Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Дзюдодан Әлем чемпионатын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» арнасы тікелей эфирде көрсетеді

Тамыздың 24-30 аралығында Астанадағы «Алау» мұз айдынында дзюдодан ересектер арасындағы Әлем чемпионаты өтеді.

2016 жылғы Рио Олимпиадасына жолдама беретін Әлем чемпионатына әр  елдің үздік спортшылары келмек.

Елімізде өтетін маңызды спорттық шарадан «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «KAZsport» толыққанды ақпарат таратып, 24-30 тамыз аралығында тікелей эфирді назарларыңызға ұсынбақ.

Сонымен қатар, көрсетілім барысында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» арнасы Қазақстанның және әлемнің танымал спортшыларымен, бапкерлерінен, спорт мамандарынан сұхбаттасып, арнайы репортаж ұсынады.

 
0
0
256

Осы тақырып бойынша

Дзюдодан Әлем чемпионатын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» арнасы тікелей эфирде көрсетеді - Yvision.kz