Мазмұнға өту

Жаңа

Шекара бекеті қандықол қарақшының атымен аталмауы керек!

Хабарасу – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай және Үржар аудандарының жерінде, Қытайға шекаралас орналасқан, Тарбағатай жотасының шығыс бөлігіндегі асу. Қазақстанның Қытаймен арадағы шекараны заңдастырған «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 15 маусымдағы Жарлығына сәйкес, Тарбағатай жотасының (қытай картасында Таэрбахайшань тауы) қырқасындағы мемлекеттік шекара желісі он алтыншы нүктесінен он жетінші нүктесіне дейін осы Хабарасу арқылы созылып жатыр. Осы аралықтағы мемлекетіміздің шекарасын күзететін және қорғайтын, еліміздің егемендігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін Зайсан шекара отрядының заставасы Кондюрин Василий Васильевич дегеннің а…

0
0
995

Ресей қазақтарының бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабардармыз ба?

Қазақтар көп шоғырланған Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей елдерінің ішіндегі Ресей қазақтары ішінде ана тіліміздің аясы тарылып келеді. Қазақ мектебі көп болмаса да, Моңғолия мен Қытайдағы қандастарымыз туған тілге берік. Кешегі Алаш арыстарының ізі қалған Орынбор, Омбы, Астрахань облыстарында қазақ тілі тек пән ретінде ғана оқытылады екен. Ал жергілікті қазақтар болса Қазақстан жағынан әзірге ешқандай қолдау жоқ екендігін айтады. Қазіргі статистикаға сүйенсек, Ресей Федерациясында 1 300 000-дай қазақ тұрады. Олардың басым бөлігі Қазақстанмен шекаралас жатқан облыстарды мекен етеді. Атап айтсақ Алтай өлкесі, Самара, Орынбор, Шелебі, Қорған, Сарытау, Омбы, Новосібір, Түмен, Волгоград, Петербор, Мәскеу қалаларында сондай-ақ, Татарстан мен Қалмақияда қандастарымыз бар. Нақтырақ санын айтар…

0
0
784

Қазақстан азаматының жеке куәлігініңтүрлі-түсті фотосуретпен шығарылуы туралы

2014 жылғы 23 қазанда «Қазақстан Республикасы азаматы паспортының, Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1133 қаулысымен иесінің түрлі-түсті фотосуретімен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің үлгісі бекітіліп, 2014 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жаңа үлгідегі жеке куәліктердің шығарылуы жоспарланды. Қазақстан Республикасы азаматының жаңа жеке куәлігінің дизайны өзгертіліп, қара-ақ түсті фотосурет түрлі-түсті фотосуретке алмастырылып, құжаттың түс гаммасы, ашық…

0
0
224

«Тіл жанашырлары» бар ма?

"Тіл сақшысы" қоғамдық қозғалысын құрған болатынбыз. Мақсатымыз - жарнамалардағы, сайттардағы, құжаттардағы т.б. қателерді түзеп, қазақ тілінің қорғанышы болу. Осы уақытқа дейін 50-ден астам қате еріктілер тарапынан жіберіліп, оның 30 шақтысына ұсыныс жасалып, болмағандарын қорқытып-үркітіп түзеттіруге мүмкіндігіміз болды (мұның өзі үлкен жұмыс). Тіпті, Андрей атты орыс азаматы темір тақтаға жазылған қатені маркермен болсын түзеп, өзінің осы елдің нағыз азаматы екендігін көрсете білді. "Астана ақшамы", "Жас қазақ", "Абай.кз", "Жас қазақ үні" т.б. қазақтілді БАҚ-тар біздің бұл жобамызды толықтай қолдап, бір бетті бізге арнауға келісімін беріп қойған. Ендігіде еріктілердің санын көбейтіп, патриот жастарды, тіл жанашырларын біріктіріп, осы бағытта жұмыс қарқынын еселеп көбейту қажеттілігі ту…

0
0
503

Астық жинау аяқталып келеді

Биыл ауа райының қолайсыздығы астық жинау науқанына біршама кедергі келтірді. Күздің бірінші айының ортасынан күні бүгінге дейін жауын-шашынның толассыз жауып тұруы салдарынан ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа өнімін жинау қиынға соқты. Соған қарамастан егін жинау науқаны жалғасуда. Қазіргі ақпарат бойынша егін жинау көлемі 15 млн. гектардан 13 млн.-ға жақын жиналған, ол 87,5%-ды құрайды. Бұл туралы Орталық коммуни­кациялар қызметінде өткен бри­фингте АШМ Агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов хабарлады. Оның айтуын­ша, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында астық жинау аяқталған. Қостанай облысында 3,2 млн. гектар (77,4%) жиналса, гектарына 10,4 центнерден 3,3 млн. тонна астық бастырылған. Егін жинау жұмыстары Аман­гелді, Әулиекөл, Жан…

0
0
424

Қызылордада қаржылық алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

Облыстық ішкі істер департаменті, облыстық прокуратура және банктің ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Қызылорда аумағында орналасқан екінші деңгейлі банктің бірінде банк қызметкерлерінің 2013 жылдан бері облыс төңірегінде тұратын 260 жеке тұлғаға кепілдемесіз несиелерді заңсыз рәсімдеп келгендігін анықтады. Соның салдарынан банкке жалпы 727 миллион 190 мың 803 теңге көлеміндегі мүліктік залал келтірілгені дәлелденді. Аталған дерек бойынша Қызылорда ОІІД Тергеу басқармасымен 2014 жылдың 2 қаңтарында қылмыстық іс қозғалып, тергеушілер мен прокурорлардан жасақталған жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу амалдары барысында күдікті азамат өз қызмет бабын пайдалана отырып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, құрамына өзі жетекшілік ететін филиалының бөлшектік бизнес саласы қызметкерлері мен жең…

0
0
295

Айтыс өнерінің тарихы тағылымға толы

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті бірлесіп өткізген «Тәуелсіздік жылдарындағы айтыс өнерінің дамуы, мәселелері және болашақ бағыты» атты дөңгелек үстел барысында айтысты дамытуға қатысты бірқатар мәселелермен қатар, өнерден тыс жұртшылық түгілі, осы өнердің басы-қасында жүрген азаматтардың өзінің оның тарихынан бейхабар екендігі және ақпараттық құрал ретіндегі дәстүрлі әлеуметтік бағдарын біле бермейтіні сөз болды. Қоғам қайраткерлері, құзырлы мемлекеттік органдарының өкілдері мен 30-ға жуық айтыскер ақын қатысқан отырыста аталмыш шараның ғылыми негізін ашып, айтыс тарихы мен даму бағыттары бойынша ҚР ҰҒА академигі Сейіт Қасқабасов, филология ғылымдарының докторы, айтыскер ақын Аманжол Әлтаев арнайы баяндамалар оқыды. Өз сөзінде айту…

0
0
1206

Анкарада Мағжан Жұмабаевқа арналған кеш өтті

Түрік Республикасы жарияланған күн – 29 қазанның қарсаңында Анкарада азаттық жыршысы, айбынды ақын Мағжан Жұмабаевтың рухына тағзым кеші ұйымдастырылды. Мағжан атамыздың туысқан түрік жұртына арнаған «Алыстағы бауырыма» жырына 83 жылдан соң «Алтайдағы жүрегім» деп, жауап жырын жазған қарымды қаламгер, ақын Фейзуллах Будак мырза мазмұнды кештің басты қонағы болды.

Ордалы Осман империясының күні еңкейіп, ел шетін дұшпан таптап, қилы кезең киліккен тұста «Алыста ауыр азап шеккен, бауырым деп, қаны бір халықтың қамын жеген Мағжан жырының маңызын Фейзуллах Будак тебірене жеткізіп, жауаппен үн қату ниетінің қалай туындап, қалайша өрістегенін байыппен баяндады. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
380

Қазақстанда мультфильмнің дамуына телеарналардың тосқауыл қоюы кедергі жасайды

Биыл отандық мультиктердің саны артты. «Қазақфильм» жылына алты қысқаметражды мультфильмдер шығаруда. Сонымен қатар, келер айда мұрағат балаларға арналған тоғыз видео ертегілермен толығады. Бұл туралы Almaty.tv тілшісіне анимациялық кино режиссері Жәкен Даненов мәлімдеді.

«Өкінішке орай, біз бір жылда екі сағаттық қысқаметражды мультфильмдерді жасаймыз – бұл өте аз. Мысалы, Ресейді алатын болсақ, оларда 200, Қытайда 3000 сағаттық шығады. Егер жақын елдермен салыстырсақ, мультипликация бойынша бізде жақсы көрсеткіш анықталды. Бірақ айта кетсек, біз өндірістің деңгейін көтеруіміз қажет», - деді Даненов. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
440

Өзім ноғай болсам да, қазақ үшін мақтанамын

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына еліміздегі барлық этностар өкілдері қатысты десек, артық айтқандық болмас. Көпшілігінің үстеріне киген ұлттық киімдері айналаға мерекелік көңіл-күй сыйлап, қызылды, жасылды бояу түстері көктемгі даланың сұлу дидарын көз алдыңызға әкелгендей. Үндестік пен сыйластық орнаған, ыстық ықыласты дос пейілде: жүректерді лүпілдеткен сессияға осындай қатысушының бірі – ноғай этномәдени бірлестігінің мүшесі Арсланбек СҰЛТАНБЕКОВТІ әңгімеге тартқан едік. – Арсланбек, сіздің бірер рет Қарға бойлы Қазтуған, Шалкиіз жырауларды көне сарындарға салып, ноғай тілінде айтып жүргеніңізді естігенім бар. Түбі бір жұрт екеніміз, сіз жырлайтын жыраулардың біздің де қасиет тұтып, құндар асылдарымыз екені анық. Енді осы ортақ құндылықтар мен айырмашылықтарымыз турасы…

0
0
593