Мазмұнға өту

Жаңа

Жетім балаларды өз қамқорлығына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СҚО бойынша Департаменті алды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы СҚО бойынша қызметі Айыртау ауданының ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балалар мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін өз қамқорлығына алды.

Балалар өздерінің достарын және жетекшілерін концерттік нөмірлер мен өздерінің шығармашылықтарын көрсетіп қарсы алды.

Департамент ұжымымен жиналған қаражаттарға алынған сыйлықтар балаларға табысталды.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жетім балалардың тұрмысына жайлы жағдай жасауға және жетілуіне әрдайым көмек көрсетіп отырады.

2
0
565

БҚО дін істері басқармасы қызметкерлеріне арналған ақпараттық семинар

2015 жылдың 31 наурыз күні сағ. 11:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша ақпараттық семинар өткізілді.

Шара барысында «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» негізгі бағыттары түсіндіріліп, «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» және «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым» жаднамалары таратылды. Шара соңында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «call center 1494 қызметі» туралы бейнероликтер көрсетіліп, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» ақпараттық-насихат журналына жазылу жөнінде ұсыныс білдірілді.

0
0
1070

25 жыл ішінде құрамында гумусы бар егістік жерлері 1,6 млн. гектардан 255,5 мың гектарға дейін азайды

25 жыл ішінде құрамында гумусы бар егістік жерлері 1,6 млн. гектардан 255,5 мың гектарға дейін азайды Бүгінгі күні Қазақстанда 24,2 млн. гектар егіс алқаптары бар. 2007-2014 жылдары егістік топырағын агрохимиялық зерттеп қарау 17 млн. гектарда немесе егістік алқаптарының жалпы ауданынан 70,3%-да жүргізілді. Олардың ішінде тәлімі жерлерде (қолдан суарылмайтын жерлерде) 16,4 млн. гектар, суармалы егістікте 591,4 мың гектар зерттеп қаралды. Зерттеп қарау нәтижелері бойынша соңғы 25 жылда гумус құрамы жоғары егістік жерлер топырағының ауданы 16,6 млн. гектардан 255,5 мың гектарға дейін төмендеген. Негізінен елімізде гумуспен төмен – 72,9%-ға қамтамасыз етілген топырақтар басым болуда. Гумус құрамы жоғары жер телімдерінің басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан облысындағы қара топырақ аймағында 1…

0
0
864

Шым­кент химфарм зауыты: әлемдік сұранысқа ие болатын өнім өндіреді

Шым­кент химфарм зауыты: әлемдік сұранысқа ие болатын өнім өндіреді

Шымкент – бүгінде инфрақұрылымы жақсы дамыған, жетекші өнеркәсіп және экономикалық орталықтардың бірі. Мұнда түсті металлургия, маши­на жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібінің өркен­деуіне үлес қосып отырған жетпіске жуық өнеркәсіп бар (жалғасы мұнда: iskernews.kz).

0
0
2235

Қытайдың «Жібек жолы» экономикалық мегажобасының астарында не жатыр?

Қытайдың «Жібек жолы» экономикалық мегажобасының астарында не жатыр?

2013 жылы Қытайдың басшысы Си Цзинпин Еуропа мен орталық Азияны жалғайтын «Жібек жолы» атты экономикалық белдеуді құрастыруды қолға алды. Қазіргі таңда Қытай ең ірі екі экономикалық жобаны жүзеге асыруда: құрлықта «Жібек жолы экономикалық белдеуі», теңізде «XXI ғасырдың теңіз Жібек жолы». Бұл екі жоба Қытайдың барлық компартиялық жиналыстарында қызу талқыланып, жүзеге асуда.

0
0
1004

Өзіңді-өзің алдама, қазақ

Өзіңді-өзің алдама, қазақ

Қазақ елінің әр түкпірінде «анандай компаниядан алданыпты, мынандай пирамидадан ұтылыпты, бәлен деген желілік маркетингке кіріп, қаржысынан қағылыпты»,- деген сыңайлы ақпаратты жиі естиміз. 90- жылдардан бастау алған үрдіс әлі күнге дейін жалғасып келеді. Ес жиятын кезіміз келіп, ақыл тісіміз шықса да алданып келеміз.  Осыны қал-қадірімізге түсіндіріп көрейік (жалғасы мұнда: iskernews.kz).

0
0
679

Паң өнердің падишасы мен сазды дыбыстың сиқыршысы – Астанада

Паң өнердің падишасы мен сазды дыбыстың сиқыршысы – Астанада

Ресейдің Халық артисі, Ресей Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тағдырдың жазуымен орыс өнерін өркендеткен әлемге танымал қазақ қызы Алтынай Асылмұратова  «Астана Опера» театрының балет труппасының көркемдік жетекшісі болып елге келді. Онымен бірге Ахмет Жұбановтың шөбере жиені, Нидерландының, Германияның, Норвегияның, Ирландияның Жапонияның ең айтулы симфониялық оркестрлерінде бас дирижер болып, талғампаз еуропалықтарды өнеріне бас идірсе де, қазақ азаматы екенін қалтасындағы Қазақстанның көк паспорты айғақтайтын ұлтымыздың мақтан етер ұлдарының бірі Алан Бөрібаев та «Астана Опера» театрының бас дирижері болып оралды (жалғасы мұнда: iskernews.kz).

0
0
717

Астанада мүмкіндігі шектеулі 350 тұлға жұмыспен қамтылмақ

Астанада мүмкіндігі шектеулі 350 тұлға жұмыспен қамтылмақ

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу аясында «2015 жылы Астана қаласының тұрғындарын жұмыспен қамту жөніндегі кешенді жоспар» бекітілген. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сөйтіп, алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі 350 тұлға жұмыспен қамтылмақ (Жалғасы мұнда; iskernews.kz).

0
0
258

Қазақстанның оңтүстігінде егін егу науқаны басталды

Қазақстанның оңтүстігінде егін егу науқаны басталды 2015 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 21,5 млн. га алқапқа орналастырылмақ. Көктемгі егіс алқабы 18,5 млн. га құрайды, дәнді дақылдар 15,2 млн. гектарға, оның ішінде бидай 12,2 млн. гектарға орналастырылады. Өсімдік шаруашылығын әртатаптандыру бойынша жұмысты күшейту мақсатында Министрлік бірқатар шаралар қабылданды. Атап айтқанда, бидай өндірісін субсидиялау нормалары қысқартылды, осы, сондай-ақ қосымша бөлінген қаражат есебінен өзге басым дақылдарға көтеріңкі субсидия нормативтері белгіленді. Биыл бидай алқаптары 235 мың гектарға (2%), күріш – 8,5 мың га (9%) қысқартылуы күтілуде. Соның есебінен дәнді-жемдік, бұршақты және жарма дақылдарының алқабы 104 мың га (4%) ұлғаятын болады. Майлы дақылдарды 2,2 млн. га, жемшөп дақылдарын өткен жы…

0
0
1021