Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Жаңаөзенге 1,2 млрд теңге бөлінді

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Жаңаөзенге 1,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады Маңғыстау облысының баспасөз қызметі.

Моноқалаларды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл Жаңаөзен қалалсының шағын және орта бизнесі мен экономикасы  әртараптандырылды. Оған 345,7 млн теңге бағытталды, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 820 млн теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда 5 млн теңге көлеміндегі жаңа 2 өнеркәсіпке 2 грант бөлінді, 530,9 млн теңгеге 9 жоба субсидияланды.

Сондай-ақ, Жаңаөзенде өндірістік алаңда подъездік жол жөнделді. Қалаішілік жолдардың құрылысы жүруде.

Естеріңізге сала кетсек, Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасының мақсаты - моноқалаларды орта және ұзақ мерзімді перспективада орнықты әлеуметтік-экономикалық дамыту. Бағдарлама 4 негізгі бағытты қамтиды: 1 -бағыт - «Моноқалаларды тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру»; 2 -бағыт - «Моноқалалар халқының жұмыспен қамтылуының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру әрі шағын және орта бизнесті дамыту», Моноқалалардың экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру; 3-бағыт - «Моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуді ынталандыру»; 4-бағыт – «Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санына сәйкес дамыту».

Моноқалаларды тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру.

· Моноқалалар халқының жұмыспен қамтылуының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру әрі шағын және орта бизнесті дамыту;

· Моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуді ынталандыру.

· Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санына сәйкес дамыту.

Негізінен бұл бағдарламаны қаржымен қамтамасыз ететін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде атқарылатын қызметтерді осы Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ.

Ақпарат көзі

 
0
0
531

Осы тақырып бойынша

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Жаңаөзенге 1,2 млрд теңге бөлінді - Yvision.kz