Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атырауда Тәртіптік кеңестің отырысы өткізілді.

2015 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысындағы Тәртіптік кеңес отырысы өткізілді.
Кезекті Тәртіптік кеңес отырысында 6 мәселе, оның 4-і Департаменттің бастамасымен қаралғанын ескеру қажет.
Соның бірі - «Атырау қалалық №1 емханасының» бас дәрігеріне қатысты тәртіптік іс болып табылады.Тәртіптік кеңес мүшелері емхананың бас дәрігері Е.Қуановты қызметінен босату туралы ұсыныс енгізді.
Сонымен қатар, Департаментпен жүргізілген тексерістер нәтижесінде анықталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылатын «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беруге» Махамбет ауданы тұрғыны В.Ю.Шинге негізсіз бас тартқаны үшін Махамбет ауданының әкімдігінің жер мәселесі бойынша комиссия мүшелеріне қатысты тәртіптік іс қаралды.
Нәтижесінде, Тәртіптік кеңес мүшелері комиссия мүшелеріне қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс енгізіп, шағымданушының заңды құқығы мен мүддесі қалпына келтірілді.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексін,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын бұзғаны үшін бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік істер қаралып, оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізілді.

 
0
0
382

Осы тақырып бойынша

Атырауда Тәртіптік кеңестің отырысы өткізілді. - Yvision.kz