Мазмұнға өту

Жаңа

«Бөрілі байрақ» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті

Елордамызда Астана күніне орай «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер өркениеті дәстүрлі фестивалі аясында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырған «Бөрілі байрақ» атты республикалық ақындар айтысы болып өтті. Екі күнге созылған сөз сайысында 16 айтыскер бақ сынады. Атап айтқанда, көпшілікке кеңінен танымал – Серікзат Дүйсенғазы (Астана), Айбек Қалиев (Арқалық), Бауыржан Халиолла (Орал), Жарқынбек Наушабеков (ОҚО), Ринат Зайытов (Алматы), Иран­ Ғайып Күзембаев (Астана), Зура Шәйдімұратқызы (Алматы), Қалижан Білдәшев (Шымкент), Ботагөз Мұхиденқызы (Астана), Ершат Қайболдин (Ақтөбе) және айтыс сахнасына жаңадан көтеріліп келе жатқан Хазірет Бердіхан (Алматы облысы), Шұғайып Сезімхан (Түркістан), Данияр Алдабергенов (Астана), Саят Әбенов (Қостанай), Дархан…

0
0
1189

«Жігіттер» квартеті — «Таңшолпан» студиясында қонақта

Елордада өткен «Астана жұлдызы» Ұлттық музыка бәйгесінде «Жігіттер квартеті» «Ең үздік жігіттер тобы» аталымы бойынша жеңіске жетті.

«Бұл марапат Астана күні қарсаңында біз үшін өте керемет сый болды. Еңбектің еленгені қуаныш сыйлайды», дейді әншілер.   Топ алдағы уақытта елордада ән кешін өткізбек. «Қазіргі уақытта жаңа әндер жазу үстіндеміз. Астанада жеке концерт берсек деген жоспарымыз бар. Бұл - Алматыда өткен «Құстармен сырласу» атты кешіміздің жалғасы. Тыңдармандарымызға үнтаспаларымызға енген, бірақ, сахнада, концерттерде орындалмай қалған әндерді ұсынатын боламыз», дейді топ мүшелері.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер.

0
0
612

Мемлекет басшысы Астана күніне арналған салтанатты қабылдауларға қатысты

Мемлекет басшысының Астана күніне арналған салтанатты қабылдауы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Іс-шараға Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус, зиялы қауым және іскерлік орта, мәдениет пен білім беру саласы өкілдері қатысты, деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы өз сөзінде небәрі 17 жасқа толған ел астанасының қазірдің өзінде бай әрі даңқты тарихы бар екенін айтты. " Бүгінде елдің бас қаласы тек бірегей ғимараттарымен ғана емес, қайталанбас өзіндік ахуал-тынысымен де ерекшеленеді. Астананың өз «гравитациясы» бар, ол таланттарды, жаңа жобаларды, қаржылық, зияткерлік және әлеуметтік капиталды өзіне тартып тұрады. Осында өмір сүруге, өз болашағын осында бедерлеуге ұмтылғандар барған сайын көбеюде. Астана…

0
0
354

Тұрғындар мен қонақтарды «Астана Самалы-2015» үрмелі аспаптар парады 6-шы рет құттықтады

Елорданың 17 жылдығына орай Астанада бұқралық мәдени-ойын-сауық шаралары өтуде. Оның бірі «Астана Самалы-2015» үрмелі аспаптар халықаралық фесивалі, ол 6-шы жыл қатарынан өтуде. Таңертең астаналықтарды үрмелі аспаптар оркестрі қарсы алды. Ол Астананың бас көшелерінің бірінде өтуде. Бұл жолы бас даңғылда өз өнерлерін Астана қаласы әкімдігінің үрмелі аспаптар оркестрі, Петропавл қаласының Ұлттық гвардия әскери институтының оркестрі, Алматы қаласының 5571 әскери бөлімінің оркестрі, Омск филармониясы және Президенттік үрмелі аспаптар оркестрі паш етті. Оркестр астаналық марш, заманауи өңдеудегі әскери әндер, «Азия дауысы» әндерін орындады. «Бүгін бізде үрмелі аспаптар парады өтті ол Ұлттық галереядан бастау алып, «Жастар» сарайына дейін далғасты. Астана күні аясында бұл шара 6-шы жыл қатарына…

0
0
802

Шетелдік мемлекеттер мен үкіметтер басшылары Қазақстан Республикасы Президентін туған күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасы Президентінің туған күніне байланысты шетелдік мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының құттықтаулары келіп түсті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Армения Президенті Серж Саргсян өз құттықтауында қазақ-армян ықпалдастығы екіжақты форматта, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар мен бірлестіктер аясында Қазақстан-Армения халықтарының достығы мен игілігі үшін алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірген. Серж Саргсян Мемлекет басшысына мықты денсаулық, бақуаттылық және қызметіне табыс тіледі. Украина Президенті Петр Порошенко мемлекет құру жолында біздің елдің соңғы ондаған жылдарда қол жеткізген түрлі саладағы жетістіктері Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті лауазымындағы көпқырлы қызметімен ажырағысыз байланысты екенін атап өткен. «Дәстүрлі…

0
0
336

Мемлекет басшысының атына оның туған күніне және Астана күніне байланысты құттықтаулар түсіп жатыр

Мемлекет басшысы атына Қазақстанның барлық өңірінен және шет елдерден құттықтау хаттары мен жеделхаттары әлі де келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мәселен, ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы А.Сергеев, сондай-ақ ТМД ПАА кеңесінің бас хатшысының орынбасары – ҚР Парламентінің ТМД ПАА және ҰҚШҰ Парламент ассамблеясындағы өкілі Х.Бакенов Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтап, оның өмірі өз еліне және халқына қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі екенін айтқан. «Әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамудағы елеулі табыстармен, халықаралық аренадағы елдің орнының нығаюымен айшықталған қазіргі Қазақстан тарихының тұтас дәуірі Сіздің есіміңізбен байланысты. Сіз әрдайым Достастық кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің дамуының, ТМД-ға мүше мемл…

0
0
358

«Елбасы жолы: от- өзен» драмасын көріңіз

Нұржұман Ықтымбаев, Наталья Арынбасарова, Жан Байжанбаев, Нұрлан Әлімжанов ойнаған фильмді бүгін 22:50-де тамашалай аласыздар.


Режиссер Рүстем  Әбдірашевтің «Елбасы жолы» киноэпопеясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың студенттік жылдары, алғашқы еңбек жолы баяндалады. Фильмде басты кейіпкер Теміртауға келіп, металлургтар қаласының құрылысына атсалысады. Кейін Украинаның Днепродзерджинск қаласына оқуға аттанады. Ол жаңа достар табады. Дипломды қолына алғаннан кейін Отанына оралып, кәсіби еңбек жолын бастайды.

0
0
924

«Ой бөлістім халқыммен»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына қатысты тұщымды ойлары жинақталған арнайы тележобаны бүгін Ұлттық арнадан сағат 19:45-те көре аласыздар. «Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын. Басымды иемін!». Н.Назарбаев. Қашанда халқымен бірге Мемлекет басшысы: «1991 жылы сайланар алдында еліме берген уәдемді орындай алдым, деп ойлаймын. Сол кезеңдері жанымдағы адамдармен бірге біз Тәуелсіз Қазақстанды құра алдық. Терезесін тең қылып, дүниежүзіне паш еттік»,-дейді. Әр істі бастамас бұрын халқына жүгінетін Елбасы жеткен жетістіктерін халқымен байланыстыратынын айтады. «Қиналсам да, қуансам да, бар-жоғымның сыншысы, ар-намысымның өлшемі тек халқым болсын»,-дейді. Бүгін Ұлттық арнадан сағат 19:45-те «Ой бөлістім халқыммен» арнайы тележобасын к…

0
0
619

«Астана-Арқау» түркі музыкасының фестивалін көріңіз

Түркі халықтары музыкасын жақындастыруға бағытталған фестивальді бүгін 18:10-да көре аласыздар.

«Астана-Арқау» түркі музыкасының фестивалі түркі халықтарының мәдениетінде елеулі орны бар музыкалық шара. Фестивальге түркі халықтарының дәстүрлі музыка өкілдерінен құралған  400-ге тарта музыкант-ғалымдар қатысқан.  Соның ішінде, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, сондай-ақ, Алтай, Башқұртстан, Гагаузия, Хакасия, Саха, Татарстан, Тыва, т.б. түркі ұлттық автономияларының әншілері мен ғалымдары, аспаптық орындаушылары болды. «Астана-Арқау» фестивалінің бағдарламасы әу бастан-ақ, қазіргі түркілер этномузыкасындағы әралуандылықпен қатар, өзара жақындастыра түсер ортақ сипаттарды айқындауға құрылған.

Фестивальді бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:10-та тамашалай аласыздар.

0
0
207

Елорда күні: Астанада Astana Art Fest заманауи өнір және технология фестивалі өтуде

Елорда күнін атап өту аясында бас қалада «AstanaArtFest» заманауи өнер мен технологиялар фестивалі басталды. Водно-зеленый бульвардың аумағында әлемнің жетекші суретшілері, дизайнерлері мен сәулетшілері үлкен өнер әлімін ұсынды. Франция, Германия, Нидерланды, Италия, Испания, АҚШ, Ресей мен Қазақстаннан келген 53 қатысушы «Astana Expo-2017» көрмесінің идеясын сипаттайтын үш тематикалық тақырыпта өз жұмыстарын ұсынды: «От энергиясы», «Су энергиясы» мен «Ауа энергиясы». «Қазақстанда алғаш рет мұндай бірегей шара өтіп жатыр. Бізге бәрін басын біріктіру өте қиынға соқты. Уақыт өте тығыз болды. Мемлекет үшін үлкен ұмтылыс болды. Мұндай фестивалді бір жыл бойы дайындайды, ал оны біз 2 айда ұйымдастырдық. Біз көптен бері ойланып, өткізгіміз келіп жүрген, алайда бізге өткізуге бергенде уақыт тым…

0
0
1063