«Астана»-«Бенфика»: 1-таймда есеп ашылған жоқ
Португалияда Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізіп жатқан «Астана» командасы матчтің 1-таймында қарсыласының қақпасына қарай бірнеше мәрте шабуыл жасады.
Атап айтсақ, «Бенфика» қақпасына қарай Жолшиев пен Кабананга бір-бір реттен қауіпті доп тепті. Қазақстаннан барған командаға қарсы өз алаңында Португалияның «Бенфикасы» да бірнеше мəрте шабуыл жасаса да, есепті аша алмады. Матчтың 1-таймында екі команданың да екі жасыл карточкасы бар.
Айта кетейік, «Астана» командасы бүгін мына негізгі құрамда ойын көрсетуде: Эрич, Аничич, Илич, Постников, Шомко, Максимович, Жуков, Кетевоама, Каньяс, Джолчиев, Кабананга. «Бенфика» командасында Жулио Сезар, Луизао, Элизеу, Жардел, Семеду, Самарис, Гайтан, Митроглу, Жонас, Гонсалу Гедеш, Талиска ойнап жатыр.

