«Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады
Әлемге танымал жазушы Цао Сюэциннің романы желісінде түсірілген туындыны Ұлттық арнадан 3 тамыздан бастап дүйсенбі-жұма аралығында сағат 19:30-да көре аласыздар.

«Қызыл сарайдағы түс» - Цао Сюэциннің (1724 – 1764) ең атақты романы. Бұл - Цзя әулетінің екі буынының құлдырауын, сондай-ақ, көптеген ағайын-туыстарының тағдырын баяндайтын туынды.

Қытайдың басқа романдарына қарағанда, «Түсте» жүйелі композиция бар. Бірінші романда жазушы кейіпкерлердің көңіл-күйін әр деталіне дейін суреттейді.

«Қызыл сарайдағы түс» - 18 ғасырда жазылған классикалық қытай романының телевизиялық нұсқасы. Фильм атауының екі мағынасы бар. Бірі - «Қызыл сарай» бұл – ақсүйек әулеттердің қыздары өмір сүретін жер болса, екінші мағынасы 5-ші бөлімде басты рөлдегі кейіпкер Баоюй көретін түс. Яғни, оның түсінде біраз кейіпкерлердің тағдыры осы «Қызыл сарайда» шешіледі.

Телехикая адам қиялын Цин династиясы кезеңіне тереңінен бойлатады. Туынды арқылы қытайдың халықтық медицинасы, асханасы, шәй мәдениеті, нақыл сөздері, мифологиясы, Конфуций ілімі, буддизим, даоцизмді, опера, музыка, сурет өнері, классикалық әдебиет және сол кезеңнің басқа да аспектілерін байқауға болады.

Бестселлерге айналған роман 100 миллионнан астам данамен таратылған.
Телехикая 2010 жылы Азиядағы телетуындылардың көрсетілімі бойынша үздік атанды. «DENA-Media Group»медиа-холдингі түсірген 50 сериялық телехикая бюджеті 18 880 000 АҚШ долларын құрайды.
Туындыға 40-қа жуық бас кейіпкер және 500-ге жуық қосымша кейіпкер түскен.

Телехикаяны «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының көрермендері 3 тамыздан бастап дүйсенбі-жұма аралығында сағат 19:30-да көре алады.




