Мазмұнға өту

Жаңа

Көпшілік алдында сөз сөйлеу біліктерін арттыратын семинар-тренинг

Петропавл қаласында қыркүйектің 17-18 аралығында Нұр Отан партиясының политикалық менеджмент мектебінің жаттықтырушылары партияның өңірлік және аумақтық филиалдарының қызметкерлеріне, бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына және әкімдіктер өкілдеріне арналған көшпелі тренинг-семинарларын өткізді. Тренинг көпшілік алдында сөз сөйлеу біліктері мен партия жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында өткізілді. Бұл жолы қатысушыларды Есенгариев Есет Жемісбекұлы мен Сариева Жанель Таумұратқызы жаттықтырды. Оның барысында қатысушылар өздерін еркін ұстап, пікірлерін ашық түрде білдіре алды. Қатысушылар екі топқа бөлініп, екі түрлі тренингке қатысты. Бірінші күні ол ойын түрінде өткізіліп, қатысушылар бойларын сергітіп алуға мүмкіндік алса, екінші күні теорияға баса назар аударылып, олар өздері үшін…

0
0
1694

Атырау облысында 9,8 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтудың кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында жұмысқа орналасты

Атырау облысында 2015 жылы аймақтық жұмыспен қамтутың кешенді жоспарын жүзеге асыру жұмыстары аясында 9,8 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, бұл жоспарланған жылдық көрсеткіштің 66%-ын құрап отыр. «Нұрлы жол», индустриалды-инновациялық даму, «Агробизнес-2020», «Саламатты Қазақстан», «БДК-2020» мемлекеттік және салалық бағдарламаларының аясында облыстың 931 тұрғыны жұмыспен қамтылды. 2015 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәліметтерге сәйкес, 1000 адам кадрларды қайта даярлау және кәсіптік оқуға бағытталса, 368 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, 444 түлек жастар практикасын өтуге ниет білдіріп, 203 адам микронесие алды. Халықты жұмыспен қамтудың тиімді шараларының бірі – қоғамдық жұмыстарға бағыттау. Соңғы деректерге сәйкес, аталмыш шараға облыстың 4,4 мың адамы қатысты. 2 мың…

0
0
303

Қазақ болу да өнерге айналды.

"Мен қазақпын" - қандай керемет сөз тіркесі. Бұл сөдерде терең мағына жатыр. Кей кезде біз осыны ұмытып та кетеміз. Өзінің ұлтымен, өзінің туған жерімен мақтану нағыз патриоттық сезімнің көрінісі емес пе? Сонда қазір "қазақ болу" - деген не? Баяғы заман қазақтары туралы тарихи кітап беттерінен оқып-көріп жүрміз. Сол кездегі ата бабаларымыздың бейнесі анық елестетіледі. Ерлерге келсек үстінде ұзын шапаны басында бөрігі, аяғында саптама етігі, қолында қамшы ал астында жүйрік жирен серігі көзге суреттелледі. Ал нәзік жанды қазақтарға келетін болсақ, ұзын қардай ақ көйлегі, керемет оюлармен безендірілген салтанатты қамзолы, беліне дейін өрілген қара шашы. Иә, шіркін осы бейне бір ертегідей тарихта қалып отыр. Енді уақыт өте келе, киелі қазақ жерінде басында Ресей империясының, содан Большевик…

3
1
997

Көкшетауда БЖК-2020 аясында қарттарға арналған оңалту орталығы салынуда

Көкшетауда Бизнестің жол картасы -2020 бағдарламасы аясында қарттарға арналған оңалту орталығы салынуда, деп хабарлады «Даму» қорының баспасөз қызметі. Көкшетауда «Науфаль шаңырақ» ЖШС-нің компаниясы тұрумен қамтамасыз ету және қамтамасыз етпеумен байланысты қарттар мен мүгедектерді күту мен қызметтерді ұсыну бойынша жобаны іске асыруын жоспарлауда. Осындай орталықты құру идеясы кәрі адамдардың жастары тез арада ұлғайып, тек күтім мен медициналық көмегін қажет етпей, сондай-ақ психологиялық қолдау мен әлеуметтік қорғауымен байланысты туды. Қартайған кезде әлеуметтік өмірге белсенді қатысу үшін жігерлік пен уәждеме әрқашан жеткілікті болмайды, ал ұқсас пансионаттың ашылуы емделу мен оңалту орны болып қоймай, сонымен қатар қарттарға арналған демалыс үйі болып табылады. Аталып өткендей, комп…

0
0
352

«Самұрық-Қазына» белсенді инвестор болуды жоспарлауда

Трансформациялау бағдарламасы шеңберінде «Самыруқ қазына» Қоры пассивті акционер рөлінен белсенді инвестор рөліне өтді жоспарланып отыр, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Берік Бейсенғалиев ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында. «Соңғы үш жыл ішінде экономикалық өсуді қолдау бағытында Қор 15,7 мыңнан астам уақытша және 7,1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, $6,9 млрд сомаға 35 жобаны пайдалануға енгізді. 2015 жылы шамамен 11 мыңнан астам уақытша және шамасы 6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құра отырып, $5,9 млрд сомаға 20 жобаны пайдалануға енгізу жоспарлануда», - деді Б.Бейсенғалиев. Оның айтуынша, «Нұрлы жол» инфрақұрылмдық бағдарламасының шеңберінде 7 жоба іске асырылуда – Атырауда мұнай химия өндірісін дамыту үшін еркін экономикалы…

0
0
447

Астанада Көпфункцоналды мұз сарайы ашылды

Астанада Көпфункционалды мұз сарайы мен «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы» шайбалы хоккейден VI халықаралық турнирдің ашылуы өтті. Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин мен Халықаралық хоккей федерациясының президенті Рене Фазель жаңа хоккей аренасында алғашқы шайбаны лақтырды. «Сіздерді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған Мұз айдынының ашылуымен құттықтаймын. Асталмыш нысанмен Астананың өзгеде спорт нысандары қазақстандық спорттың, оның ішінде шайбалы хоккейдің дамуына септігін тигізетініне сенімдіміз», - деді А.Мамин. Шоу бағдарлама аясында қазақстандық эстраданың жұлдыздары өнер көрсетті. Айта кетерлік жайт, жаңа көпфункционалды мұз айдыны – бұл құрамында негізгі мұз айдыны, жеке алаңы бар хоккей академиясы, олимпиадалық жүзу бассе…

0
0
448

Шымкентте #Talks2050: «Мақта: маңызды немесе маңызды емес» форумы өтуде

Шымкентте #Talks2050: «Мақта: маңызды немесе маңызды емес»форумы өтуде , деп хабарлады «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметі. Естеріңізге сала кетейік, #Talks2050 –TED конференциясы форматындағы бейресми форум. Ұйымдастырушылар:«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы, ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен. Биылғы алғашқы#Talks2050 форумы Атырау, Астана, Петропавл қалаларында өтті. Барлығы Атырау, Астана, Петропавл, Шымкент, Өскеменде 5 форум жоспарланған. Осы жолы #Talks2050 басты нысаны Шымкентте – мақта саласының даму болашағы мен мәселелері. Әр жылдары мақта өндірісі аймақ ауыл шаруашылығының жалпы өндіріс көлемінде 17%-дан 40%-ға дейінгі аралықты құрайтын. Ақпарат бойынша, 2013 ж осы сала айналасында жұмыс істеп жүрген…

0
0
902

Елбасы Б. Атамқұловты ОҚО-ның әкімі қызметіне тағайындады

Елбасы Бейбіт Атамқұловты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. «Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын», - делінген жарлықтың мәтінінде. Мемлекет Басшысының Өкімімен Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды. Қазақстан Президенті атап өткендей, бұрынғы әкім А.Мырзахметов үлкен жұмыс атқарылған, нәтижесінде өңір экономикасы табысты дамып, әлеуметтік нысандар құрылысы белсенді жүргізіліп, қызмет көрсету саласы жүйелі түрде жақсарып келе жатыр. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев А.Мырзахметовтің тәжірибесі мен беделі қазіргі уақытта елдің жетекші саяси күші болып саналатын…

0
0
399

«Қазақстан дауысы» – возврат к вокалу

Несколько дней осталось до старта ІІІ-го сезона популярного вокального проекта «Қазақстан дауысы». Рейтинг II-го сезона зашкаливал, телепроект «Қазақстан дауысы» вошел в десятку самых популярных шоу в отечественном телевидении 2014 года. Данный проект один из самых – значительных событий в мире музыки и шоу-бизнеса, способствующий открытию новых талантов со всего Казахстана. Главной интригой нового сезона стал вопрос, кто заменит кресло наставника – ведь Медеу Арынбаев покинул проект, в связи с творческими планами на будущее. Претендентов было много, но в вместо Арынбаева пришел не менее талантливый музыкант и певец Рустем Нуржигит. Он яркая личность, харизматичный и креативный и надеемся, что его «свежий» взгляд будет интересным как для участников конкурса, так и для зрителей. Вот что го…

0
0
763

«Кинопаркте» қыз баланы соққыға жыққан азаматтың ісі сотқа тапсырылды — Астана ІІД

Елордадағы кинотеатрлардың бірінде кассир қызды тепкен бұзақыға қатысты іс сотқа жіберілді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында қалалық ІІД бастығының орынбасары Батырлан Есенбай мәлім етті.«Жаңа заңнамаға сәйкес, біз бұл адамды (Қуаныш Тұракелдиев) ұстап, екі тәуліктің ішінде істі сотқа жолдадық»,-деді Б. Есенбай. Осы орайда ол тұтқындалған жігітке бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Еске сала кетейік, жақында әлеуметтік желіде жұртты дүр сілкіндірген видео пайда болған еді. Онда Астанадағы «Кинопарк» кинотеатрына келушілердің бірі кассир қызбен сөзге келіп, кейіннен қызды іштен теуіп, құлатады. Мекеменің ресми парақшасында хабарланғанындай, оқиғаға қатысты арыз Астана қалалық Есіл ауданының ІІБ-на жіберілген. Бұл келеңсіз жағдай қоғамда үлкен рез…

0
0
247