Жаңа
Кез-келген жолдық қатардың латын алфавитінің кіші әріптерін бас әріпке айналдыру функциясын құру
N-нен М-ге дейінгі бүтін сандарының қосындысын табу процедурасы
Жайық өзенінде 540 кг балықпен браконьерлер ұсталды
«Бекіре – 2015» балық қорғау акциясы аясында Атырау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің рейдтік іс-шаралары барысында Атырау қ. Жайық өзенінде «Ямаха-200» қайығында Атырау қ. үш тұрғыны ұсталды.
Тексеріс барысында 540 кг балық пен 2 дана ау анықталып, алынды.
Осы факті бойынша барлық жиналған материалдар құқық қорғау органына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.
ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: [email protected]
W: www.minagri.gov.kz
Атырау облысында өлі 70 бұйра бірқазан табылды
Норт Каспиан Оперейтинг компаниясы құстардың көктемгі есебін өткізу кезінде Атырау облысы Құрманғазы ауданында Қиғаш өзенінің суы таяз аумағында өлі 70 бұйра бірқазан табылды.
Бұйра бірқазан (Pelecanus crispus) құстардың сирек кездесетін түрлерінің тізбесіне кіреді.
Осы факт бойынша ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Атырау облыстың аумақтық инспекциясымен аталмыш фактіні тексеру үшін жұмыс тобы құрылды.
ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: [email protected]
W: www.minagri.gov.kz
Мен Заңды құрметтейтін азаматпын!
Бүгін Орал қаласындағы №45 жалпы орта білім беретін мектебінде «Я – законопослушный гражданин» атты 10-11 сыныптардың қатысуымен тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ жастардың бойында адамгершілік, сауаттылық, шыншылдық қасиеттерін арттыру мақсатында тарих пәнінің мұғалімімен ұйымдастырылды. Оқушылар түрлі мысалдар келтіріп, жағдайаттар шешу, топтарымен әр түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы сабаққа белсене қатысып өздеріне керекті көптеген мағұлмат алды. Сабақта оқушыларға Департаменттіңсыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Т.Төлепқалиев дәріс оқып, қай уақытта да жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қасиетін қалыптастыру керектігін айтты. Сонымен қатар, оқушыларға тақырыптық бейне таспалар көрсетіліп, «Сыбайлас жемқорлықта…
Атырауда Тәртіптік кеңестің отырысы өткізілді.
2015 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысындағы Тәртіптік кеңес отырысы өткізілді. Кезекті Тәртіптік кеңес отырысында 6 мәселе, оның 4-і Департаменттің бастамасымен қаралғанын ескеру қажет. Соның бірі - «Атырау қалалық №1 емханасының» бас дәрігеріне қатысты тәртіптік іс болып табылады.Тәртіптік кеңес мүшелері емхананың бас дәрігері Е.Қуановты қызметінен босату туралы ұсыныс енгізді. Сонымен қатар, Департаментпен жүргізілген тексерістер нәтижесінде анықталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылатын «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беруге» Махамбет ауданы тұрғыны В.Ю.Шинге негізсіз бас тартқаны үшін Махамбет ауданының әкімдігінің жер мәселесі бойынша комиссия мүшелері…
Түркия делегациясымен кездесу туралы баспасөз ақпараты (Алматы қ., 2015 жылғы 17 сәуір)
Алматы қаласының прокуратурасында Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель Түркия Республикасынан келген сот және құқық қорғау органдары делегациясымен кездесті.
« Қоғамдық қабылдау күнің»
Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы КММ «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» « Қоғамдық қабылдау күнің» жүргізеді. Мекемелерге, оқу ордаларына баратын болады. Жиылған жұртшылыққа мамандар тұрғын- үй мәселелерін шешу туралы және психологтан , заңгерден толғандырып жүрген сұрақтары бойынша ақпарат береді.
«Қоғамдық қабылдау күні» жылдың басынан бастап жақсы нәтижелерді берді. Павлодар облысының 26 колледжға барды және орталықтың мамандары «Қоғамдық қабылдау күнің» мына кәсіпорындарда өтті. Олар: АҚ «Казхром» , «Кастинг» ЖШС, «Богатырь Көмір» кәсіпорны» ,«Павлодар алюминий зауыты», «Майқайың-Алтын» кен орнына және АҚ филиал «Қазақтелекомға» мамандар кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Интересный Павлодар» журналының таныстырылымы»

Павлодар қаласының жаңалықтарын енді «Интересный Павлодар» журналынан біле аласыз. «Интересный Павлодар» журналы қызықты ақпараттарға, кеңестерге толы. Өңір жаңалықтары, ас мәзірі, өмірлік кеңестер, мәдени шаралар жайлы ақпараттар жазылады. Журнал 2 айда 1 рет жарық көреді.
Ақпараттық – жарнамалық журнал таныстырылымы бүгін «Жастар бастамаларын дамыту орталығында өтті»
Жиылған жұртшылыққа журналдың бағыты, оның тарихы жайлы кең ақпарат берілді.
