Сот төрағалары таныстырылды
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы М.Әкетай сот ұжымдарына Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 18 ақпандағы Жарлығымен тағайындалған СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Сергей Васильевич Викторенконы, Петропавл қаласы №2 сотының төрағасы Динара Эделқызы Байзакованы таныстырды. Бұрын С.В.Викторенко СҚО Шал ақын аудандық сотының судьясы, Д.Э.Байзакова Петропавл қаласы №2 сотының судьясы болып жұмыс істеген. Іс-шараға Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағамбетов қатысты. Сонымен қатар облыстық соттың төрағасы жаңадан тағайындалған Мамлют аудандық сотының судьясы Күлнар Амангелдіқызы Мәсімованы, Аққайың аудандық сотының судьясы Гүлнар Нұрмұхамбетқызы Шайкенованы, Петропавл қаласы №2 сотының судьялары Арай Юрийқызы Әбілмәжінованы, И…
Петропавл қалалық сотының ұжымы жақсы дәстүрге айналған «Жетім және ата-ананың қорғауынсыз қалған балалар облыстық мектеп-интернаты» ММ-гі тәрбиеленушілермен кезекті кездесуге барды.