Тағам жарнамасы қалай жасалады?
Мамандар бір минуттық ролик түсіру үшін екі күнге жуық уақыт жұмсайды.

Фудстилистердің атқаратын басты жұмысы аспаздың жұмысымен бірдей болғанымен, мақсаты дәмді тағам әзірлеу емес. Фудстилист үшін астың сыртқы көрінісі ғана маңызды. Тағамдарға жасалған жарнама – бір ғана адамның еңбегі емес. Стилист, фотограф, оператор, жарық қоюшы және бастысы, фудстилистің жұмысы. Міне, бұл мамандар бір минуттық ролик түсіру үшін екі күнге жуық уақыт жұмсайды. Мысалы, жарнамадағы аскөктің ұсақ тамшылары шын мәнінде су емес, глицирин. Ол бірден құрғап кетпейді. Сондай-ақ, салатқа өң беріп, камерадан әдемі көрінеді. Ал, тауық еті шикі күйінде сыртқы пішінін жақсы сақтайды. Сондықтан, суретте әдемі көрінуі үшін тауық етін кәдімгі қызыл бояумен бояп қояды. Сондай-ақ, фудстилистер сүттің орнына құрылыста пайдаланылатын ПВА желімін қолданады.
Тағамға жарнама жасау кезіндегі түрлі қызықтарды «Таңшолпаннан» біле аласыздар.
