Мазмұнға өту

Жаңа

«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»

Өздеріңіз білетіндей, республика тұрғындарының саны күн санап өсіп келеді, өмір сүру сапасы жақсарып, сәйкесінше, басқа факторлардан бөлек автокөлік иелері санының да тұрақты молаюы байқалады.Автокөліктердің техникалық сапасын тексеру заман талабы. Себебі экологияның таза және адам денсаулығына зиян келтіретін, ауаны ластайтын фактрлердің алдын алу қажет. Осы орайда, еліміздегі автокөліктер жылына бір реттен техникалық бақылаудан өтеді. Оларды арнайы өткізу құқығы арнайы сертификаттары бар мекемелер ұйымдастырады. Аталмыш сертификатты қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетіледі.«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік қызметі орталық арқылы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Қажетті құжаттар тізілімін www.egov.kz электронды үкімет порталы арқылы немесе ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.

Тараз қалалық №1 бөлім инспекторы Н.Битанова

0
0
442

Тәртіптік кеңес заң бұзушыларды қызметтерінен босатты

Ағымдағы жылғы 21 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы Әділбек Қайырбекұлы Мұқашевтың төрағалығымен Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде 10 мәселе қаралды, ішіндегі 8 тәртіптік іс жемқорлық құқық бұзушылықтар және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің нормаларын сақтамауына қатысты болды.

Алдымен, Мағжан Жұмабаев ауданы Булаево қ. әкімінің орынбасары Юрий Портнягинге қатысты тәртіптік іс қаралды. Ашығын айтқанда, әкім орынбасары жобалық-сметалық құжаттамаға қайшы келетін, балалар алаңын жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойған, автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеуі бойынша қызметті ұсынушыны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз жабдықтаушысы тану туралы сотқа арыздану бойынша шара қабылдамаған.

Жемқорлық сипатына жағдай жасайтын, құқық бұзушылыққа жол берген, құзыретіне кіретін мәселелерді шешуде бірталай бұзушылықтар жасағаны үшін, Юрий Портнягинге өзі атқарып отырған қызметіне толық сай еместігі жайында ескерту жасалды.

Келесі қарастырылған мәселе – санитарлық нормаларға сай емес, үш бар мен жазғы сауықтыру лагеріне санитарлық-эпидемиологиялық оң тұжырымдама берген, Мағжан Жұмабаев ауданы Тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша басқармасының басшысы мен бас маманына қатысты тәртіптік істер.

Заңсыз шешім қабылдап, жемқорлық құқық бұзуды жөн көрген мемлекеттік қызметшілерді, Тәртіптік кеңес жұмыстарынан босатуды ұйғарды.

Ккөлік құралдарын жалға беру бойынша келісім шарт міндеттемелерін орындамайтын, жосықсыз жабдықтаушылардың пайдасына заңсыз таңдау жасап, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы бұзған СҚО ХҚКО филиалы директорына қатысты іс - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынымымен қаралды. Мәселенің мән-жайы: аталған тұлға келісім шарт міндеттемелерін уақытылы орындамауы фактісі бойынша жабдықтаушыларды жосықсыз деп тану туралы сотқа арызданбаған, бұған қоса, келісім шарт бойынша баға негіздемесі де ұсынылмаған және аталған ұйымның жүргізушілері ретінде ХҚКО жұмысшыларымен шарт жасасу бойынша тапсырма берген. Қарастыру нәтижесі бойынша, өрескел заң бұзушылыққа жол берген директорды атқаратын қызметінен босату шешімі қабылданды.

Кеңес барысында, қызметтік автомобилін жеке мақсаттарында бірнеше рет пайдаланғаны үшін, СҚО бойынша өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығына да қатысты тәртіптік іс қаралды.

Мемлекеттік мүлікті тиімсіз пайдаланған мемлекеттік қызметшінің бұл әрекеттерінен, Ар-намыс кодексінің бұзылғандығы анықталып, қызметіне толық сай еместігі жайында ескерту жасалды.

Экономикалық тергеу қызметінің, жұмыста болмаған қызметкерлерінің еңбек уақытын бұрмалап есепке алу фактісі бойынша, Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне қатысты тәртіптік істер қарастырылды.

Аталған тұлғалардың әрекеттерінде жемқорлық бұзушылықтарды байқамаған Тәртіптік кеңес, тәртіптік өндірісті тоқтатуды жөн көрді.

Сондай-ақ, Қалалық балалар ауруханасының бас дәрігеріне қатысты тәртіптік іс, оның уақытша еңбекке қабылетсіздігіне байланысты кейінге шигерілді.

Отырыс соңында, мемлекеттік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және 2015 жылдың 8 айында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы Ақжар ауданы әкімі мен Ішкі саясат басқармасының ақпараты тыңдалды.

 
0
0
643

Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама алу

Қазіргі таңдағы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырған жетім балалар санының көбеюі аянышты-ақ! Әйтсе де, біз оларға өз мейірімімізді төгуден еш аянған емеспіз. Осы тарапта мемлекет қорғаншы және қамқоршы жандар үшін мекеме табалдырықтарын тоздырмай, ұзын - сонар кезекте тұрмай «бір терезеден» өз жұмысын жеңілдетудің жолын қарастырып отыр. Осы арада жүрегінде мұңы бар сәбилерді жұбатып, қамқорлығына алған жандар үшін арналған келесі қызметіміз «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама алу». Анықтама алушы өзіне жақын орналасқан Орталыққа жеке басын растайтын құжаты мен баланың туу туралы куәлігімен келіп, бекітілген нысандағы өтініш толтыруы қажет. Қызмет тегін түрде көрсетіледі және құжатты тапсырған сәттен бастап 5 минут ішінде дайын болады.

Өз кезегінде құжаттарды қабылдау кезінде инспектор Орталықтың ақпараттық жүйесіндегі деректерді құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырып, түпнұсқаларды қызмет алушыға қайтарып береді.

Ал егер қамқоршының электронды цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, анықтаманы www.egov.kz порталы арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі де бар.

Тазар қалалық №1 бөлім қызметкерлері

0
0
429

Үйде мемлекеттік қызмет көрсету

Тағдыр тәлкегімен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар аз емес. Ондай отбасылар бауыр еті баласын арнаулы орындарда оқытып жатса, көпшілігі үйде оқып тәрбиеленуде. Үйде оқитын мүгедек балаларға мемлекет тарапынан материалдық қамсыздандыру тағайындалатынын білмейтін де ата-аналар болуы мүмкін. Мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай мүмкіндікті алу үшін, Сіз әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерімен қатар, өзіңіз тұратын жердегі Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінсеңіз болады.

«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Халыққа қызмет көрсету орталығында баламалы түрде көрсетіледі.

Ол үшін ХҚКО-ға мына құжаттарды алып барасыз:

1) сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімінің анықтамасы);

4) психологиялық-медициналық педагогикалық консультацияның қорытындысы;

5) мүгедектігі туралы анықтама;

6) банктегі шоттың болуы туралы құжат;

7) сәйкес нысан бойынша мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты – 1414 нөмірінен білсеңіз болады

 
0
0
417

«Жастар жемқорлыққа қарсы»

Шиелі ауданында орналасқан «Сыр ұланы» балаларға арналған тынығу лагерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық бөлімі қызметкерлерінің бастамасымен «Жастар жемқорлыққа қарсы» тақырыбында еркін пікір алмасу үшін кездесу алаңы ұйымдастырылды. Кездесуге Шиелі ауданының 70-ке жуық белсенді жастары қатысты.
Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне көңілін аудару, құқықтық сауаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тұрғысында сөз қозғаған Департаменттің Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық бөлімінің консультанты Досхан Бектұрсынов Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары мен жүзеге асыру шараларын жастарға жіті түсіндіріп өтті. 
Жастар арасында осындай шаралардың жиі өткізілуі сыбайлас жемқорлық құқықбұзушлықтардың алдын алуға үлкен сеп болатынын, қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет деп жеткізді. Жемқорлықты жеңудің жолы - бірігу, бірлесіп, қарсы тұру екенін баса айтты. 
Өз кезегінде жастар қойылған сұрақтарына нақты жауап алып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатырған кешенді жұмыстардың оң нәтижеге жеткізетіндігіне сенімділіктерін білдірді.
Жалпы осындай кездесулерді жиі-жиі өткізіп отыру, бүгінгі таңда кезек күттірмейтін өзекті мәселе.

0
0
491

Астанада Орталық Азиядағы босқындар ағымы мен оларды қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін Астанада «Орталық Азиядағы еңбек көші-қонының мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері» тақырыбында босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процесі бойынша жоғарғы лауазымды тұлғалардың екінші кездесуі өтті.

Жиынның мақсаты – Орталық Азиядағы еңбек көші-қоны саласындағы жаңа беталыстарды сараптау мен өзара тәжірибе алмасу, қатысушы мемлекеттердің көші-қон заңнамасындағы олқылықтарын анықтау мен ортақ ұсынымдар жасау болып табылады. Кездесу барысында олардың әрі қарай бейімделу құралы ретінде Алматы процесіне қатысушы мемлекеттердің еңбек нарығына босқындардың қолжетімділігі мәселелері қарастырылды.

Шараға ҚР Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов, БҰҰ-ның Орта Азия бойынша босқындардың істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасының аймақтық өкілі Бернард Дойл, Орта Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның аймақтық үйлестірушісі Деян Кесерович (әрі қарай - КХҰ),  Қырғызстанның еңбек, көші-қон және жастар министрінің орынбасары Алмазбек Асанбаев, Түркменстанның мемлекеттік көші-қон қызметі басшысының орынбасары Мерден Гурдов, сондай-ақ, Алматы процесіне қатысушы мемлекеттердің өкілдері қатысты.

ХКҰ мәліметінше, әлемдегі әрбір жетінші адам босқын болып саналады, оның ішінде 214 млн. халықаралық және 740 млн. ішкі босқындар. Бұл үрдіс әрі қарай өз жалғасын таппақ. Халықаралық босқындар саны қазіргі 214 млн. көрсеткіштен 2040 жылы 400 млн-ға дейін көбеюі болжанып отыр.

Өз сөзінде ҚР Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов Алматы процесіне қатысушы мемлекеттер еңбек көші-қон проблемалары мен босқындарды жұмыспен қамту мәселелерін шешу керектігін алға тартты.

«Қазақстанда реттелген еңбек көші-қонының негізгі ағымы Қытай, Түркия, Өзбекстан, Сербия және Үндістан елдерінің үлесінде. Ұзақ уақыт бойы рұқсатнамамен жұмыс істейтін еңбек босқындары Түркия елінен келетін. Олар елімізде жұмыс істейтін шетел азаматтарының үштен бір бөлігін қүрады. 2010 жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік коридоры құрылысына байланысты Қытай елімізде жұмыс істейтін шетел азаматтары, сонымен қатар қытай инвестициялары арқылы жүзеге асырылатын өзге де жобалар бойынша бірінші орынға шықты», - деді Біржан Нқрымбетов.

Сонымен қатар, вице-министр еңбек етуші босқындардың құқығын қорғау және оларды жергілікті еңбек нарығына біріктіру тек қана көші-қон мәселелерін реттеу арқылы жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

«Көші-қон мәселелерін жалпы елді дамыту мазмұнында сонымен қатар, көші-қон процестеріне қатысушы елдердің мүдделері мен азаматтардың әмбебап құқықтарын сақтау негізінде көші-қон саясатын басқаруды үйлестіру тұрғысында қарастыру маңызды», - деп атап айтты Біржан Нұрымбетов.

Кездесу соңында қатысушылар Орталық Азияға реттелмейтін аралас көші-қон және еңбек миграциясының салдарынан туындайтын мәселелерді шешу бағытындағы көпжақты ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға келісті.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы процесі – 2011 жылы Қазақстанның бастамасымен құрылған тұрақты пікір алмасу алаңы болып табылады. Оның мақсаты – аймақтық форматтағы және жаһандық перспективадағы босқындар мен халықаралық көші-қонның өзекті мәселелерін бірлесе отырып шешу. Қазақстан Алматы процесінің бірінші басшысы болып сайланған болатын. Біздің елден басқа Алматы процесінің тұрақты қатысушылары - Әзербайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Түркменстан елдері. Иран мен Пәкістан бақылаушы мәртебесінде.

 
0
0
261

«Сұхбат» бағдарламасы

А.ж. 21 қыркүйекте "Қазақстан-Петропавл" арнасындағы "Сұхбат" бағдарламасында Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Н.С. Жахин "Үздік отыздыққа апарар 100 нақты қадам" тақырыбында өткізілген тікелей желіге қатысты
21 сентября т.г. руководитель отдела антикоррупционного просвещения и взаимодействия с общественностью Жахин Н.С. принял участие в программе "Сұхбат" телеканала "Қазақстан-Петропавл" на тему "Үздік отыздыққа апарар 100 нақты қадам"

0
0
526

Ақын Ажар Ерболған «Таңшолпанда» шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті

«Туған жер» атты өлеңін өзінің оқуында тыңдай аласыздар.

Ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты Ажар Ерболған - «Таңшолпан» студиясында қонақта.

Бүгін, елордадағы Тілеп Қобыз сарайында 22 қыркүйек - Тілдер күні және Қазақ хандығының 550 жылдығынаарналған «Тарих пен тіл тамырлас» атты жас ақындар мүшәйрасы өтеді.

Мүшәйраға 40-қа жуық үміткерден өлеңдер келіп түскен. 10 үміткер іріктеудің екінші кезеңіне өтті.  Осы 10 ақынның өлеңдері арнайы жинаққа енгізілмек.

Жеке шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөліскен ақын балаларға арналған әндерге сөз жазып жүргенін жеткізді.  Бұл туралы «Қазіргі уақытта балаларды қызықтыру өте қиын. Сондықтан, жазылған сөз тәрбиелік мәнінен бөлек, тілге жеңіл, жаттауға ыңғайлы болуы керек», дейді.

Ақынның «Туған жер» атты өлеңін өзінің оқуында «Таңшолпаннан» тыңдаңыздар.

 


0
0
588

«Таңшолпанның» қонақтары — Әділбек Ниязымбетов және Олжас Сәттібаев

Спортшылар Доха қаласында өтетін Әлем чемпионатына дайындық үстінде.

«Таңшолпан» бағдарламасының қонақтары - бокстан Азия чемпиондары Әділбек Ниязымбетов және Олжас Сәттібаев.

Әділбек Ниязымбетов Таиландта өткен бокстан Азия чемпионатында 81 келі салмақ дәрежесінде, Олжас Сәттібаев 52 келіде ел қоржынына алтын салды.

Спортшылар қазіргі уақытта 5-15 қазан аралығында Катар астанасы Доха қаласында өтетін Әлем чемпионатынадайындық үстінде.

«Бос уақыт көп бола бермейді. Азия чемпионатынан кейін 10-12 күн демалыс берілді. Қатты босаңсуға жол бермеу қажет.  Үнемі дайындықта, жарыстарда жүретіндіктен, демалысымызды отбасымызбен өткіземіз», дейді спортшылар.

Жанұядағы әкенің рөлі қандай болуы керек? Қазақ елі туралы шетелдік спортшылар қандай пікірде?

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер.


0
0
317

Кит Тёрман: Г.Головкин кез-келген қарсыласқа айтарлықтай қауіп тудырады

Жартылай салмақтағы танымал боксшы Кит Терман Генадий Головкинге қатысты білдірген пікірінде осылай деді.

Бұл туралы Вконтакте әлеуметтік желісіндегі GGG парақшасында жазылған.

«Головкин кімге қарсы тұрады ? Мен әзірге олардың қайысы жеңімпаз болатынын біле алмай отырмын, өйткені бұл менің салмағым емес. Дегенмен, мен GGG үшін аса қатты уайымдап отырған жоқпын. Барлығы GGG-ді қолдауда. Ол әрине, өзінен айласын асыра алатын аз да болса дұрыс ойлап, дұрыс соққы бере алатын боксшыны кездестірмейінше, өзінің жеңіс жолындағы сапарын жалғастыра береді. Бірақ қалай боллғандада  GGG кімге болса да қауіп тудыра алатын спортшы»,-деді Кит.

Бұл туралы  бүгін www.sports.kz жазды.


0
0
251