Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Крис Сфирис «Always»
1 Бейнематериал авторы – Копилка футажей «Осень»
2 Бейнематериал авторы – Жаралы сезім к/ф үзінді
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Аш емес-ау, сонда да көңіл жетім,
Жалтақ-жалтақ қарайды, басқаларға.
«Ештеме де, керек жоқ, бар керегім,
Әке дейді» - біреулер сұрағанда.
Қайран өмір, сан өзгеріп жатасын,
Қызыл түлкі, қызығамыз басқаға.
Бүгін сүйіп, ертен кете барамыз,
Жеткізе алмай сәбилерді, арманға.
Бар ма кінә, айтыңдаршы балада?
Тілегінде, ата – ана, бірге тұрса.
Жағдайы болсадағы, ой басқада,
Тек ата – ана, шіркін-ай тату болса.
Жетелейді-ау анасы, бәрін беріп,
Кем қылмайды ешқашан, ол басқадан.
Бірақта, дұшпан бар ғой, тұр ол сөгіп,
Іздегені тек ілік, мынау бар маңнан.
Болады-ау, көңл жетім, болады-ау,
Өтеді-ау, сан жылдары, аңсаумен.
Арманы мен өкініш, таласады—ау,
Сан жылдары арпалысып, сағымменен.
Бауыр ет, емес пе еді баламыз?
Мейлі, талай ұрсып, біз жатамыз.
Бірақ бала, ұмытпайық, ол парыз,
Жаратқанның алдында, үлкен қарыз.
Махаббат, білсек мүлдем, елес қой,
Сәбиден, барма екен, артық бақыт?
Сабырлық, керек бізге, терең ой,
Ажырасу да, жоқ қой білсек, мүлдем құт.
Әке деп, соғып тұрған, жүрегінің,
Жылдар өтіп, үміті қалар сөніп.
Керегіміз болмас, мүлдем керегіміз,
Кәрілік, келсе бізге, түңіліп.