Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Қайрат» футбол клубы Еуропа Лигасының келесі айналымына шықты

Алматылық «Қайрат» клубы өз алаңында сербиялық «Цервена Звезда» клубын 2:1 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті. Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» футбол клубы «Цервена Звезда» клубын екі ойында да ұтып, жарыстың келесі кезеңіне өтті. 2 шілдеде Сербияда өткен алғашқы ойында «Қайрат» клубы сырт алаңда жергілікті команданы 2:0 есебімен ұтқан. Ал, Қазақстанда өткен жауап ойында қазақстандық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қос ойын нәтижесі бойынша «Қайрат» командасы «Цервена Звезда» клубын 4:1 есебімен жеңді. «Қайраттың» келесі кезеңдегі қарсыласы алдағы уақытта белгілі болмақ. Еске сала кетейік,

Еуропа Лигасында ойнайтын «Ордабасы» мен «Бейтар» арасындағы кезедсуді бүгін сағат 23:00-де «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

 

0
0
179

Осы тақырып бойынша