Мазмұнға өту

Жаңа

Владимир Тельнов: Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі ішкі экономикалық бірқатар мәселені шешуге ықпал етеді

«Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі маңызды ішкі экономикалық мәселелерді шешеді, ол еңбек өнімділігінің өсімі, шығындарды қысқарту»,- деді ОКҚ брифингінде Еуразиялық интеграция институтының экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов. «Қазақстанның ДСҰ-ға енуінің жоспарлы қорытындылары: бір жағынан, қазақстандық тұтынушы – бизнес пен халық ірі және әр түрлі тауар нарығы мен қызметке ие болады. Ол халық деңгейінің көтерілуі, екінші жағынан экономикалық салада мықты бәсекелестік орта пайда болады. Бірінші кезекте, қысымды текстильді, астық өнеркәсібі, машина жасау, қаржы секторы, сақтандыру компаниялары», - деді В.Тельнов. Оның айтуынша, Қазақстанның ДСҰ-ға қатысуы – елдің бәсекелестігін арттыратын қосымша стимул. Біздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіріп отырған…

0
0
283

Қазақстанның экономикалық өсімінің негізгі әлеуеті шағын бизнесте жатыр – сарапшы

Қазақстанның экономикалық өсімінің негізгі әлеуеті шағын бизнесте жатыр, деді Еуразиялық ықпалдастық институтының Экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. «ҚР Президенті айтқан құрамына 30 мемлекет кіретін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына көшу біз үшін маңызды және біз соған ұмтылып отырмыз. Осы ерте шағын кәсіпкерлік саласына маңыз берген жөн, өйткені тап осы салада елдің экономикалық өсімінің негізгі әлеуеті жатыр»,-деді В.Тельнов. Оның сөзінше, осы мәселеге байланысты ДСҰ-ға мүше өзге елдермен бәсекелестік жағдайында күресе алуға жағдай жасау үшін шағын бизнесті қолдауға бағытталған жаңа бағдарлама қажат. «Бизнес-инкубатор, технопарктер, несиелік одақтар сияқты тиісті қолдаудың тиісті инфрақұрылымын қ…

0
0
365

Маңғыстау облысында екі дәрігерлік амбулатория ашылды

Маңғыстау ауданының Жыңғылды және Ұштаған ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулаториялардың ашылу салтанаттары өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі. Жыңғылды ауылынан бой көтерген жаңа нысанның құрылысына 174 млн.теңге бөлінген. Аталмыш дәрігерлік амбулаторияның құрылысы өткен жылдың қыркүйек айында басталған болатын. « «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында облысымыздың көптеген елді мекендерінде қазіргі заманның талабына сай ауруханалар салынуда. Соңғы екі жылдың ішінде Маңғыстау ауданының өзінде 7 селолық дәрігерлік амбулатория салынып, тұрғындардың игілігіне берілді. Бүгін де тұрғындарға жоғары сапалы және уақытылы ем алуға мүмкіндік беретін, қажетті медициналық жабдықтармен қамтылған жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатының куәсі болып отырсыздар», - деді Маңғыс…

0
0
1685

Саяхатшы күнделігінен

Демалысты жақсы өткізу үшін нақты жоспар құру қажет: кіммен барамыз, қай жаққа, ол үшін өзімізбен бірге не нәрсе аламыз және т.б. Ең әуелі, қай жаққа баратынымызды, бағытымызды анықтап алу керек. Бағыт Қазақстан азаматы үшін Түркия (30 күн), Оңтүстік Корея (1 ай), Малайзия (1 ай), Хайнань аралы (Қытай, 15 күн), Гонконг (14 күн), Мальдива (1 ай) және Сейшел аралына (1 ай) визасыз режим орнатылған. Ал, егер бағытымыз Тайланд болса, сол елде қазақстандықтарға 15 күнге виза берілетінін есте ұстаңыз. Еуропаға баратындар Шенген аймағының визасын (90 күн) жасатады. «Жаз бітті, суға түсетін уақыт аяқталды» дейтіндер үшін Біріккен Араб Әмірлігінде қыстың өзінде +25 градус болатынын білгейсіздер. Тіпті, су салқын болғанның өзінде ол жерде ойын-сауық орталықтары жетіп жатыр. Әйтеуір, ішіңіз пыспайды…

0
0
1185

Ағаш батыр

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай еліміздің әрбір өңірінде шаралар өтіп жатыр. Соның бірі – Орал қаласындағы Достық даңғылының бойында қазақ батыры мүсінінің ашылуы. Мұның ерекшелігі - ағаш түбірінен ойылып жасалғандығында. Оған әуесқой мүсінші Болатбек Баймағамбетовтің бір айдай уақыты кеткен. Осы жерде қураған ағаштың түбірі тұрғанын байқаған ол көмекшісі Азамат Алагөзовпен бірге жергілікті тұрғындардың қолдауымен қазақ батырының бейнесін сомдап шыққан. Кішкентай кезінен сурет салумен айналысатын Б.Баймағамбетов соңғы жылдары ағаштан шағын мүсіндер жасауды қолға алған екен. Енді ол аталған ескерткішті күтіп ұстаумен бірге алдағы уақытта да осындай істерді қолға алмақшы. Қаншама ескерткіші ашылып жатыр, әр көшеге батырлардың есімі берілді. Ескерткіштердің барлығы бір-біріне ұқсас, барл…

0
0
632

Қадір түнін қалай өткізген жөн?

«Иман айнасы» хабары бүгін қасиетті түннің маңыздылығына тоқталмақ. Ең қасиетті түн – Қадір түні. Оның қасиеттілігі сол бұл түнде жасалған құлшылықты Жаратушы Иеміз мың айда жасалған ғибадаттан артық, деп қабылдайды. Мың ай қарапайым арифметикалық жолмен есептегеннің өзінде сексен үш жылдық мерзімді қамтиды. Ал, кейбір ғалымдар мың деген санды араб халқы негізінен «өте көп» деген мағынада қолданады. Сондықтан, Құранның: «Қадір түні мың айдан қайырлы» деген аятындағы «мың» сөзі де «өте көп» деген мағынаны береді деп есептейді. Қадір түнінің өзге түндерден артықшылығы сол – ол түні періштелер Жер бетіне Алла Тағаладан қайыр-береке мен мол жақсылық ала түседі.   

Бүгін 12:40-та «Иман айнасынан» көріңіз.

0
0
220

Кенже Жұманұлы: «Алтын қалам» байқауының берері көп

Тележүргізуші, «Алтын қалам» байқауының ұйымдастырушысы Кенже Жұманұлы бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды. Байқаудың мақсаты мен шарттары төңірегінде әңгіме өрбіткен ол: «Байқау алғаш рет 2010 жылы басталған. Әуелде байқау қалай болар екен, деп ойлаған едік, бірақ биыл төртінші маусымын ұйымдастырып отырмыз. Соған қарағанда, қатысушылардың жобаға деген ынтасы жоғары сияқты. Қазір конкурсқа шығармалар қабылдаудамыз»,-дейді. «Байқаудың берері көп. Бүгінде қазақ әдебиеті тоқырауға ұшыраған секілді. Себебі, қаламгерлердің өзара байланысы жоқ. Қаламгер мен оқырманның арасындағы байланыс үзілген сияқты. Ал, газеттер қандайда бір кітаптың жарыққа шыққанын ғана айтуда. Бір қарағанда, әдебиетте тыныштық орнағандай. Алайда, жазып жатқандар өте көп екенін біз осы конкурс барысында байқадық. Олар…

0
0
640

«Қайрат» футбол клубы Еуропа Лигасының келесі айналымына шықты

Алматылық «Қайрат» клубы өз алаңында сербиялық «Цервена Звезда» клубын 2:1 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті. Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» футбол клубы «Цервена Звезда» клубын екі ойында да ұтып, жарыстың келесі кезеңіне өтті. 2 шілдеде Сербияда өткен алғашқы ойында «Қайрат» клубы сырт алаңда жергілікті команданы 2:0 есебімен ұтқан. Ал, Қазақстанда өткен жауап ойында қазақстандық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қос ойын нәтижесі бойынша «Қайрат» командасы «Цервена Звезда» клубын 4:1 есебімен жеңді. «Қайраттың» келесі кезеңдегі қарсыласы алдағы уақытта белгілі болмақ. Еске сала кетейік,

Еуропа Лигасында ойнайтын «Ордабасы» мен «Бейтар» арасындағы кезедсуді бүгін сағат 23:00-де «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

0
0
185

Назардан тыс қалған көше

Қаншама жылдан бері өгей баланың күйін кешіп келеміз. Өйткені, біздің талап-арыздарымызға басшылық тарапынан назар аударылмай келеді. Осылай деген Тараз қаласындағы «Шалғай Қарасу» елді мекенінің тұрғындары телеарнаға шағымдарын жеткізді. Халықтың бұлай деп айтуының басты себебі – мұндағы тұрғын үйлердің кейбіріне газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілмеген. Тұрғындардың талап тілектерін тыңдап қайтқан тілші материалы толықтырады. Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды. Бұл талай жылдан бері үйіме табиғи отын кіргізілсін деп, талай есікті қаққан тұрғындардың жәйі. Бірақ, бұл өтініш «Шалғай Қарасу» елді мекенінің барлық тұрғындарына қатысты емес. Арыз-шағымдарын айтқан мұндағы халықтың айтуынша, бұл аймаққа көгілдір отын тартылғанына 5 жылға жуықтаған. Алайда, бұл жұмыстардан неге екені бел…

0
0
391

«Өнерпаз болсаң, арқалан»

Ерекше әуестіктерін өнерге айналдыра білген жандар бүгін «Айтуға оңайда» қонақта. Қазақта әуес, әуестік деген ұғым бар. Бүгінгі тілмен айтқанда, хобби дейміз. Әлдебір нәрсемен ерекше ыждаһаттылықпен айналысатын, әлдебір бұйымдарды ұқыпты түрде жинап жүретін жандар болады. Олардың бірі кітап жинаса, бірі пошта маркаларын, бірі қаламсап, енді бірі ескі автокөліктерді жинаумен айналысады. Ал, «Айтуға оңайдың»  бүгінгі кейіпкерлері тіптен ерекше. Олар сол әуестікті өнерге айналдыра білген жандар. Бүгін 21:05-те Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
649