ҚР-ның талапкерлерінің кешенді тестілеуіне қатысуға 80 мың өтініш берілді
2015 жылғы 20 маусым мен 9 шілде аралығында Қазақстан Республикасында талапкерлерден кешенді тестілеуге қатысу бойынша құжаттарды қабылдау аяқталды. Жинап келгенде өтініш бергендер саны 81285 болды, оның ішінде 56741-і қазақ тілінде, ал 24544-і орыс тілінде, деп хабарлады ҚР БҒМ.
«Сонымен қатар, 17259 өтініш мектеп бітіруші түлектерден түсті, 19765-і 11-ші сыныпты бітіргеннен кейін оқуға түскен кәсіптік-техникалық білім беру түлектері және 44261-і 9-шы сыныптан кейін оқуға түскен кәсіптік-техникалық білім беру түлектерінен түсті. Өтініш бергендердің саны 2014-ші жылмен салыстырған 6,63%-ға (87061 өтініш) қысқарды», - делінген хабарламада.
Кешенді тестілеу 2015 жылы 18-ші және 23-ші шілде аралығында 40 жоғары оқу орындары базасында өткізіледі. Оның ішінде 3-уі ұлттық өнер университеті мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомствосына қарайтын 3 жоғары оқу орындары.
С.Сейфуллина атындағы Казақ агротехникалық университеті базасында 2015 жылдың 14-15 шілдесінде ҚР БҒМ-ның уәкілеттері мен бағдарлама жасаушыларына, аппеляциялық комиссия төрағаларына және аймақтарда өткізілетін тестілеуге бақылауды жүзеге асыратын техникалық жұмыскерлерге оқыту семинарлары өткізілді.
Ұлттық тестілеу орталығымен берілген өтініштерге орай емтихан материалдары дайындалып жіберілді.
Естерініңзге сала кететін болсақ, 2-8 маусым аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу өткен болатын, оның қорытындысы бойынша орташа балл 79,4 болды, бұл 2014 жылмен (76,9) салыстырғанда 2,5%-ға жоғары еді.
Сондай-ақ, осы жылы 100 балдан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар саны 2,4 %-ға өсті, олар 14 420 (17,4 %) болды, 2014 жылы - 13 137 (15%). 50 балдық шекті деңгейлік баллды жинаған түлектер саны 4,5%-ға көбейді, яғни 67 497 оқушы (81,4%), ал 2014 жылы олардың саны 67 357 (76,9%) болды.
Ең жоғарғы ұпай 125 баллды - 5 оқушы: Ердосова Гүлназ Жандосқызы (Тараз қаласының №45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі); Мұстафина Риана Еркінқызы (Астана қ. №59 мектеп-лицейі); Самат Сымбат Қуанышқызы (БҚО Теректі ауданың «Үміт» лингвистика гимназиясының түлегі) және Лаура Абдазимова (ОҚО Түлкібас ауданының үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі); Яковлева Анастасия Владимировна (Алматы қ. №90 лицейі) жинады (2014 жылы - 4 түлек).
