Сот төрағалары таныстырылды
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы М.Әкетай сот ұжымдарына Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 18 ақпандағы Жарлығымен тағайындалған СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Сергей Васильевич Викторенконы, Петропавл қаласы №2 сотының төрағасы Динара Эделқызы Байзакованы таныстырды. Бұрын С.В.Викторенко СҚО Шал ақын аудандық сотының судьясы, Д.Э.Байзакова Петропавл қаласы №2 сотының судьясы болып жұмыс істеген.Іс-шараға Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағамбетов қатысты.
Сонымен қатар облыстық соттың төрағасы жаңадан тағайындалған Мамлют аудандық сотының судьясы Күлнар Амангелдіқызы Мәсімованы, Аққайың аудандық сотының судьясы Гүлнар Нұрмұхамбетқызы Шайкенованы, Петропавл қаласы №2 сотының судьялары Арай Юрийқызы Әбілмәжінованы, Ирина Бақбергенқызы Есіргепованы таныстырды.
Төраға жаңа тағайындалған сот төрағаларын және судьяларды таныстыра отыра, олардың алдындағы басты мақсат Конституцияға және Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әділ шешім қабылдау, Көшбасшының судьялардың VI съезінде қойған міндеттерін орындау және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің тапсырған басым бағыттарын іске асыру қажет екенін атап өтті.
М.Әкетай қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының және Петропавл қаласы №2 сотының төрағаларына жасаған жұмыстары үшін алғысын білдірді.
