Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мемлекеттік қызметкерлердің бәсекеге қабілеттілігін қажет етеді – сарапшы
Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мемлекеттік қызметкерлердің бәсекеге қабілеттілігін қажет етеді, деді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Әлия Мұхамеджанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
«Мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған 5 институционалды реформа өзінің белсенді кезеңіне өтті. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттік органдар кәсіби, автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша тұжырымдамалық ұсыныстарды белсенді талқылауда. Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мемлекеттік қызметкерлердің бәсекеге қабілетті болуын, олардың кәсібилігі мен патриоттығын қажет етеді»,-деді Әлия Мұхамеджанова.
Сарапшының сөзінше, аталған ұстанымдар негізінде академия өзінің бағдарламаларын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдыңғы қатарлы халықаралық орталықтармен бірігіп дайындаған тиісті көзқарасына қарай, базалық және теңдестірілген көзқарас негізінде толықтай өзгертті.
«Оқу орнында аталған көзқарастар негізінде біз көшбасшылық, стратегиялық менеджмент, талант менеджмент, стресс-менеджмент, қоғаммен тиімді байланыс сияқты сабақтарды енгізіп отырмыз»,-деді Әлия Мұхамеджанова
Сонымен қатар, «Мемлекеттік қызмет туралы дайындалып жатқан заң аясында біліктілікті көтеру жұмыстары жылына 1 рет мемқызметкерлер мемқызмет туралы жаңа заң аясында біліктілікті арттыру жұмысы өткізіледі»,- деді Әлия Мұхамеджанова.
«Бүгінгі таңда білім беру парадигмасы болашақта өмірді өзгертетін деңгейге дейін түрленді біз өмір бойы білім алуға көштік. Мемқызмет туралы жаңа заңда жаңа қосымша қабылданады, мемқызметкерлерді оқытуды үзбеу негізі қолданылады», - деді Әлия Мұхамеджанова.
Мемлекеттік қызмет туралы заңның дайындалу барысында сарапшы қызметтегі жұмыстың білімі ескеріліп отыратындығын айтты.
Әлия Мұхамеджанова мемлекеттік қызметке тұңғыш рет түскендер А және Б тобы үшін қайта дайындалудан өтеді.
«Сондай- ақ, мемқызметкерлер үш жылда бір рет біліктілікті арттырудан өтуі керек. Бүгінгі таңда уақытты меморгандар болсын, мемқызметкерлер болсын артық етіп отырған жоқ. Сондықтан, біліктілікті арттыру қажет деп есептейміз», - деді ол.
