12 жылға созылған дау: «Иран ісі» аяқталды ма?

Иран мен алып «алтылықтың» мәмілеге келуін экономикалық шектеулерден шаршаған парсылар ғана емес, күллі әлем тағатсыздана күтті. 26 наурызда басталған келіссөз марафоны ары кетсе 31 наурызда аяқталар деген болжам расталмай, БАҚ біткен 8 күн бойы Лозаннаға телмірумен болған. Тараптардың талас-тартысы күшейген сайын келісімнің ауылы алыстай ма деген күдік дендегені рас. Бірақ 12 жылға созылған пікірталас екі жақты да қажытқанға ұқсайды. Келіссөзді мәмілелі мәреге жеткізу үшін Иран да, оны ортаға алған «алтылық» та соңына дейін шыдап бақты. Бейсенбіде басталған басқосу араға бір апта салып, бейсенбіде бітімге келді. Жалғасы мұнда: iskernews.kz
