Мазмұнға өту

Жаңа

Қарағанды облысында су қорғау габиондардың сынауы өтті

Қарағанды облысында атқарылған жұмысты қорытындылау, сонымен қатар болуы мүмкін апаттарға дайындалу мақсатында «Су тасқыны әкелген апат: қауіпті азайту және әрекет ету тиімділігін жоғарлату» тақырыбында семинар өткізді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖД. «Аталмыш семинарды өткізудің басты себебі Қарағанды облысындағы 2015 жылдың сәуір-мамыр айларында орын алған су тасқынының апатты салдары болып табылады», - делінген хабарламада. Ауқымды іс-шара үш кезеңнен тұрды, сонымен қоса «дөңгелек үстел де» ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілдері өздерінің жұмыстары туралы бейнефильм көрсетіп, су тасқыны кезіндегі атқарылған жұмыстары туралы айтып берді. Әрі қарай көктемгі су тасқыны кезіндегі жұмыстар туралы баяндамалар тындалды, Қарағанды облысының ТЖД-нен бастықтың орынбасары полковник М.К.Қатпанов баяндамас…

0
0
1036

Жамбыл облысында командалық-штабтық оқу-жаттығулары «Химиялық қауіпсіздік 2015» басталды

Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымымен «Химиялық қауіпсіздік 2015» командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК. Жаттығулар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның Техникалық хатшылық арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес ұйымдастырылады және 17 шілдеге дейін 3 күн өтеді. «Оқу-жаттығуларда Ішкі істер, Сыртқы істер, Қорғаныс, Инвестициялар және даму министрліктері, Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ ұйымның Нидерландтан 2 Техникалық хатшылық басшылығының өкілдері мен Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Куба, Литва, Польша, Румыния, Вьетнам және Украинаның 15 өкілі қатысты», - делінген хабарламада. Командалық-штабтық оқу ашылуы Қазақстан Республикасы Ішкі істер мин…

0
0
629

«Астана Опера» театрының екінші маусымында театрға 90 737 көрермен келді

«Астана Опера» театрының екінші театр маусымы аяқталды. Оның қалай өткені туралы театрдың маркетингтік зерттеулері бойынша алынған статистикалық мәліметтерден білуге болады, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі. 2014-2015 жылғы екінші театр маусымының қорытындысы бойынша «Астана Опера» театрында 200-ден астам іс-шаралар өтті, тұрақты репертуардағы спектакльдермен қатар Ғ.А.Жұбанованың «Қарагөз», П.И.Чайковскийдің «Жаңғақ шаққыш», Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» сияқты үш балет спектаклін және Х. Брогхауздың қойылымындағы Дж.Вердидің «Травиата» және атақты режиссер Ф. Дзеффиреллидің қойылымындағы Дж.Вердидің «Аида» сияқты екі опералық спектакльді қосқанда бес тұсаукесер болды. Гала-концерт пен гала балетке үлкен қызығушылық туғандығы атап өтілді. «Зерттеулер көрсеткендей, театрға келу…

0
0
413

«Қазақстан даму банкі» АҚ Оңтүстік Қазақстанда 22 жобаны қаржыландырмақ

ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен келген «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішевпен кездесті. Кездесу барысында қос тараптар өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойып, жалпы құны 617,5 млрд. теңгені құрайтын 22 жобаны қаржыландыру жөнінде келісімге келді, деп хабарлады облыс әкімдігі. «Индустрияландыру картасы аясында алғашқы бесжылдықта Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы құны 184 млрд. теңгені құрайтын 137 жоба іске асып, 11 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 130 жоба 2015 жылдың алғашқы жартыжылдығында толық өндірістік қуаттылығына шықты. Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығында жалпы құны 868,8 млрд. теңгені құрайтын 115 жоба іске аспақ», - делінген хабарламада. Бұл кәсіпорындарда 19,9 мың жаңа жұмыс орындары құры…

0
0
472

Валюта дәлізінің кеңеюінің экономикаға ешқандай да зияны жоқ – сарапшы

Валюта дәлізінің Ұлттың банктің 2015 жылдың 15-шілдесінде бекіткен долларға шаққандағының бағамының 198 теңге болуы Қазақстан экономикасына ешқандай әсері жоқ. Бұл ретте дәліздің жоғарғы шегіндегі бағамы ең кемінде 3 айға созылады, деген ойымен бөлісті бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. «Меніңше, валюталық дәліздің кеңейтілгені бізге ешқандай әсер етпейді. Ұлттық банктің осыған дейінгі дәлізді кеңейтуін алсақ, онда дәліз қанша кең болғанымен теңгенің негізгі бағытын дұрыстауға мүмкіндік туды. Әрине, Қазақстандағы қазіргі жағдай сыртқы факторлардың әсерін алатын болсақ аса мәз емес және оны біздің барлығымыз білеміз. Бірінші кезекте бұл осыған дейін бірнеш…

0
0
290

Қазақстан Бутан Корольдігін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды

Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы өкілі, Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов Бутан Корольдігіне сапары шеңберінде Премьер-министр Тшеринг Тобгаймен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ. Кездесу барысында Асқар Мусинов сұхбаттасына Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бутан Королі Джигме Кхесар Намгьял Вангчукке 2017-2018 жж. Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан Республикасының кандидатурасын қолдауы жөніндегі жолдауын табыс етті. Арнайы өкіл Бутан Премьер-министрін Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымы ҚК-не сайлануының дәйектері, атап айтқанда, өңірлік және халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті күшейтудегі үлесі, соның ішінде қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпау жолындағы және елдің көпжақты дипломатия…

0
0
668

Тағам жарнамасы қалай жасалады?

Мамандар бір минуттық ролик түсіру үшін екі күнге жуық уақыт жұмсайды. Фудстилистердің атқаратын басты жұмысы аспаздың жұмысымен бірдей болғанымен, мақсаты дәмді тағам әзірлеу емес. Фудстилист үшін астың сыртқы көрінісі ғана маңызды. Тағамдарға жасалған жарнама – бір ғана адамның еңбегі емес. Стилист, фотограф, оператор, жарық қоюшы және бастысы, фудстилистің жұмысы. Міне, бұл мамандар бір минуттық ролик түсіру үшін екі күнге жуық уақыт жұмсайды. Мысалы, жарнамадағы аскөктің ұсақ тамшылары шын мәнінде су емес, глицирин. Ол бірден құрғап кетпейді. Сондай-ақ, салатқа өң беріп, камерадан әдемі көрінеді. Ал, тауық еті шикі күйінде сыртқы пішінін жақсы сақтайды. Сондықтан, суретте әдемі көрінуі үшін тауық етін кәдімгі қызыл бояумен бояп қояды. Сондай-ақ, фудстилистер сүттің орнына құрылыста па…

0
0
970

«Қазақстандағы» түрікше жайлылық

Өткен жылдың аяғында "Қазақстан" қонақ үйінің менеджерлері ауысты. Сол уақыттан бері қонақ үйде бірқатар өзгерістер болып, іші-сырты түрлене түсті. Өткен аптада "Қазақстанның" топ-менеджерлері Шенол Йорганджи мен Шейхмус Есин қазақстандық БАҚ өкілдері үшін баспасөз турын ұйымдастырып, ғимараттың осы уақытқа дейін өзгеріске ұшыраған тұстарын көрсетіп, еркін әңгіме барысында қонақ үй бизнесінің ерекшеліктерін баян етіп, келешек жоспарларымен бөлісті. Қонақ үйге келген адам үшін жайлы нөмір, дәмді ас, тыныштықта отырып дем алатын жерден ойын-сауық орындарына дейін барлығы қарастырылған. Қонақү йдің жазғы террасасы, банкет залы жөндеуден өткен. Итальян мейрамханасы салынуда. Қазірдің өзінде нөмірлердің біршама бөлігі жөнделіп жатыр. Қонақ үйді жауып тастап, түгелімен жөндеуден өткізейін десе,…

0
0
5299

ҚР-ның талапкерлерінің кешенді тестілеуіне қатысуға 80 мың өтініш берілді

2015 жылғы 20 маусым мен 9 шілде аралығында Қазақстан Республикасында талапкерлерден кешенді тестілеуге қатысу бойынша құжаттарды қабылдау аяқталды. Жинап келгенде өтініш бергендер саны 81285 болды, оның ішінде 56741-і қазақ тілінде, ал 24544-і орыс тілінде, деп хабарлады ҚР БҒМ. «Сонымен қатар, 17259 өтініш мектеп бітіруші түлектерден түсті, 19765-і 11-ші сыныпты бітіргеннен кейін оқуға түскен кәсіптік-техникалық білім беру түлектері және 44261-і 9-шы сыныптан кейін оқуға түскен кәсіптік-техникалық білім беру түлектерінен түсті. Өтініш бергендердің саны 2014-ші жылмен салыстырған 6,63%-ға (87061 өтініш) қысқарды», - делінген хабарламада. Кешенді тестілеу 2015 жылы 18-ші және 23-ші шілде аралығында 40 жоғары оқу орындары базасында өткізіледі. Оның ішінде 3-уі ұлттық өнер университеті мен…

0
0
423

Астанада Орталық Азияда босқындарды қорғау және көші-қон мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процесіне қатысушы мемлекеттердің елшілерімен кездесті, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі. Оның барысында жұмыстың негізгі нәтижелері және қорытындылары, сондай-ақ алдағы жылы Алматы процесіне төрағалық ету мәселелері талқыланды. «Іс-шараға БҰҰ-ның Орта Азия бойынша босқындардың істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасының Аймақтық өкілі Бернард Дойл, Орта Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Аймақтық үйлестірушісі Деян Кесерович, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты», - делінген хабарламада. Өз сөзінде Біржан Нұрымбетов мигранттар мен босқындардың құқықтары мен мүдделерін ескеретін, е…

0
0
259