Мазмұнға өту

Жаңа

Сабақты 07.40-та бастаған мектепті прокуратураға хабарлау керек — вице-министр

ҚР Білім жəне ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев Астана қаласы бойынша сабақты сағат 07.40-та бастаған мектептер туралы министрлік пен қалалық прокуратураға хабарлау керектігін айтты. «Бұған Үкіметтің қаулысы, сабақ уақытына қатысты арнайы стандарттар бар жəне бұл мəселеге байланысты прокуратура да өз ұстанымын айтты. Сондықтан, қалада сабақ уақытын сағат 07.40-та бастау туралы мəселені қарау үшін жұмыс тобы құрылған да жоқ. Яғни, барлық мектептер сабақты бұрынғыдай сағат 08.00-де бастайды»,-деген вице-министр егер қалада сабақ уақытын 07.40-қа ауыстырған мектептер болса, бұл туралы министрлік пен прокуратураға хабар беру керектігін айтты. «Егер де осындай фактілер кездессе, бізге жəне прокуратураға хабарласыңыздар. Біз тиісті шара қолданамыз»,-деді вице-министр. Журналистердің 76-шы бал…

0
0
199

«Қазақстан дауысы» – жобасының жаңа маусымы басталады

Қалың көпшілікке кеңінен танымал «Қазақстан Дауысы» ІІІ кезеңінің басталуына бірнеше күн ғана қалды. Айта кетейік, аталмыш жобаның ІІ кезеңінің рейнтигі басталысымен шарықтап шыға келді. Сөйтіп, «Қазақстан Дауысы» тележобасы 2014 жылғы отандық телешоулардың ең үздік ондығына ілінді. Бұл расында да бүкіл Қазақстан аумағынан жаңа таланттарды анықтауға бағытталған музыка мен шоу-бизнес әлеміндегі ең маңызды жобалардың бірі. Бұл ретте қалың көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырып отырған жәйт - өзінің шығармашылық жоспарларына байланысты жобадан бас тартқан Медеу Арынбаевтың орнын кім алмастырады деген мәселе. Әрине, бұл рөлге келем деушілер көп. Дегенмен, Медеу Арынбаевтың орнын тап оның өзі сияқты талантты музыкант және әнші Рүстем Нұржігіт келді. Рүстем кескін-келбеті ерекше, тартымды жан…

0
0
873

«Сенбілік таң» бағдарламасы Жандос Әубәкіровтің шаңырағында

«Абай» мұражайы директорының сұхбатын ертең сағат 09:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

«Абай» атындағы әдеби-мемориалдық мұражайының директоры Жандос Әубәкіров бүгінде Абайдың әдеби мұраларынан бөлек, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мұхтар Әуезовтың  әдеби мұраларын насихаттап, игі дәстүрге айналдырып келеді.

Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы ақынның туғанына 95 жыл толу мерекесінің қарсаңында Қаз ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1940 жылғы 1 сәуірдегі қаулысы бойынша ұйымдастырылып, сол жылы қазан айының 16-сы күні мереке үстінде ашылды.

Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мұражайды басқарып отырған Жандос Әубәкіров кім? Ертең 09:00-де «Сенбілік таң» отбасылы-танымдық бағдарламасынан көре аласыздар.

0
0
830

8 жастағы теннисші Жақас Қозыбақ биік белестерді бағындырып келеді

Арманы асқақ кішкентай спортшының жетістіктері туралы «Таңшолпаннан» көре аласыздар. 1940-1950 жылдары елімізде тамырын жая бастаған теннис спортына қазіргі таңда жасөспірімдердің де қызығушылығы арта түскен. Соның бірі 8 жастағы спортшы Жақас Қозыбақ. Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичқа ұқсағысы келетін жас теннисшінің арманы – спорт саласында бүкіл әлемге Қазақ елінің атын шығару. «Мен теннисті 5 жасымнан бастап үйрендім. Бұл спорт маған қатты ұнайды. Жақсы ойнауға, ата-анамды қуантуға, биік жетістіктерге жетуге тырыстым. Менің осы талпынысымнан нәтиже шықты. Үлкен чемпионаттарға қатыстым. Мені теннистке алып келген әкем. Ол маған үнемі «Жақсы ойна, жеңілсең мұңайма, керісінше, қуанып жүр. Әр нәрсенің өз уақыты бар»,-деп айтып отырады»,-дейді спортшы. Жас теннисші 7 жасында қызыл…

0
0
275

Атырау облысында құс тұмауы бар деген қауіп дәлелденбеді

Ертең Атырау облысында аңшылық маусым басталады. Облыста құс тұмауы бар деген қауіп дәлелденбеді. Италия еліне жіберілген сараптама қорытындысына сәйкес, аймақта құс тұмауы анықталмаған.  Естеріңізде болса, Атырау облысында қауіпті дерт бар деген күдікпен аңшылық маусым кейінге шегерілген болатын.  Нариман Жүнісов, ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары -Ветеренария қызметтері барлық күдік тудырған материалдарды Халықаралық эпизоотикалық орталыққа жіберді. Қазіргі уақытта барлық сараптама нәтижелері бойынша, құс тұмауын тудыратын қоздырушы табылмады.

Источник: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/33353-atyrau-oblysynda-kus-tumauy-bar-degen-kauip-daleldenbedi

0
0
402

Аңшылық маусымы басталды

Қыркүйектің алғашқы сенбісінде ел аумағында аңшылық маусымы басталды. Әуесқойлар марал, аю, тауешкі, сібір еліктері, қабан сияқты 34 сүтқоректі мен құстың 59 түрін аулай алады. Ол үшін, әлбетте, елдегі 700 аңшылық шаруашылығының бірінен арнайы рұқсат алу қажет. Ал биыл Сарыарқа төсінде есепсіз қырылған киіктің нақты ауырған себебін ауылшаруашылығы мамандары әлі айта алмай отыр. Қазір бетпақ даладағы 200 мыңға тарта ақбөкеннің бүгінде шамамен тең жартысы ғана қалған. Ернар Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары: - Айдың аяғына дейін Ұлыбритания, Германиядан зерттеулер нәтижесі келеді. Сол кезде Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ғылыми-зерттеу мекемелерден нақты жауап аламыз деген ойдамыз. Сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда, биыл дала өрті оқиғалары көп тіркелген.…

0
0
492

Киіктердің қырылу себебі әлі анықталған жоқ — Е. Нысанбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар киіктердің қырылуына бірде-бір нақты себеп айта алмады. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылық вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті. "Экспедициялық жұмыстарды негізгі қатысушылар - Білім және ғылым министрлігінің, Биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының, Зоология институтының, Ботаника институтының ғылыми мекемелері қызметкерлері өткізді. Сонымен қатар Ұлыбританиядан - Британ ветеринариялық колледжі және Германия ғалымдары келді. Біз теxникалық көмек ұйымдастырдық, көлікпен қамтамасыз еттік. Экспедиция Байқоңырдан басталып, Қостанайға дейін 1600 шақырымға созылды, жалпы ұзақтығы 12 күн өтті", - деді Е.Нысанбаев. Оның сөзі бойынша, жол жөнекей жер, су, өсімдік үлгілері алынып отырды. Дегенмен аталмыш зерттеуден министрлік еш жауап таппады. Вице-минис…

0
0
483

Егін орағы ойдағыдай өтеді

Бұрнағы күні Орталық коммуникациялар қызметі өзінің көшпелі баспасөз мәслихатын Ақмол қалашығындағы «Ақмола-Феникс» кәсіпорынында өткізді. Онда Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров егін орағының жайы жөнінде әңгімеледі. Бір қуанарлығы, биылғы жылы астық сақтау қоймаларының саны артып, сыйымдылықтарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,4 пайызға кеңейіп, 12,6 млн. тоннаны құрапты. Сондай-ақ, қазіргі күнде елімізде 6 млн. гектардан астам егін алқабы орылып болыпты. «Биыл барлық ауыл шаруашылық дақылдарының егіс алқабы 21,2 млн. гектарды құрайды. Оның ішінде, дәнді дақылдар 14,9 млн, бидай 11,7 млн, ал майлы дақылдар егілген алқап 2 млн. гектарды құрап отыр. Мал азықтары дақылдары 3,7 млн, көкөніс, бақша дақылдары мен картоп 425 мың гектарға егілген-ді. Мұны былтырғы жылдың көр…

1
0
753

Астанада BalaTurkvizyon гала-концерті өтеді

19-20 қыркүйек күндері Бейбітшілік және келісім сарайында І Халықаралық балалар ән байқауының аймақтық іріктеу жеңімпаздарының жартылай финалы мен финалдық гала-концерті өтеді.

Балалардың жаңа өлеңдерін миллиондаған көрермен мен телекөрермен тамашалай алады. Гала-концертте СМС арқылы дауыс беру жүргізіліп, қазылар алқасы ең үздік дауыс иесін анықтайтын болады. Жеңімпаз желтоқсан айында түркітілдес елдер арасында тұңғыш рет өткізілетін «BalaTurkvizyon» байқауында Қазақстанның намысын қорғайды. Толығырақ ...

0
0
356

Санамды қинап,сан ойлар

Университет... Жас студент өміріндегі жаңа саты, баспалдақ. Егер де шынықпаған, әлжуаз адам болсаңыз жоғарыға көтерілу қиын болмақ, ал керісінше мектеп деген ұстаздан терең тәлім алып, рухыңызды шынықтырған жан болсаңыз,еш қиналмай,өзіңіз кірпішін қалап жатқан ғимараттың шыңына тез жетесіз. Мен осы ғимараттың негізін қалауды бастадым.... Санамда сан ойлар. Ең бастысы құрып жатқан сарайым болашақта өзіме ұнап, жаныма рахат сыйлайтынына сенемін. Баспалдақтан құлап кетпеу, тек алдыға қадам басу-әр азаматтың міндеті. Дегенмен, қоғам әсерін тигізбей қоймайды. Түрлі факторлар адамның қалыптасуына түрліше әсер етеді. Жас буында, ұясынан жаңа ұшып шықққан жастарда түрлі құмартушылықтар пайда болады. Осындайда,қате жолға түспей,оқуға көңіл аударып,өзімізді рухани байытуымыз шарт. Әсемпаз болма әрн…

0
0
629