Мазмұнға өту

Жаңа

«Тұмар» - 2025: Ұлттық телевизиялық сыйлықтың үздік номинанттары анықталды

Бүгін БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «Тұмар» - 2025 Ұлттық телевизиялық сыйлығының он бір номинациясы бойынша номинанттар анықталды.

Биыл байқауға қатысу үшін 11 номинация бойынша жетекші республикалық және өңірлік телеарналардан 300-ден астам өтінім келіп түсті. Шорт-листке 44 жұмыс енді.

Жеңімпаздар есімі 27 маусымда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында анықталатын болады. Жеңімпаздарға отандық телевизия саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесі мен 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы табысталады.

«Тұмар» - 2025 Ұлттық телевизиялық бәйгесінің номинанттары:

Ең үздік әлеуметтік тележоба:

  • «Таза қала» - JIBEK JOLY телеарнасы
  • «Таза Қазақстан» - 24KZ телеарнасы
  • «Жақсылық жаса» - QAZAQSTAN TV телеарнасы
  • «Әке арманы» - АSTANA TV телеарнасы

Жылдың ең үздік репортажы:

  • «В гостях у кочевников» - МИР телеарнасы
  • «Алаяқтар балаларды қыруар қаржыға сан соқтырып жатыр» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
  • «Театры выживают за счёт талантов» - Хабар телеарнасы
  • «Абадан» - ЖЕТІСУ телеарнасы

Ең үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама:

  • «Жетінші студия» - 7 арна
  • «Basty taqyryp» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
  • «Әлем және біз» - QAZAQSTAN TV телеарнасы
  • «President» - 24KZ телеарнасы

Ең үздік журналистік зерттеу:

  • «АЭС және энергетикалық қауіпсіздік» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
  • «По следам спасительного эшелона: как доставляли продовольствие в блокадный Ленинград из Казахстана?» - МИР телеарнасы
  • «Мүгедектігі бар жандар жұмысты қайдан табады?» - QYZYLORDA TV телеарнасы
  • «Тылсым тарих: Аштық қасіреті, Құмаршық қасиеті» - ATYRAÝ TV телеарнасы

Жылдың ең үздік телехикаясы:

  • «Күзде келген көктем» - Хабар телеарнасы
  • «Құтқару қызметі» - 7 арна
  • «12:00» - 31 арна
  • «111. JUZ ON BIR» - JIBEK JOLY телеарнасы

Ең үздік деректі фильм:

  • «Человек с острова Кулалы» - JIBEK JOLY телеарнасы
  • «Вандализммен күрес» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
  • «Закладчики. Расплата» - QYZYLJAR телеарнасы
  • «Олимпийские свершения: казахстанские герои Парижа» - Хабар телеарнасы

Ең үздік балалар тележобасы:

  • «Дара бала» - BALAPAN телеарнасы
  • «Давай меняться» - ERTIS TV телеарнасы
  • «Түркістан сақшылары» - TURKISTAN TV телеарнасы
  • «Дарын» - QOSTANAI TV телеарнасы

Ең үздік өңірлік арна:

  • 77TV телеарнасы – Жамбыл облысы
  • Saryarqa телеарнасы –Қарағанды облысы
  • Caspian News телеарнасы – Атырау облысы
  • ULYTAU телеарнасы - Ұлытау облысы

Ең үздік тележурналист:

  • Ақерке Бектас – QAZAQSTAN TV телеарнасы
  • Айнұр Иманғали –JIBEK JOLY телеарнасы
  • Аслан Қаженов –24KZ телеарнасы
  • Әйгерім Пернебекова –ALMATY TV телеарнасы

Ең үздік тележүргізуші:

  • Оксана Петерс – 7 арна
  • Үмбетәлі Меймеш –ALMATY TV телеарнасы
  • Мөлдір Доспаева –Хабар телеарнасы
  • Вероника Вишневская – Еуразия бірінші арнасы

Ең үздік спорттық комментатор:

  • Жандос Айтбай –Хабар телеарнасы
  • Ерік Ерсін –QAZSPORT телеарнасы
  • Азамат Ашимов – ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
  • Азамат Нұғыманов - Q
0
0
233

Президент Жоғарғы сот төрағасымен сот жүйесінің жұмысын талқылады

Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Мемлекет басшысына сот жүйесі қызметінің биылғы бес айдағы қорытындысы жөнінде мәлімет берілді.

Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сот органдарына түскен талап-арыз бен шағымдар 18,1 пайызға ұлғайған. Бұл азаматтардың сот жүйесіне сенімі артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар татуластыру рәсімін қолдануда оң динамика байқалады.

Сот төрелігінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған жүйелі шаралардың нәтижесінде мемлекетпен арадағы дау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау көрсеткіші едәуір жақсарды. Әкімшілік сотта қаралған мұндай істердің 57,8 пайызында үкім азаматтар мен заңды тұлғалардың пайдасына шешілді.

Жоғарғы сот төрағасы қылмыстық процесс кезінде тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету шаралары жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге ревизия жасалды. Азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын күшейтуді, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығын нығайтуды, қылмыстық процесті оңтайландырып, бюрократиядан арылтауды көздейтін жаңа заң жобасы әзірленді.

Бұдан бөлек, Президентке сот жүйесін цифрландыру барысы және кассациялық соттарды құру жұмыстары аяқталғаны жөнінде есеп берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев судьялар мен сот қызметкерлерін тағы да кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Президент заң үстемдігін қамтамасыз етіп, сот төрелігінің сапасын арттыру, сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігі мен жауапкершілігін күшейту мақсатында сот жүйесін оданәрі жетілдіру маңызды екеніне назар аударды.

t.me/aqorda_resmi

0
0
206

Тоқаев Citi банктің стратегиялық жоспарларын талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев Citi банктің клиенттермен жұмыс жөніндегі бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен кездесуде аталған қаржы ұйымының 30 жылдан аса уақыттан бері еліміздің сенімді серіктесіне айналғанына назар аударды

Президент Сiti банктің стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларға атсалысуы маңызды екенін айтты. Сондай-ақ оның шағын және орта бизнесті одан әрі қолдау жоспарын іске асыру Қазақстан экономикасын әртараптандыруға ықпал ететінін жеткізді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
177

ЕҚДБ Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтіп, инвестициялар көлемін екі есе арттырды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың перспективасын талқылап, әлемдік экономиканың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Қаржы ұйымымен байланыс орнатқаннан бері еліміз шағын және орта бизнес, энергетика, ауыл шаруашылығы сияқты бірқатар стратегиялық секторда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген.

➤ Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің бірлескен жобаларға, соның ішінде «жасыл экономика» бағдарламаларын жүзеге асыруға инвестиция құю ниетін құптады.

Одиль Рено-Бассо еліміздің инвестициялық әлеуетіне жоғары баға беріп, қаржы институты Қазақстанның инфрақұрылымдық тұрғыдан дамуын одан әрі қолдауға мүдделі екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, жақында ұзындығы 234 шақырым болатын Ақтөбе – Ұлғайсын автожолын жаңғыртуды қаржыландыру туралы шешім қабылданған. Бұл бағыттың ішкі және халықаралық тасымалды дамытуда маңызы зор.

Одиль Рено-Бассо ЕҚДБ мен Қазақстан ынтымақтастығы табысты дамып келе жатқанын айтты.

Ол 2024 жылы инвестиция көлемі 2023 жылмен салыстырғанда екі есе артқанын, соның нәтижесінде 1 миллиард еуроға жуықтағанын атап өтті. Бұдан бөлек, банк басшысы Қазақстанның көлік әлеуетін және энергетика секторын дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

t.me/aqorda_resmi

0
0
210

30 жыл өткен соң: Қазақстан Конституциясы және сот жүйесінің дамуы

Биыл – сот төрелігін атқаруға жауапты азаматтар үшін айрықша маңызды жыл. Себебі, осыдан 30 жыл бұрын ел егемендігінің, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мызғымас тірегі саналатын Қазақстан Конституциясы қабылданды.

Қуатты әрі тәуелсіз сот жүйесі құқық үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру ісінде шешуші рөл атқарады. Сондықтан біз осы стратегиялық маңызы бар салада жүйелі түрде реформа жүргізіп келеміз. Сот ісі жетілдіріліп, басқару үдерістері оңтайландырылып, осы салаға цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілікістер жөніндегі үш дербес кассациялық сот жұмыс істей бастайды. Бұл қадам азаматтардың және бизнестің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға арналған институционалдық мүмкіндігін едәуір аттырады.

Жұртшылықтың әділдікке деген сенімі көбінесе судьялардың кәсіби біліктілігіне, кез келген істі қараған кезде ұстанымына берік болып, бейтараптық таныта алуына тікелей байланысты. Осы маңыздыәрі жауапты миссия терең құқықтық білімді, заң үстемдігін үнемі бәрінен биік қоюды талап етеді.

Сот қызметкерлері мен ардагерлеріне қажырлы еңбегі мен өз кәсібіне адалдығы үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздер Әділетті Қазақстанды құру ісіне өлшеусіз үлес қоса бересіздер деп сенемін!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін!

t.me/aqorda_resmi

0
0
220

Еуропа Кеңесінің қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

2025 жылғы 18 маусымда Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитеті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бастамашылық еткен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына қосылу жөніндегі өтінімді мақұлдады.
Аталған Конвенцияға қатысу қазақстандық құқық қорғау органдарына қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер алуға, заңсыз жолмен шетелге шығарылған активтерді елге қайтаруға, қылмысқа қарсы күрес және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 46 еуропалық мемлекетпен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл елімізде «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы заңдылықты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатқа сәйкес келеді.

Сонымен қатар, аталған көпжақты халықаралық құжатқа қосылу Қазақстанды қылмысқа қарсы іс-қимыл саласында әрбір еуропалық мемлекетпен жеке екіжақты шарттар жасасу қажеттілігінен босатады.

Айта кету керек, Қазақстан осы Конвенцияға қосылу үшін 20 жылдан астам уақыт бойы қадамдар жасап келеді, алайда бұрынғы өтінімдер Еуропа Кеңесіне мүше кейбір мемлекеттердің қарсылықтарына байланысты үнемі қабылданбаған.

Мұндай шақыртуды алу Қазақстанның қылмыстық құқықтық жүйесіне, оның ішінде заң үстемдігіне, адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына еуропалық қауымдастық тарапынан сенімнің белгісі және қазақстандық прокурорлар мен дипломаттардың көпжылдық қажырлы еңбегінің нәтижесі болып табылады.
https://t.me/GenPr/8054

0
0
237

Қазақстан қылмысқа қарсы күрес: Қаhарман қызметкерлердің ерлігі

«Сіздер қылмысқа қарсы күрес пен қоғамдық тәртіпті сақтау ісін өмірлік миссия ретінде таңдап, адал қызмет етіп келесіздер. Бұл – қиындығы көп болғанымен, елге қажеттіәрі абыройлы жұмыс. Осы күрделі жолды нағыз отаншыл адамдар таңдайды. Сіздер әр азаматтың жайлы өмір сүруіне, бизнестің тұрақты дамуына, балалардың бақытты әрі алаңсыз өсуіне орасан зор үлес қосып жүрсіздер.

Еліміздегі ірі қалалармен қатар, шалғай елді мекендердегі қоғамдық қауіпсіздік – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тынымсыз еңбегінің арқасы. Осындай тұрақтылық пен тыныштықтың артында Заң мен тәртіп үшін жасалған ерен ерлік бар.

Халқымыз құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ерлігін бағалайды, мақтан тұтады, әрқашанда қолдайды. Жақында күштік құрылымдарымыз Алматы облысында ірі есірткі зертханасын жойды. Маңғыстау облысында трансұлттық деңгейдегі ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Соның нәтижесінде есірткі бизнесіне мықты тосқауыл қойылды. Арнайы операцияларға қатысқан мамандар жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы. Өкінішке қарай, Тәуелсіздік жылдарында 842 азамат қызметтік міндетін орындау кезінде қазаға ұшырады, 4,5 мың адам жарақат алды.

Бүгін біз қаза болған ерлеріміздің жақындарына марапат тапсырамыз. Ержүрек сақшылардың ерлігі халыққа жанқиярлықпен қызмет етудің үлгісі ретінде жұртымыздың жадында сақталуға тиіс».

t.me/aqorda_resmi

0
0
171

Қазақстанда қаһарман қызметкерлердің есімін мәңгілеу: ел тыныштығы үшін

«Осы орайда, мен мекемелік наградаларға қызмет бабында қаза болған қаһармандардың есімін беру мәселесін қарастыруды ұсынамын. Сондай-ақ көшелер мен құқық қорғау мекемелерін батырлардың атымен атауға болады.

Мұндай тәжірибе елімізде бұрыннан бар. Лаңкесті ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың есімі Тараздағы орталық көшелердің біріне берілді. Сондай-ақ қаладағы оқу-жаттығу полигоны да батырдың атымен аталған. Таяуда оның өмірі мен ерлігі туралы «Капитан Байтасов» атты көркем фильм көрермен назарына ұсынылмақ.

Өрт сөндіру кезінде опат болған Асқар Забикулин де елдің есінде. Астанадағы Өрт сөндіру бөліміне және сол бөлім орналасқан көшеге оның есімі берілді. Бұл азаматтарды нағыз бейбіт күннің батырлары деуге болады. Олар ақтық демі қалғанша антқа адал болды, қызметтік парызын өтеу жолында өз өмірлерін құрбан етті.

Елге және заңға қызмет етуге бел буған әрбір азамат адамгершілік пен әділдік құндылықтарын басшылыққа алады. Қылмысқа қарсы күресті қастерлі парыз деп санайды. Мұндай қасиеттер адамға, ең алдымен, отбасындағы тәрбие арқылы беріледі. Құқық қорғау саласында ата-анасының жолын қуып, отбасы дәстүрін жалғастырып жүрген қызметкерлер аз емес. Қазір біз үш атадан бері тәртіп сақшысы болған Зайнулиндер әулетінің өкілдерін марапаттаймыз. Мен бүгін барша құқық қорғау жүйесінің ардагерлеріне зор алғыс айтамын. Сіздердің мінсіз қызметтеріңіз – өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге.

Жалпы, заң мен тәртіп ұғымы көшедегі тазалық пен қауіпсіздік сияқты қарапайым нәрседен басталады. Жергілікті билік, бизнес және қоғам белсенділері ортақ мүдде жолында күш біріктіріп жұмысістесе, қоғамдағы заң мен тәртіп те нығая түседі. Қазір Ақмола облысында «Зиялы қауым» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Ауыл әкімдері, ақсақалдар және шаруа қожалықтарының басшылары бірлесіп, учаскелік инспекторларға қолғабыс етуде. Жергілікті азаматтардың осындай үлгілі ісіне қолдау көрсету керек. Бұл – азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Сондай-ақ бүгін мен бес жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген бірқатар ауылдың ақсақалдарын марапаттаймын. Құқық қорғау органдарының көп жұмысы сырт көзге көріне бермейді. Жедел қызметкерлер, тергеушілер, прокурорлар, криминалистер, патруль қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен басқа да құрылым қызметкерлері күн сайын ел тыныштығын қас қақпай күзетуде. Ешқандай қауіп-қатерге қарамастан, Отан үшін жасап жатқан адал қызметтеріңізге зор ризашылығымды білдіремін. Мен Сіздерге сенемін! Әрқайсысыңыз мықты маман, отаншыл әрі адал азамат деген атқа лайықсыздар».

t.me/aqorda_resmi

0
0
174

Қазақстанда заң мен тәртіп: Мемлекеттік қауіпсіздікті нығайту жолдары

«Әрине, құқық қорғау мекемелерінің жұмысында ешқандай қателік немесе жетіспеушілік жоқ деп айтуға болмайды. Бірақ қара бұлтты төндірудің де қажеті жоқ. Бәріміз бір ел, бір халық болып Қазақстанымыз үшін қызмет етіп, табанды жұмыс істеуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ ұлттық парыз, азаматтық борыш. Қазақстан қауіпсіз, заң мен тәртіпке бағынатын ел болуы керек.

Сондықтан менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңесі бір аптаның ішінде Құқық қорғау органдарының жұмысы туралы арнайы талдау дайындауы керек. Барлық түйткілдерді ашық түрде көрсетеді, мәселелерді шешу жолдарын ұсынады. Бұл – өте маңызды жұмыс, оны жалғастыру қажет. Түптеп келгенде, біздің басты бағдарымыз – айқын. Бұл – заң мен тәртіп қағидаты. Қызметтеріңізге табыс тілеймін!

t.me/aqorda_resmi

0
0
193

Қасым-Жомарт Тоқаев «Эгмонт» тобының төрағасымен қаржылық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Мемлекет басшысы «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдады

Кездесу барысында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев:

– жаһандағы қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға және активтерді қайтару тиімділігін арттыруға үлес қосып жүрген басты халықаралық платформа ретінде «Эгмонт» тобының маңызы зор екеніне назар аударды;

– Қазақстанның «ақшаны жылыстатуға қарсы» ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға сай одан әрі жетілдіруге ниетті екенін растады;

– заң үстемдігін қамтамасыз етіп, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы қабылданғанын жеткізді.

➤ Эльжбета Франков-Яскевич:

– Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға беріп, оның тиімділігін атап өтті.

t.me/aqorda_resmi

0
0
167