Қазақстанда соңғы бес жылда 1,4 мыңнан астам кәсіпорын қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттарды енгізді, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғындықов. «Бес жылда қауіпсіздік және еңбекті қорғау шарттарын жақсарту мақсатында 12 мыңдай өндіріс нысандарын жұмыс берушілер аттестациялаудан өткізді, 1,4 мыңнан астам кәсіпорынға қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттар енгізілді», - деді Д. Арғындықов. Сонымен, статистика бойынша уәкілетті органдардың мәліметіне сәйкес, 2014 жылы тексерілген 1,8 млн жұмысшының 391 мыңы немесе әір бесіншісі зиянды салада жұмыс істейді. «Жұмысшылардың 41% шулы, 34 % шаң-тозаң, 17 % ауа температурасы қолайсыз жағдайда еңбек етуде», - деп толықтырды ол. Сонымен қатар, вице-мини…