Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Ұлы дала дүбірі». Сақ тайпалары

Бүгін 17:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

Б.з.д. I мың жылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі тайпалар «сақ» этнонимі арқылы белгілі. Жазба деректер олардың қазіргі Қазақстан территориясының барлық аудандарын қоныстануы және олардың 3 топқа бөлінгендігі туралы хабарлайды. Яғни, сақтар тиграхаудтар (шошақ бөріктілер), сақтар-хаомоваргалар (хаома сусын дайындайтындар), сақтар-парадарайлар (теңіздің арғы бетіндегілер).  Сонымен қатар, оңтүстікте – массагеттер мен даилер, солтүстікте – аргипеилер, шығыста – аримаспылар, орталық аудандарда – исседондар, батыста – савроматтар, оңтүстік-батыста – каспылар өмір сүрді. Бұл тайралардың барлығы жақын этникалық-мәдени бірлестік құрап сақ тайпаларының одағының құрамына кірді. Ал,  тарих атасы Геродот сақтарды «азиаттық скифтер», парсылар «құдіретті еркектер», Иран жазбалары «жүйрік атты турлар», деп атаған. Сақ тайпаларының қоғамдық-саяси өмірі қалай өрбіді? Олардың ауыл шаруашылығы,  егіншілігі қалай дамыды?

Бүгін 17:00-де «Ұлы дала дүбірі» деректі фильмінен көріңіз.

 
0
0
1064

Осы тақырып бойынша

«Ұлы дала дүбірі». Сақ тайпалары - Yvision.kz