Астана әкімі мен Милан мэрі бірлескен коммюнике қабылдады
Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Астанаға болашақ ЭКСПО-2017 көрмесінің нысандарымен танысуға және Астана күніне арналған мерекелік шараларға қатысуға келген Милан қаласының мэрі Джулиано Пизапиамен кездесті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. «Бұл күндері Астананың 17 жылдығын атап өтудеміз. Астана республикамыздың бірлігінің, тәуелсіздігінің және жасампаз энергияның символына айналды», - деді әкім. Елорда әкімі қонаққа Астананың құрылысы, оның дамуы мен жетістіктері туралы айтып берді. «Осы күндері Астанаға Қазақстанның басқа аймақтарынан және шетелдерден көптеген қонақтар келуде. Біз Италиядан келген достарымызды да қуана қарсы аламыз», - деді Ә. Жақсыбеков. Астана мен Милан арасындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту туралы айта келе, әкім, бірінші кезекте «ЭКСПО Милан 2015»…