Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы аймағының индустриялды-инновациялық дамуы

Қазақстанның бүгінгі даму кезеңінде индустриаландыру экономиканың дамуындағы негізгі факторлардың бірі. Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын Елбасы Н.Назарбаев ұсынып, оны «жаңарудың орасан зор мүмкіндігі» деп атады. Биыл бұл бағдарламаны іске асырудың бірнші бесжылдығы аяқталды. Сондықтан, ең алғаш қорытындына жасауға болады деген ойдамын. Мәселен, индустриаландырудың республикалық картасы бойынша 872 жоба қабылданып, оның 330 жобасы пайдалануға берілді. Жалпы, Карта бойынша енгізілген жобалар есебінен 1,7 трилионн теңге өнім өндірілді. Жыл соңына дейін тағы 129 өндіріс ошақтары ашылады деп жоспарлануда.

Оның мақсаты қандай? Ол - инновация мен өндіріске жоғары технологияларды енгізуге негізделетін экономикалық өсудің жаңа моделіне өту арқылы Қазақстан экономикасының технологиялық жаңаруы. Осы негізге Қазақстанның постиндустриалды қоғамға шығуы ұйғарылады екен.

Қазіргі таңда, ғылыми және жоғары технологиялық өнімдер әлемнің ірі экономикаларының – АҚШ, Қытай, ЕО, Оңтүстік Корея, Малайзияның  табыстары мен экспорттарының жартысын құрайды. Білімді талап ететін секторлар қарқынды дамып келе жатыр. Мәселен, АҚШ және Ұлыбритания секілді елдер үшін табыстың ірі қайнар көзі болып келетін білім беру саласы,  телекоммуникация, нано - және биотехнологиялар. Калифорниядағы Силикон жазығы (АҚШ), Бангалор (Үндістан) білімді коммерциялаудың және даму мен өсу үшін елдің құрамдас бөлігін құрастырудың тиімді түптұлғасы болды. Әлемнің жетекші елдері орташа есеппен ҒЗТКЖ-ға ЖІӨ-нің 2–3% жұмсайды, соның ішінде Жапония, Швеция, Израиль – 3,5– 4,5%, АҚШ – 2,7%, Үндістан – 2%, Қытай – 1,7%. Қазақстанда ҒЗТКЖ-ның шығындары жалпы ішкі өнімнен 0,3 % аз. Бірақ зерттеулер мен жасалымдар шығыны 2012 ж. 4,4 есеге өсті, ал 2013 ж. 51,3 млрд. теңгені құрайды.

Өзім Алматы облысының тумасы болғандықтан, аймағымызда бағдарламаның арқасында ашылған өндіріс ошақтары туралы айтқым келді. Мысалы, Аламыт облысы Қарасай ауданының Қасымбек ауылында түріктің Teksan инвесторлық компаниясы 2013 жылдан бастап электроқұрылғыларын шығара бастады. 150 жұмыс орны ашылып, оның 7-уі Түркиядан келген инженерлер болса, қалған жұмысшылар жергілікті халық. Кәсіпронда 2015 жылға дейін тағы 500 жұмыс орны ашылды деп жоспарлануда. Шығарылған тауарлар Өзбекстан мен Қырғызсанға экпортталады, жақында ресейлік рынокқа да жетеді. Сондай-ақ, тағы бір айта кететін жайт, қызметкерлер үшін барлық жағдайлар жасалған (оқу, тамақ, фитнес залы және т.б.). Компания Қазақстанда толық циклды өндірісті ашқалы тұр, бұл біз үшін қуантарлық жайт.

Жалпы айтқанда,  Алматы облысы бойынша Ин­дус­трия­­лан­дыру картасына ауыл шаруа­шы­лығы, машина жасау және құрылыс са­лалары бойынша ірі жобалар еніп отыр. Мәселен, пре­микс және концентрат, сүт зауыттары, жүк ав­то­көлік­тері мен Hyundai ав­то­бустарын ірі тораптық құрастыру бойынша биз­нес жоба, бейін­ді құбырлар әзір­леу зауыты құры­лысы және вер­ти­кальды кіріктірілген жол-құ­ры­лыс кешені. Одан басқа ашылып жатқан өндіріс ошақтары көп. Ең қуантатыны, жаңа жұмыс орындары ашылуда.

Соңында аймағымыздың көркейе беруін тілеймін.

 
0
0
990

Осы тақырып бойынша

Алматы аймағының индустриялды-инновациялық дамуы - Yvision.kz