ақ кешенде екі бассейн болады, оның бірі суға секіруге арналған мұнарамен жабдықталады.

Айта кетерлігі, «Барыс-Арена» спорттық кешенінің ТМД аумағында еш баламасы жоқ. Құрылыс жұмыстары 2016 жылы аяқталады.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат Автор: Марлан Жиембай

0
0
300

Қаржы полициясы «Қазақстан Темір жолы» АҚ-на еншілес кампанияның топ-менеджерріне қатысты жаңа қылмыстық іс қозғады

2014 жылғы мамырда Қаржы полициясы агенттігі дизельдік жанар майды жеткізуге келісім-шартты жасауға көмектесу үшін «Нұр Табыс Мұнай НТМ» ЖШС өкілінен жалпы сомасы 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған деген айыппен «Локомотив» АҚ атқарушы директоры Е.Қалаубаевты қамауға алған болатын.

Бұдан басқа, пара алуға қатысқан деген айыппен «Қазтеміртранс» АҚ атқарушы директоры Д.Әлмусин іздеуге жарияланды. Оның бой тасалап жүрген жері анықталуда.

15 шілдеде Қалаубаевқа қатысты дизельдік жанар майды темір жол көлігімен тасымалдау кезіндегі «Нұр Табыс Мұнай–НТМ» ЖШС-нің  шығындарын өтеу барысында «Локомотив» АҚ-ның 30 млн.теңге қаражатын ұрлау фактісі бойынша жаңа қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

0
0
325

ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі кеңестің бірінші отырысы туралы

2014 жылдың 29 шілдесінде Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті. Кеңес отырысына бірқатар орталық мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты. Басқосу қатысушылары Кеңестің ағымдағы жылға арналған қызмет жоспары мен кестесін бекітіп, жұмыс топтарының құрамдарын белгіледі. Отырыстың жалғасында жаһандық климаттық өзгеру мен Қазақстанның осы жағдайға бейімделу механизмдеріне қатысты бірқатар мәселе талқыланды. Потсдамдық климаттың әсерін зерттеу институтының профессоры Юрген Кропп (ГФР) осы жаһандық үдерістің Орталық Азия аймағында тудыратын қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктер жөнінде баяндама жасады. Ол Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым мен…

0
0
578