Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ШҚО-да Қоғамдық кеңестің жаңа жұмыс жүйесі айқындалды

ШҚО-да «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру» атты Қоғамдық кеңесіңін отырысы барысында, жаңа жұмыс істеу жүйесі талқыланды. Кеңес мүшелерінің жоспары бойынша, Елбасының 5 институционалды реформасын іске асырудағы 100 нақты қадам бойынша жұмыс істеу барысында жаңа жүйе құрмақ, деп хабарлайды Ақпараттық орталық.

«Мен сіздерге жаңа жүйе барысында жұмыс істеуді ұсынамын. Егер қандай да бір мәселе қозғалған жағдайда, әр кездесу сайын талқылау қажетпіз. Шешіліп қойған мәселені де қарастыра отырып, бақылауда ұстаймыз. Мысалы бүгінгі көтерілген жайттарды қыркүйек-қазан айында қарастырсақ, нәтижесі болады», – деді В. Лопаткин.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ төрағасының орынбасары Ольга Булавкина партия тарапынан атқарылып жатқан істерді айта отырып, «100» нақты қадамды іске асырудағы жоспарларымен бөлісті.

Естеріңізге сала кететін болсақ, «100 нақты қадам» – бұл жахандық және ішкі сын-қатерлерге жауап, сонымен бірге,  жаңа тарихи жағдайларда ұлттық дамыған дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.
«100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады.
Жоспардың негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін » сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.

«100 нақта қадамды» төмендегідей категорияларға бөліп қарастыруға болады:

І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ

II. ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

ІІІ. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖƏНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ

IV. БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК

V. ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ

• Ел Президенті жанынан жедел түрде құрамы отандық және шетелдік сарапшылардан тұратын, бес жұмыс тобынан жасақталған жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылды.
• Ұлттық комиссия бес институттық рформаны кезең-кезеңімен орындауды келісілген басқару бойынша жүзеге асыруы тиіс. Ол мемлекеттік органдардың, бизнес-сектор мен азаматтық қоғамның өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз етеді.
• Ұлттық комиссия тұжырымдамалық шешімдер қабылдап, іс-қимылдың нақты жоспарын айқындауы тиіс. Оның ұсыныстары ел Президенті тарапынан бекітілетін болады. Бекітілген шешімдерді орындау үшін жедел түрде Парламент тарапынан заңдар, Үкімет тарапынан қаулылар қабылданатын болады. 
• Министрлер мен әкімдердің шешуші бастамаларын тиімді жүзеге асырулары ұлттық комиссия тарапынан қатаң қадағаланатын болады. 
• Ұлттық комиссия жанынан беделді шетелдік сарапшылар қатарынан халықаралық консультативтік кеңес жасақтау қажет. Аталған кеңес ұсынымдар жасап, реформаларды орындау нәтижелерінің тәуелсіз жүйелі мониторингін  жүзеге асыратын болады.
• Ұлттық комиссияның жұмыс органы етіп Қазақстан Республикасының премьер-министрінің кеңсесін айқындау қажет.

Ақпарат көзі

 
0
0
295

Осы тақырып бойынша

ШҚО-да Қоғамдық кеңестің жаңа жұмыс жүйесі айқындалды - Yvision.kz