«Сенбілік кездесуде» — Тоқтар Әубәкіров

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің біз біле бермейтін қандай сыры бар? Бүгін 21:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.
45 жасында ғарыш кеңістігін бағындырып, Жерге абыроймен оралған қазақтың тұңғыш ғарышкері, ұшқыш, Кеңес одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров бүгін 21:00-де «Сенбілік кездесу» хабарында қонақта. Зауытта токарь болып жұмыс істеп жүріп, ғарышты бағындыруға бел байлаған ұшқыш хабар барысында 7 күн ашық ғарышта болған ұмытылмас сәттерімен бөліспек.
Тоқтар Әубәкіров – есімі Гиннестің рекордтар кітабына енген бірден бір қазақ. Бағдарламада Т.Әубәкіровтің ең жақын араласатын достары Әкім Тарази, Марфуға Айтхожина, Ескендір және Дарико Хасанғалиевтер қаһарманның біз біле бермейтін сырларымен бөліседі.
Тоқтар Әубәкіров атындағы көше, Тоқтар Әубәкіров атындағы грант иегерлері, Тоқтар есімі берілген картоптың жаңа сорты туралы білгіңіз келсе, бүгін «Сенбілік кездесу» хабарын көріңіз.
