Мемлекет басшысы Денис Тендi жастарға үлгi еттi

Бүгiн Астанада өтiп жатқан «Елбасымен бірге – жаңа жетістіктерге!» жастар форумы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгiлi спортшы Денис Тендi елiмiздiң жастарына үлгi еттi, деп хабарлайдыBNews.kz тiлшiсi.
«Жақсы оқып, мамандық алып, қоғамда өз орныңды табу өте маңызды. Залда белгiлi мәнерлеп сырғанаушы Денис Тендi көрiп отырмын. Жаңа байқағаным, ол залда жалғыз өзi Туға қарап тұрып, елiмiздiң Әнұранын шырқады. Одан басқа ешкiм мұны жасаған жоқ. Бұл оның бойында жарыстардағы жеңiсiнен кейiн қалыптасқан. Денис егер чемпион үнемi жаттықпаса, келесi Олимпиадаларда жеңiске жетпейтiнiн жақсы бiледi. Өмiрде де солай. Бiз бүгiнде зор жетiстiктерге қол жеткiздiк, бiрақ егер тоқтасақ, соңымызда келе жатқандар бiздi басып озады», — дедi Елбасы. Жалғасы мұнда: iskernews.kz
