Мазмұнға өту

Жаңа

Ұстаздар күніне арнайы топтама

Оқушыларды білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, өмірлік бағыт-бағдар мен өнегелі тәрбие беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ұстаздың қоғамдағы рөлі әрдайым жоғары болмақ. Мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, EL.kz редакциясы Астана қаласы мектептерін аралап, оқырмандарымызға абзал жанды ұстаздарды таныстыруды ұйғарды.

0
0
546

«Тарих тағылымы». Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың сұхбаты

Елбасы сұхбатын бүгін сағат 19:30-да көріңіздер.

Бүкіл Қазақ елі хандықтың 550 жылдық мерекесін тойлауды ресми түрде бастаған сәтте Мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада «Қазақстан» Ұлттық телеарнасына сұхбат берді.

Тарихтан терең сыр шертетін танымдық әңгімеде қазақ ұлтының өткені мен болашағы жан-жақты сөз болып, ұрпақтар сабақтастығының салиқалы жолы дәріптеледі.

«Тарихтан терең сыр шертетін танымдық әңгімеде қазақ ұлтының өткені мен болашағы жан-жақты сөз болып, ұрпақтар сабақтастығының салиқалы жолы дәріптеледі», - дейді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сұхбаттың толық нұсқасын бүгін сағат 19:30-да Ұлттық арнада көре аласыздар.


0
0
254

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Мәңгілік ел» театрландырылған қойылымы

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шараға Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Қырғыз елдерінің өнерпаздары қатысқан.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Барыс» мұз айдынында «Мәңгілік ел» театрландырылған концерті өтті. Үш мыңға тарта адам қатысқан қойылымды бүгін сағат 18:00-де Ұлттық арна эфирінен көріңіз.

Шара шымылдығы - «Туған жер» хореографиялық композициясымен ашылады. Мерекелік қойылым 7 бөлімнен тұрады. Мерекелік шараға астаналық мектеп оқушыларынан бастап танымал актерлар қатысқан.

«Мәңгілік ел» театрландырылған қойылымын сағат 18:00-де көріңіз.


0
0
474

«Келбет» бағдарламасында – Төлен Әбдік

Төлен Әбдік туралы бағдарламаны бүгін сағат 14:30-да көріңіз.

«Келбет» бағдарламасының бүгінгі шығарылымы Халықаралық Ф.Кафка сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы – Төлен Әбдікке арналады.

Төлен Әбдіктің шығармалары ең алғаш 1964 жылдан бастап жариялана бастаған. «Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақ» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1979) әңгіме, повестер жинақтарын, «Өліара» (1985), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987), «Парасат майданы» (2002) романдарын жариялады. Әңгіме, повестері орыс тілінде «Истина» (1980, 1981) деген атпен шыққан. Грек аңыздары – «Эллада ерлерін» (1977) қазақ тіліне аударған.

«Келбет» бағдарламасын бүгін сағат 14:30-да көріңіз.


0
0
786

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы халықаралық «Тур Алматы-2015» велобәйгесін тікелей эфирде көрсетеді

4 қазанда Алматыда халықаралық «Тур Алматы-2015» велобәйгесі өтеді.

Жарысқа Еуропа мен Азиядан (барлығы 17 мемлекет) 20 команда қатысады. Олардың арасында еліміздің «Astana Pro Team» мен ресейлік «Katusha»  сияқты кәсіби, «Rusvelo» сияқты құрлықтық 14 велокомандалары бар. Сонымен қатар, Қазақстан, Өзбекстан мен Моңғолияның Ұлттық құрамалары бақ сынайды.

«Тур Алматы-2015» сайысының барлық қатысушылары 31 шақырымдық шеңберді 6 рет айналады. Осылайша Алматының жолдарында өтетін критериум жарысының жалпы ұзындығы 186 шақырым болмақ.

Ал, көрермендер мен жанкүйерлер велобәйгені «Қазақстан» мен «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Көрсетілім 4 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 12:55-те жарысты «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
324

Эфирде «Айгөлек» балалар сазды жобасы

Бүгін «Айгөлектенің» концертін сағат 11:50-де көріңіз.

Жаңалыққа толы жаңа маусымда қаншама жас өнерпаздың жолы мен бағын ашқан «Айгөлек» сазды жобасы бүгіннен бастап Ұлттық арна эфирінен көрермендерге жол тартады.

«Айгөлектің» маусымашар концертінде жас талантты әншілердің әнін, мың бұралған биші қыздардың биімен қатар, елімізге белгілі әншілердің әндерін тыңдай аласыз.

«Айгөлек» балалар сазды жобасын бүгін сағат 11:50-де тамашалай аласыздар.

 
0
0
429

Кадет мектебінде

30 қыркүйекте Павлодар мамандандырылған кадет мектебінде кездесу кешінің құрметті қонағы болдым. Шара Қазақ хандығының 550 жылдығына және Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай ұйымдастырылды. Мемлекетшілдік, отаншылдық тақырыптарына жазылған өлеңдерімді оқып, курсанттардың сұрақтарына жауап бердім. Олар да өз өнерлерін көрсетіп, кеш тартымды әрі мәнді-мағыналы өтті.

0
0
264

Алматы облысының әкімі өңірдің үздік ұстаздарын марапаттады

Бүгін Алматы облысында мұғалім мамандығының үздіктері марпатталды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Талдықорған қаласының «Жастар» спорт сарайында өткен шарада «2015 жылдың ең үздік мұғалімі» атағын Талдықорған қаласының № 10 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Зарина Түсіпжанова жеңіп алды.

«Облыстың 737 жалпы білім беру мекемелерінде 34 мыңнан астам ұстаз оқушыларға білім беруде. Тәуелсіздік алған жылдан бері облыс аумағында 162 білім ошағы іске қосылды. Соңғы жылдары үздік мұғалімдер өздерінің лауазымдық еңбекақыларына 30-дан 100 %-ке дейін үстемеақы алады», - деді Амандық Баталов.

Сондай-ақ Амандық Ғаббасұлы облыстың білім саласын қаржыландыру көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқандығын, бүгінде 109 миллиард теңгеден асып түскендігін айтып, ұстаздарды құттықтады.

« Құрметті ұстаздар! Атақты ұстаз Лев Толстой айтқандай: «Ұстаз болу – жоғары әрі игі мәртебе». Қай кезде болмасын ұстаз адамгершілік пен мәдениеттіліктің нышаны болған. Сіздердің көз жанарларыңыздан мейірімділік пен ұлылықтың нұры сөнбесін. Баршаңыздың қиын да мәртебелі еңбектеріңізде зор денсаулық, амандық және шығармашылық табыс тілеймін», -деді.

Осыдан кейін үздік ұстаздар Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен, Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ бірнеше номинациялар бойынша үздік мұғалімдер мен білім беру нысандары марапатталды.

«Үздік балабақша» атағына Қапшағай қаласының «Гүлдер» мектепке дейінгі білім беру мекемесі, «Үздік ауылдық мектеп» атағына Жамбыл ауданындағы шағын орталығы бар Үмбетәлі атындағы орта мектеп, «Үздік кәсіптік білім беру мекемесі» атағына Талдықорған агро-техникалық колледжі лайық деп танылды. Барлық 3 номинация иегерлерінің әрқайсысына 300 мың теңгенің сертификаттары табысталды.

«Үздік сынып жетекшісі» атағын Кербұлақ ауданының Ж.Тобаяқов атындағы орта мектебінің мұғалімі Бұджібаев Дәулет иеленіп, 150 мың теңгенің сертификатына ие болды. 15,9 миллион теңге көлеміндегі оқу гранты мен «Үздік білім ұжымы» атағы Ескелді ауданындағы Жетісу орта мектебіне берілді.

Шара барысында «2015 жылдың ең үздік мұғалімі» атағының иегері Зарина Түсіпжанова барлық педагогтарды кәсіби мерекесімен құттықтап, көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді.

« Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының арқасында біздің елімізде мұғалімдердің кәсіби жетілуі мен өсуіне барлық жағдай жасалуда. Ең бастысы – өз ісіңе, өзің білім беріп жүрген шәкірттеріңе деген сүйіспеншілік және әрдайым ізденісте болу. Ұстаз болу оңай іс емес, алайда сен ұстаз болуға талпынсаң, төккен терің мен сіңірген еңбегіңнің жемісі өзін көп күттірмесі анық. Оқушыларың өз ұстазынан алған білімін жетілдіріп, өздері де өзгелерге ұстаз болады. Міне сондықтан да мен мұғалім болғандығымды мақтан тұтамын және маған артылған сенім мен көрсетілген құрмет үшін баршаңызға алғыс білдіремін. Алдағы уақытта да ел игіліне қызмет етіп, әлі талай өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолында еңбегімді аямасыма сөз беремі, - деді З.Түсіпжанова.

Осы бір шара керемет концерттік бағдарламамен жалғасып, бүлдіршіндер хорының орындауындағы «Ұстазым» әнімен өз шарықтау шегіне жетті.

Ақпарат көзі

 
0
0
644

ҚР ДСӘДМ жұмыс орындарын сақтап тұру үшін барлық қажетті шараларды қолдануда

Ағымдағы жылдың басынан бастап облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілер және кәсіподақтар арасында жұмыс орындарын сақтап қалу туралы меморандумдарды жасау бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Бүгінгі таңда 2 млн-нан астам қызметкерлерді қамтыған 72 мыңға жуық меморандум жасалды, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Сонымен қатар, жаппай қысқарту қаупінің сақталуы мен білікті қызметкерлердің жұмыс орнын сақтап қалуға, қысқарту болған жағдайда, оларды жұмысқа орналастыруға негізделген қажетті шараларды ескере отырып, жаңа құралдарды енгізу арқылы «Жұмыспен қамту картасы 2020» бағдарламасын жандандыру бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. Оның мәні төмендегідей:

Білікті мамандардың жұмыс орындарын сақтап қалу үшін өндірістік кәсіпорындардағы білікті мамандардың жұмыс уақыты қысқартылған жағдайда табыстың 2/3 жоғалтылған бөлігін мемлекет уақытша субсидиялайтын механизмді енгізу қарастырылуда.

Сондай-ақ, өз қызметкерлеріне өндірістен қол үзбей, болмаса жұмыс барысында жұмыс орындарын сақтап қалумен шартталған қайта даярлау мен біліктілігін арттыру шараларын ұйымдастыруға дайын жұмыс берушілер үшін мемлекет тарапынан («ЖҚЖК 2020» аясында) гранттарды бөлу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Бұл жағдайда гранттар жұмыс берушілердің қызметкерлерді оқытуға бағытталған 80% шығынын жабуы тиіс.

Сондай-ақ, өндірістік кәсіпорындарда жұмыс істейтін 18 бен 24 жас аралығындағы жастарды жұмыс берушінің олардың жұмыс орындарын сақтап қалу шартымен Жұмыспен қамту жол картасының есебінен кәсіби оқуды ұйымдастыру арқылы қолдау шаралары қарастырылуда.

Қысқартылатын білікті қызметкерлерді қолдау мақсатында, сонымен қатар, өзін өзі жұмыспен қамтыған, мамандығы жоқ жұмыссыздар үшін мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жүзеге асырылатын жобалардың мүмкіндігі барынша қолданылатын болады.

Сонымен, биылғы жылы аймақтық жұмыспен қамтудың кешенді шараларын жүзеге асыру аясында 322 мың адамды қамту жоспарланған. Бұл жоспарлар бойынша азаматтарды жұмысқа орналастыру Жұмыспен қамту жол картасы, «Нұрлы жол» бағдарламасы, Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы және өзге де мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясындағы жобалар арқылы жүзеге асырылуда.

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегіндегі мәліметке сәйкес, жоғарыда аталған жоспарлар аясында 291 мың азаматтың жұмыстары қарастырылып, олардың 153 мың адамы (болмаса 53%) тұрақты жұмыспен қамтылды. Уақытша жұмысқа 138 мың адам, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына (15,6 мың), жастар практикасына (14,2 мың) және қоғамдық жұмыстарға (73 мың) адам орналастырылды.

Сонымен қатар, биылғы жылы жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды қолдау мақсатында 9,5 млрд-тан астам теңгеге 4067 микронесие берілді, 10 мыңға жуық адам жұмыспен қамту бағдарламаларының аясында кәсіптік оқумен қамтылды.

Жоғарыда аталған халықты жұмыспен қамту шаралары жұмыссыздық деңгейін 5%-дық деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Бұдан бұрын айтылғандай, Қазақстанда жуырдағы 5 жыл ішінде еңбек сұранысының артуы болжанып отыр. ҚР ДСӘДМ «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның президенті Дәулет Арғындықовтың мәлімдеуінше, 2016 жылы ҚР-дағы еңбек сұранысы 124 мың адамды құрайды.

Қазіргі таңдағы беталысты ескерсек, 2020 жылға дейін еңбекке деген сұраныстың орташа жылдық өсімі 1,5% көрсеткішті құрап, 2020 жылы бұл қажеттілік 163 мың адамға дейін өседі.

Ақпарат көзі

 
0
0
272

Н. Назарбаев: ҚР-ның машина жасау кешені ел экономикасының индустриалды-инновациялық түрленуінің локомотиві болуы керек

Қазақстанның машина жасау кешені ел экономикасының индустриалды-инновациялық түрленуінің локомотиві болуы керек, деп Қазақстан машина жасаушыларының ІІІ форумында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.

«Құрметті қатысушылар, сіздерді Қазақстан машина жасаушыларының ІІІ форумының ашылуымен құттықтаймын. Ол бизнес пен ғылым арасындағы іскерлік алаңға айналды. Біз ЕАЭО мен ДСҰ-ға ендік, жаңа әлемдік нарықтарға қолжеткіздік және өзіміздің нарықтарымызды да ашудамыз.  Қазақстанның машина жасау кешені ел экономикасының индустриалды-инновациялық түрленуінің локомотиві болуы керек», - деп Б.Сағынтаев ҚР Президенті атынан форум қатысушыларына үндеу жолдады.

Елбасының құттықтау сөзінде айтылғандай, саланың жұмыс істейтін кәсіпорындар саны соңғы бес жылда 1,5 есе өсті. Олардың ішінде жаңа дайын өнімді өндіруге мүмкіндік берген кәсіпорындар бар, мәселен, жерді бұрғылау кешендері, электровоздар, локомотивтер, жүк және жолаушлар вагоны, бульдозерлер және т.б. өндіріс түрлері.

Сонымен қатар, Н.Назарбаев өз сөзінде Индустрияландыру картасының алғашқы кезеңінде жалпы сомасы 212 млрд теңгеге 74 жаңа жоба іске қосылып, 9 мыңға жуық жұмыс орны ашылғанын атап өткен. «Салаға инвестиция тарту және машина жасау саласындағы әлемдік брендтермен серіктестікті кеңейту бойынша жүйелі  жұмыстарды жалғастыру керек. Аталмыш форум бұл міндетті жүзеге асыруда септігін тигізеді деген сенімдемін. Сіздерге табысты жұмыс пен одан ары дамуды тілеймін», - делінген мәтінде.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада ЕАЭО мен ДСҰ жағдайында Қазақстанның машина құрылысы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талқылау мен ұсыныстар жасақтауға арналған Қазақстан машина жасаушыларының III форумы өтуде.

Форум барысында ЕАЭО мен ДСҰ жағдайында Қазақстанның машинақұрылысы өнімдерінің бәсекеге қабәлеттілігін арттыру проблемалары мен даму барысы талқыланатын болады.

Форумның мақсаты ЕАЭО мен ДСҰ жағдайында Қазақстанның машинақұрылысы саласын дамыту бойынша ұсыныстар жасақтау, инвестиция тарту, технологиялық тұрғыда дамыту, ҚР машинақұрылысы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Машина құрылысы саласының басымдық берілген 6 бағыты бойынша салалық секциялық отырыстар өтуде. Олар: мұнайөңдеу және мұнайөндіру өндірісі үшін машина мен құрал-жабдықтарды өндіру, электр машиналары мен электрқұралдарының өндірісі, автокөлік құралдарының өндірісі, теміржол техникасының өндірісі, автокөлік өндірісі, машина мен тау-кен өндіру өндірісі үшін құралдар өндірісі мен ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі.

2 қазанда «Қазақстан Темір Жолы»ҰК»АҚ пленарлы отырысы өтеді.

Айта өтейік, Форумды өткізу бойынша серіктестер ҚР Үкіметі мен «Атамекен» ҚР ҰКП.

Форум қорытындысы бойынша негізгі қорытынды жасалып, машинақұрылысы саласының болашағы туралы есеп берілетін болады. Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің қарауына жіберілу үшін аталмыш салада жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың, шетелдік серіктестердің ұсыныстары қаралады.

Ақпарат көзі

 
0
0
451