Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы халықаралық «Тур Алматы-2015» велобәйгесін тікелей эфирде көрсетеді

4 қазанда Алматыда халықаралық «Тур Алматы-2015» велобәйгесі өтеді.

Жарысқа Еуропа мен Азиядан (барлығы 17 мемлекет) 20 команда қатысады. Олардың арасында еліміздің «Astana Pro Team» мен ресейлік «Katusha»  сияқты кәсіби, «Rusvelo» сияқты құрлықтық 14 велокомандалары бар. Сонымен қатар, Қазақстан, Өзбекстан мен Моңғолияның Ұлттық құрамалары бақ сынайды.

«Тур Алматы-2015» сайысының барлық қатысушылары 31 шақырымдық шеңберді 6 рет айналады. Осылайша Алматының жолдарында өтетін критериум жарысының жалпы ұзындығы 186 шақырым болмақ.

Ал, көрермендер мен жанкүйерлер велобәйгені «Қазақстан» мен «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Көрсетілім 4 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 12:55-те жарысты «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
275

Осы тақырып бойынша