БҚО дін істері басқармасы қызметкерлеріне арналған ақпараттық семинар

2015 жылдың 31 наурыз күні сағ. 11:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша ақпараттық семинар өткізілді.
Шара барысында «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» негізгі бағыттары түсіндіріліп, «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» және «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым» жаднамалары таратылды. Шара соңында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «call center 1494 қызметі» туралы бейнероликтер көрсетіліп, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» ақпараттық-насихат журналына жазылу жөнінде ұсыныс білдірілді.



