Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және әлеуметтік саладағы оның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2015 жылдың 14 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент) «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және әлеуметтік саладағы оның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Департаменттің қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының өкілі, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ спорт мектептерінің директорларымен оның орынбасарлары және «Шымкент қаласының шығыс жекпе-жек түрлерінен №11 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» ұжымы қатысты.

Өткізілген іс-шараның мақсаты кәсіби ерекшеліктерін ескере отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзектілігі Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асыруда қарастырылған. Онда мемлекетпен қоғам өміріндегі түрлі салаларда жемқорлық мінез-құлықтарын тудырушы себептер мен шарттарды төмендету мен жоюға ерекше назар аударылып, спорт саласында қамтып отыр. Яғни, спорт – адамның әлеуметтік-мәдени қызмет саласы болып табылады.

Диалог барысында дөңгелек үстел қатысушылары бір ауыздан Стратегияның іске асырылуын қолдай отырып, алдын алу – профилактикалық қызмет оның іске асырылуында басымды бағыт болып табылатынын айтып өтті.

Сондай-ақ, тұрақты және жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениет деңгейін қалыптастыру мақсатында, бекітілген жоспарға сәйкес Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімімен келісіліп, қыркүйек – қазан айларында Департамент қызметкерлерінің қатысуымен барлық қалалық спорт мектептерінде семинар өткізілетінін жеткізді.

0
0
325

Осы тақырып бойынша

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және әлеуметтік саладағы оның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті - Yvision.kz