Мазмұнға өту

Жаңа

Ұлттық арнада – «Күншуақты Тоскана» драмасы

Режиссер Одри Уэллстің туындысында басты рөлдерді Дайан Лэйн, Сандра О, Линдси Дункан сомдайды. Жазушы Фрэнсис Мэйс күйеуімен ажырасқан соң қайғы-мұңға беріледі. Жан дүниесінің жарасы шығармашылығына кері әсер етеді. Мұны байқаған достары оны Италияға барып, сергіп қайтуға кеңес береді. Достарының сөзін жерге тастамаған ол Италияға кетеді. Осы сәтте ғажайып басталады. Тоскана жеріне келген Фрэнсис оның сұлулығына тәнті болады. Дәл осы жерде тұрақтап өмірін өзгерткісі келген жазушы ескі вилланы сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Дайан Лэйн, Сандра О, Линдси Дункан басты кейіпкерлерін сомдаған фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:25-те тамашалай аласыздар.

0
0
371

Алтаевтың «Қазағым» атты ән кеші

«Жаным» әні авторының шығармашылық кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:15-те көріңіз. Көпшілікке «Жаным» атты әнімен танылған  Өктем Алтаев елімізде  алғаш бейнеклип түсірген орындаушылардың бірі. Көптен сахнадан көрінбей кеткен әнші жуырда көрермендерге «Қазағым» атты шығармашылық кешін ұсынған болатын. Концертте Мақпал Жүнісова,  Алтынай Жорабаева, «Азия» және «ДиетаKZ» топтары мен Нұрлан Еспанов, Абай Бегей, Серікбол Сайлаубек т.б. эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Әншінің халық алдында есеп беру концертінің телевизиялық нұсқасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:15-те тамашалай аласыздар.
0
0
369

«Жарқын бейне» хабары Сейітжан Омаровтың шығармашылығына тоқталмақ

Балалар жазушысының туындылары бірнеше шетел тіліне аударылған. Сейітжан Омаров туындыларының жас жеткіншектерді отаншылдыққа, қаһармандыққа, шынайы достық пен мызғымас ынтымаққа, руһани тазалық пен биік парасатқа тәрбиелеуде маңызы зор. Оны замандастары: «Балалар әдебиетінің ең көрнекті жазушысы»,-деп бағалайды. Жазушының «Заман күші», «Әңгімелер», «Балзия», «Қайырлы жаз», «Алтын алқап», «Күншуақ», «Дала қызы», «Бақ жұлдызы», «Қиыр жол», «Қасиетті бұлақ», тағы басқа повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қызыл арай» романы жарық көрген. Аударма саласында Лев Толстой, Сергей Баруздиннің балаларға арналған әңгімелерін, Антон Чехов, Максим Горький шығармаларын, Валентин Катаевтың «Жалғыз жалау жалтылдап», «Полк баласы» повестерін, неміс филологтары ағайынды Гриммдердің ертегілерін, башқұрт жазу…

0
0
519

«Бал тамған өтірік» мелодрамасын көріңіз

Оңтүстік кореялық туындының режиссері – Чжон Чжон Хва. Чжи Хо атты ару он жылдан бері сырттай бір жігітке ғашық. Күндердің күнінде  ол қиын жағдайға ұшырайды. Оны жұмыстан шығарып жібереді, үйіне қайтып бара жатқанда кездейсоқ ұры қолынан сөмкесін ала қашады. Ұрыны қуып келе жатқанда, көлік қағып кетеді. Ең қызығы, бұл көліктің иесі өзінің ғашығы болып шығады.

Махаббаты үшін күрескен Чжи Хо ештеңені  есіне түсіре алмаған адамның кейпін танытады. Бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:15-те «Бал тамған өтірік» мелодрамасын көре аласыздар. Фильмде басты рөлдерді  Чо Хан Сон, Ли Ки У, Хе-ра Пан сомдайды.

0
0
1149

«Бүгін – жексенбінің» қызықтарын бірге көрейік!

Қоғам, мәдениет, ғылым, спорт тақырыптарындағы түрлі жаңалықтармен танысқыңыз келсе, 9:30-да Ұлттық арнаны қосыңыз. «Бүгін – жексенбі» таңғы ақпаратты-танымдық бағдарламасы жексенбілік таңдарыңыздың сәтті өтуінің кепілі. Бүгінгі бағдарламада танымал тұлғалардың сұхбатын тыңдап, түрлі қызықты ақпараттарға қанық боласыздар. Әнші Төреғали Төреәлі студияда қонақта болса, «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы Бауыржан Ретбаев бағдарламаға «Skype» арқылы қосылып, шығармашылықтарындағы жаңалықтарымен бөліспек. Ал, осы аптадағы ең таңғаларлық жаңалық – Аягөздегі «жанатын көл» туралы журналистік зерттеу жүргізген тілші Нұрбек Бекбау табиғаттың тылсым күйі туралы айтады. «Гауһартас» фильмінің тарихын білесіз бе? «Rope jumping» (арқанмен секіру) экстремалды спортының ерекшелігі неде? Рацияфиксаторд…

0
0
272

«Сенбілік кездесуде» — Тоқтар Әубәкіров

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің біз біле бермейтін қандай сыры бар? Бүгін 21:00-де Ұлттық арнадан көріңіз. 45 жасында ғарыш кеңістігін бағындырып, Жерге абыроймен оралған қазақтың тұңғыш ғарышкері, ұшқыш, Кеңес одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров бүгін 21:00-де «Сенбілік кездесу» хабарында қонақта. Зауытта токарь болып жұмыс істеп жүріп, ғарышты бағындыруға бел байлаған ұшқыш хабар барысында 7 күн ашық ғарышта болған ұмытылмас сәттерімен бөліспек. Тоқтар Әубәкіров – есімі Гиннестің рекордтар кітабына енген бірден бір қазақ. Бағдарламада Т.Әубәкіровтің ең жақын араласатын достары Әкім Тарази, Марфуға Айтхожина, Ескендір және Дарико Хасанғалиевтер қаһарманның біз біле бермейтін сырларымен бөліседі. Тоқтар Әубәкіров атынд…

0
0
738

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Жаңаөзенге 1,2 млрд теңге бөлінді

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Жаңаөзенге 1,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады Маңғыстау облысының баспасөз қызметі. Моноқалаларды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл Жаңаөзен қалалсының шағын және орта бизнесі мен экономикасы әртараптандырылды. Оған 345,7 млн теңге бағытталды, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 820 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 5 млн теңге көлеміндегі жаңа 2 өнеркәсіпке 2 грант бөлінді, 530,9 млн теңгеге 9 жоба субсидияланды. Сондай-ақ, Жаңаөзенде өндірістік алаңда подъездік жол жөнделді. Қалаішілік жолдардың құрылысы жүруде. Естеріңізге сала кетсек, Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасының мақсаты - моноқалаларды орта және ұзақ мерзімді перспективада орнықты әлеуметтік-экономикалық дамыту. Бағдарлама 4 негізгі…

0
0
539

Қазақстанда жыл басынан бері 190,6 мың адам жұмыспен қамтылды – ҚР ДСӘДМ

Кешенді жоспардың жартыжылдық қызметінің нәтижесінде 190,6 мың адам, оның ішінде тұрақты жұмыспен 100 мыңнан астам азамат қамтылды, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ. А. Цойдың мәлімдеуінше, 2014 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік бағдарламаның барлық индикаторлық көрсеткіштері орындалды. Халықтың денсаулығын анықтайтын негізгі көрсеткіштер оң динамикаға ие болды. 2010 жылмен салыстырғанда туылғаннан басталатын өмір сүру ұзақтығы 3,2 есеге ұлғайып, 71,62-ні құрады. Жалпы өлім көрсеткіші 14,7%-ға, аналық және сәбилік өлім сәйкесінше 2 және 1,7 есеге, халықтың туберкулезбен ауруы 30%-ға төмендеді. Қатерлі пайда болудан өлім көрсеткіші 15,7%-ға азайды. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттық көрсеткіштерін орындау – Қазақстанның 30 дамыған елдер қатарына кіруге мүмкіндік беретін Дүниежүзілік бәсекеге қ…

0
0
275

«Жайдарман». Ширек финалдық ойындар

Республикалық Жоғары лиганың ширек финалдық ойындарының қайталауын Ұлттық арнадан көріңіз. Өнер көрсеткен командалар: «Шымкент жастар құрамасы» – Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика академиясы, Шымкент қаласы. «Тұңғыш астана» — Қызылорда қаласы. «Күлтегін» —  Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қаласы. «Аягөз құрамасы» — Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы.

«Павлодар жастар құрамасы» — Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті, Павлодар қаласы. Бірінші топтың бәсекесін бүгін сағат 22.30-да тамашалай аласыздар.

0
1
1769

ШҚО-да Қоғамдық кеңестің жаңа жұмыс жүйесі айқындалды

ШҚО-да «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру» атты Қоғамдық кеңесіңін отырысы барысында, жаңа жұмыс істеу жүйесі талқыланды. Кеңес мүшелерінің жоспары бойынша, Елбасының 5 институционалды реформасын іске асырудағы 100 нақты қадам бойынша жұмыс істеу барысында жаңа жүйе құрмақ, деп хабарлайды Ақпараттық орталық. «Мен сіздерге жаңа жүйе барысында жұмыс істеуді ұсынамын. Егер қандай да бір мәселе қозғалған жағдайда, әр кездесу сайын талқылау қажетпіз. Шешіліп қойған мәселені де қарастыра отырып, бақылауда ұстаймыз. Мысалы бүгінгі көтерілген жайттарды қыркүйек-қазан айында қарастырсақ, нәтижесі болады», – деді В. Лопаткин. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ төрағасының орынбасары Ольга Булавкина партия тарапынан атқарылып жатқан істерді айта отырып, «100» нақты қадамды іске асырудағы…

0
0
300