Қазақстан Парламенті төртінші сессияны аяқтап, демалысқа кетті
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің қос палатасы бесінші шақырылымдағы төртінші сессияның жұмысын аяқтап, бірлескен отырыстан кейін жазғы демалысқа кетті.
«Төртінші сессияда Парламент Үкіметпен үйлесімді өзара қарым-қатынаста халық пен мемлекет мүддесі үшін Елбасы белгілеп берген және қалыптасқан жағдай талап етіп отырған көптеген ауқымды міндеттерді шеше алды. Барлық фракциялар, депутаттық бірлестіктер, қос палатаның барлық комитеттері, әрбір депутат береке-бірлік таныта отырып, ортақ елдік мақсаттар үшін жұмыс атқарды. Олардың әрқайсысы біздің ортақ нәтижемізге өз үлесін қосты», - деді бірлескен отырыста бас баяндама жасаған Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов.
Орайды пайдалана отырып, Қабиболла Жақыпов депутаттық корпуспен констурктивті қарым-қатынас орнатқаны үшін Премьер-министр мен Үкімет мүшелеріне алғысын айтты.
«5-ші шақырылымның 5-ші сессиясында заң жобаларының топтамасы көп болады. «100 нақты қадамды» жүзеге асыру бойынша Ұлттық комиссия ұсынған құжаттар да баршылық. Олар қаралып, бізден саяси жауапкершілік пен жоғарғы кәсібилікті қажет етеді», - деді ол.
«Еуразиялық экономикалық одақ туралы ратификациялау туралы» заңды ерекше атап өтер едім. Қазақстанның әлем қауымдастығымен ынтымақтастығын кеңейту жағдайында мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігін нығайту басты стратегиялық міндет болып табылады», -деді Қ.Жақыпов.
Оның айтуынша, депутаттар Ұлт көшбасшысы ұсынған интеграцияның экономикалық үлгісін толығымен қолдайды.
«Осы келісімді орындау Қазақстанды бәсекеге қабілеттілікке және мемлекет ретінде табыстылыққа сынауда. Және тек экономика саласында ғана емес, Үкімет, лауазымды қызметкерлер, ұлттық мүдде үшін жұмыс істеп жатқандардың барлығы тәжірибе жинақтауда. Біз заң шығарушылар ретінде елімізде Конституция үстемділігін қамтамасыз ету депутаттардың басты міндеті екенін ұмытпауымыз керек», деп толықтырды Мәжіліс басшысы.
Сонымен қатар, Парламенттің төртінші сессиясында депутаттар 9 мың хатты қарағандығын және олардың сәйкес заңнамалар бойынша қарастырылғандығын баяндады Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов Қазақстан Республикасы Парламенттің бірлескен палаталарының отырысында.
«Мәжіліс ұйымдастырған шаралар ішінде: ҚХА 20 жылдығына, Конституцияның 20 жылдығына арналған халықаралық конференциялар. Сенат V әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің съезін өткізді. Депутаттар қазақстандықтардың мәселелерін қарады», - деді Қабиболла Жақыпов.
Оның айтуынша, Парламент депутаттары төртінші сессияда 9 мың хатты қарады, олар сәйкес заңнамаға орай шешілді.
«Парламент палаталары депутаттары маңызды мәселелерді шешу мақсатында 326 депутаттық сауал жолдады. Депутаттық сауалдардың тақырыбы мемлекеттік және қоғамдық проблемалар тұрғысында болды», -деп атап өтті Мәжіліс төрағасы.
