Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елорда күні: Астанада Astana Art Fest заманауи өнір және технология фестивалі өтуде

Елорда күнін атап өту аясында бас қалада «AstanaArtFest» заманауи өнер мен технологиялар фестивалі басталды.

Водно-зеленый бульвардың аумағында әлемнің жетекші суретшілері,  дизайнерлері мен сәулетшілері үлкен өнер әлімін ұсынды. Франция, Германия, Нидерланды, Италия, Испания, АҚШ, Ресей мен Қазақстаннан келген 53 қатысушы «Astana Expo-2017» көрмесінің идеясын сипаттайтын үш тематикалық тақырыпта өз жұмыстарын ұсынды: «От энергиясы», «Су энергиясы» мен «Ауа энергиясы».

«Қазақстанда алғаш рет мұндай бірегей шара өтіп жатыр. Бізге бәрін басын біріктіру өте қиынға соқты. Уақыт өте тығыз болды. Мемлекет үшін үлкен ұмтылыс болды. Мұндай фестивалді бір жыл бойы дайындайды, ал оны біз 2 айда ұйымдастырдық. Біз көптен бері ойланып, өткізгіміз келіп жүрген, алайда бізге өткізуге бергенде уақыт тым аз болатын. Бұл фестиваль жастарымыздың жан-жақты екенін және шығармашылығын көрсету үшін ойластырылды», - деді  Astana Art Fest фестивалінің ұйымдастырушысы  Майра Измайлова.

Фестиваль аясында халықаралық экспозиция жұмыс істеуде, оның құрамында 18 мемлекеттен келген 60 жарық суретшісі бар, сонымен қатар жарықпен және уақытпен сурет салу - LightPaint Room. Көрмеге 100 сурет іріктелініп алынды, олар алдағы уақытта өтетін ЭКСПО-2017  көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбын аша түседі.

Айта кетерлік жайт, Астанада «AstanaArtFest» заманауи өнер мен технологиялар фестивалі шілденің 5 мен 6 аралығында өтеді.

Ұйымдастырушылар  фестивальді өткізу тақырыбын таңдауда ЭКСПО-2017 негізіне сүйенді. Көрме 3 бағытта қарастырылған: «От энергеиясы», «Су энергеиясы», «Ауа энергиясы».

Фетивальда инновациялық жобалар көрсетілді.

Сондай-ақ, тірілген бостандық монументә ен Элвис Преслиді көруге болады.

3 күндік меркеде қонақтар мен тұрғындарға Франция, Германия, Нидерланды, Италия, Испания, АҚШ, Ресей мен Қазақстан суретшілерінің туындылары көрсетіледі.

Жалпы фестиваль жаңа технологиялар мен өнерді, дизайнды жаңғыртты. Арт-фестивальдің әрлеуі WI-FI ағаштар болды.

Ақпарат көзі

0
0
1058

Осы тақырып бойынша

Елорда күні: Астанада Astana Art Fest заманауи өнір және технология фестивалі өтуде - Yvision.kz