«Туған елге тағзым» Көкшетау(7күн)
Экспедициямыздың соңғы күнін Ақмола облысы мен қала тарихын тану мақсатында қалалық мұражайларда өткіздік. Алдымен "әдебиет және өнер" мұражайында болдық. Мұражай келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:
- фольклор және төңкеріске дейінгі әдебиет
- қазіргі заман әдебиеті
- өнер
- бұқаралық және ағарту жұмысы
Келесі Ақмола облыстық өлкетану мұражайына аттандық. Осы мұражай көне мұражайдың бірі болып табылады. Мұражайда Ақмола облысы аумағын мекендейтін тұрғындардың тұрмысы туралы ескерткіштер, фотоқұжаттар сақталған.
Кейінгі экспедиция "Көкшетау қаласының тарихы» атты мұражайда болды. Осы мұражай бәрінен де есте қаларлықтай болды. Өйткені мұнда 19ғ-20ғ аралығындағы қала халқының тұрмысы мен жағдайы, қолданған құралдары нақты көрсетілген.
Менің ойымша бұл күнгі экспедиция арқылы Ақмола облысы мен Көкшетау қаласы туралы көптеген мағлұматтар алып, КСРО кезіндегі халықтың өмірін біле алдық.
Осымен біздің Көкшетау қаласындағы өлкетанулық-зерттеу экспедициямыз аяқталды. Біздің алған білімдеріміз бен жинаған тәжірбиелеріміз мол болды. Осы экспедицияны дайындауға атсалысқан әр адамға айтар алғысымыз шексіз)
