Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылорда облысында құрама жем шығаратын жаңа зауыт іске қосылды

Бұл зауыт Қызылорданың оңтүстігіндегі аумағы 10 гектарлық өндірістік аймақта орналасқан. Кәсіпорын соның екі жарым мың гектарын алып жатыр. Құрылысын салуға 376 млн теңге жұмсалған. Нәтижесінде, 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Нысанның ашылуына арнайы келген өңір басшысы Қырымбек Көшербаев оның ауыл шаруашылығы үшін маңызы зор екенін атап көрсетті.

ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бұл үлкен комплекс, бұл жерде мал шаруашылығына да, егін шаруашылығына да, мына азық-түліктегі тұрақтандыру қорында да қамтамасыз ететін жұмыстарды осы кәсіпорын қамтамасыз етеді. Осындай жобаларға мүмкіндік болып отырған Елбасының "Нұрлы жол" бағдарламасында осы агроөнеркәсібін дамытуға жоспарланған іс-шаралар өзінің тиімділігін көрсетіп отыр....

Неміс технологиясымен жабдықталған кәсіпорын тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіруге қауқарлы. Мұнда шикізат пен дайын өнімді сақтайтын қойма, лаборатория мен қаптама цехы да бар. Келешекте өндірістік аймақта диірмен мен макарон шығаратын зауыт  іске қосылып, 250-ге тарта адам жұмыспен қамтылмақ.

БАҚДАУЛЕТ МАҚАШОВ, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ:

- Жалпы біздің кешеніміз азық-түлік бағытында болғандықтан, біз өзіміз ұн шығарғаннан кейін, одан макарон шығарсақ деген ойымыз бар. Оған арнайы бүгінгі таңда негізгі құрылысы бітті зданияның. Өздеріңіз білесіздер, нарықта әсем қаптау, әртүрлі бөлшек саудаға 800 грамм, 3 келі деген сияқты. Біздің облыста қазір үлкен наубайхана жоқ, оның да жұмысын қолға алсақ деп отырмыз....

Шараға қатысқан Ауыл шаруашылық министрлігінің өкілі де мемлекет салаға айрықша назар аударып отырғанын атап көрсетті.

АРМАН ҚАЙРАТҰЛЫ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

- Жолдар салынып жатыр, коммуникациялар келіп жатыр. Соның бәрі бизнес үшін. Осы тек қана ішкі сұранысты қамтамасыз етпей, мына экпортқа шығаруға толық мүмкіншілік ашып отыр, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отыр.

Мамандардың айтуынша, аймақтың индустрияландыру картасына енгізілген бұл зауыттың өңір үшін маңызы зор. Себебі, Сыр елінде бұған дейін  ауыл шаруашылығы саласы үшін жем өндіретін кәсіпорын болмаған. Аймақта жыл сайын мал басының артып келе жатқанын ескерсек, осыдан-ақ мұндай кәсіпорынның облысқа аса қажет екенін байқауға болады" дейді олар.

0
0
801

Осы тақырып бойынша

Қызылорда облысында құрама жем шығаратын жаңа зауыт іске қосылды - Yvision.kz