Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тұрғындар мен қонақтарды «Астана Самалы-2015» үрмелі аспаптар парады 6-шы рет құттықтады

Елорданың 17 жылдығына орай Астанада бұқралық мәдени-ойын-сауық шаралары өтуде. Оның бірі «Астана Самалы-2015» үрмелі аспаптар халықаралық фесивалі, ол 6-шы жыл қатарынан өтуде.

Таңертең астаналықтарды үрмелі аспаптар оркестрі қарсы алды. Ол Астананың бас көшелерінің бірінде өтуде.

Бұл жолы бас даңғылда өз өнерлерін Астана қаласы әкімдігінің үрмелі аспаптар оркестрі, Петропавл қаласының Ұлттық гвардия әскери институтының оркестрі, Алматы қаласының 5571 әскери бөлімінің оркестрі, Омск филармониясы және Президенттік үрмелі аспаптар оркестрі  паш етті.

Оркестр астаналық марш, заманауи өңдеудегі әскери әндер, «Азия дауысы» әндерін орындады.

«Бүгін бізде үрмелі аспаптар парады өтті ол Ұлттық галереядан бастау алып, «Жастар» сарайына дейін далғасты. Астана күні аясында бұл шара 6-шы жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр», - деді Мемлекеттік академиялық филармонияның үйлестіру бөлімінің жетекшісі Орал Рысмағамбетов.

Айта кетерлігі, осы жылы фестивальға 150 оркестрант қатысты.

Сондай-ақ, Астана күніне Астанада әлемдегі ең үлкен бешбармақ дайындалды.Астананың 17 жылдығына арнап, елордалық аспаздар әлемдегі ең үлкен бешбармақты дайындап, Гиннес рекордын орнатты.

Елорданың жүздеген тұрғындары Қазақстанның жаңа рекордын тамашалау үшін «Махаббат» паркіне келді. «Тайқазан» акицясына Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақ географиялық қоғамы мен Астана әкімдігі өкілдері бастамашылық етті, деп хабарланды елорда әкімдігінің ресми сайтынан.

Салмағы 736,5 келі  болатын қазақтың ұлттық тағамы әлемдегі ең үлкен бешбармақ ретінде ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. 25 аспаздан құрылған команда таң атпастан тағамды дайындауға кірісті. Ұйымдастырушылардың айтуларынша, әлемдегі ең үлкен бешбармақты дайындау үшін 800 келі ұн, 14 қап пияз, ал иленген қамырдың салмағы 300 келіден асты.

Гиннестің рекордтар кітабының  Лондондағы штаб-пәтерінің супервайзерлері  «Елдің ең басты ұлттық тағамын дайындау»  аталымы бойынша әлемдік рекорд орнатты.  Гинестің рекордтар кітабының ережесі бойынша, бешбармақ дәстүрлі рецепт бойынша дайындалуы керек, ал оның құрамына ет, пияз, қамыр кіреді, осының барлығын бір қазанда қайнату керек.

Акция аясында «Махаббат» паркіне келушілердің барлығы дайындалған тағамнан дәм татып, мерекелік концерті тамашалады.

Ақпарат көзі

 

0
0
797

Осы тақырып бойынша

Тұрғындар мен қонақтарды «Астана Самалы-2015» үрмелі аспаптар парады 6-шы рет құттықтады - Yvision.kz