59-шы қадам. Экономиканың бәсекеге қабілетті болуы үшін Қазақстанда энергия үнемдеумен айналысу керек

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін өнідірілетін өнімнің энергиясыйымдылықтарын азайту мәселелерімен айналысу керек, деді «Электроэнергетика мен электроэнергияны дамыту институты» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Жақып Бөкенбаев берген сұхбатында.
«Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» бойынша берген тапсырмасының 59-шы қадамында әлемдік тәжірибесі бар энергосервистік компанияларды Қазақстан нарығына тарту және осы саланы дамыту мәселесі міндеттелген. Бұл не деген сөз ?. Біріншіден, біз Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілетті болуы үшін жаңғырту және біздің өндіретін өнімдеріміздің энергиясыйымдылығын азайту мәселелерімен айналысуымыз керек. Бұл нарықта бәсекелестіктің артуына байланысты өте маңызды»,-деді Ж.Бөкенбаев.
Оның сөзінше, осыған байланысты ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Неміс энергетикалық агенттігі арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
«Меморандумның мақсаты әлемдік әйгілі компанияларды тарнсферттер мен технологиялар үшін Қазақстан нарығына тарту, тәжірибе алмасу, жаңғырту, біздің кәсіпорындарға инвестициялар тарту болып табылады. Өйткені, қазіргі таңда бәсекеге қабілеттілік мәселесі өте өзекті болып тұр, ал Қазақстанда теңізге шығатын жол жоқ және жыңы жылдан бастап біз ДСҰ аясында жұмыс істейміз. Осыған қарай аталған шаралар маңызды әрі қажет»,-деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 59-шы қадам энергосервистік келісімдер халықаралық деңгейде танылған тетіктер арқылы энергияүнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тартуға бағытталған. Олардың мақсаты энергошығындарды үнемдеуден қаржылық кіріс табу мен жеке шығындардың орны жаба отырып, энергияүнемдеу саласында кешенді қызмет түрлерін ұсыну үшін жеке энергосервистік компаниялардың дамуын ынталандыру болып табылады.
Естеріңізге сала кетсек, 59-қадам бойынша, мойындалған халықаралық энергосервистік шарттар арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторлар тарту. Олардың негізгі міндеті: жеке шығындарын өтей отырып, энергия үнемдеу саласында кешенді қызмет көрсету үшін жекеменшік энергия сервистік компанияларды дамытуды ынталандыру және іс жүзінде энергетикалық шығындарды үнемдеуден қаржылай пайда табу болатын.
