Қазақстанда алғаш рет «Sandi Beksirga» атты ұлттық стильдегі сән студиясын ашқан талантты қазақ қызы Сәндімен бет әрлеудің қыр-сыры туралы сұхбат құрдық Sandi Beksirga
Жақында халықаралық кәсіби тренер, мэйк-ап жасаудың мойындалған шебері, танымал визажист Сәнді Бексырға Астана қаласына келіп, 10 күндік шеберлік сыныбын өткізді. Қазақстанда алғаш рет «Sandi Beksirga» атты ұлттық стильдегі сән студиясын ашқан талантты қазақ қызы аз уақыттың ішінде отандық сән әлеміне өзіндік қолтаңбасымен танылды. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, Сәндімен жүздесудің сәті түсіп, бет әрлеудің қыр-сыры туралы сұхбат құрдық.


