«Жайдарман». Ширек финалдық ойындар

Республикалық Жоғары лиганың ширек финалдық ойындарының қайталауын Ұлттық арнадан көріңіз. Өнер көрсеткен командалар: «Шымкент жастар құрамасы» – Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика академиясы, Шымкент қаласы. «Тұңғыш астана» — Қызылорда қаласы. «Күлтегін» — Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қаласы. «Аягөз құрамасы» — Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы.
«Павлодар жастар құрамасы» — Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті, Павлодар қаласы. Бірінші топтың бәсекесін бүгін сағат 22.30-да тамашалай аласыздар.
